Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2386 0 пікір 10 Мамыр, 2012 сағат 09:04

Нұрсұлтан Назарбаев ШҚО-ғы өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысты

Еліміздің інжу-маржаны саналатын шырайлы Шығысқа өткен аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ресми сапармен келгені белгілі. Сапарының басты мақсаты - өңірдің индустриялдық даму бағытымен танысу болғандықтан, Елбасы өңірдегі бірқатар өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ ең алдымен ат басын тіреген нысаны - «Өскемен арматура зауыты». Бұл зауыт еліміздегі кең спектрлі мұнай-газ өнімдерін шығаратын бірден-бір кәсіпорын болып табылады. Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасына енген зауытта 2009 жылдан бастап «Өндіріс қуатын қайта жаңғырту» жобасы іске асырылуда. Оның жүзеге асуы өнім қуатын, өндірілген өнім санын арттыра отырып, жылына 6500 млн. теңгені құрайтын сауда өнімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Бүгінде Италия мен Чехиядан өнімнің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін 9 техникалық қондырғы сатып алыныпты. Елбасы Үкімет мүшелерімен және облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВПЕН бірге зауыттың цехында болып, өндіріс қуатымен танысып, жұмысшылармен тілдесті.

Еліміздің інжу-маржаны саналатын шырайлы Шығысқа өткен аптада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ресми сапармен келгені белгілі. Сапарының басты мақсаты - өңірдің индустриялдық даму бағытымен танысу болғандықтан, Елбасы өңірдегі бірқатар өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Altaynews.kz меншікті тілшісі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ ең алдымен ат басын тіреген нысаны - «Өскемен арматура зауыты». Бұл зауыт еліміздегі кең спектрлі мұнай-газ өнімдерін шығаратын бірден-бір кәсіпорын болып табылады. Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасына енген зауытта 2009 жылдан бастап «Өндіріс қуатын қайта жаңғырту» жобасы іске асырылуда. Оның жүзеге асуы өнім қуатын, өндірілген өнім санын арттыра отырып, жылына 6500 млн. теңгені құрайтын сауда өнімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Бүгінде Италия мен Чехиядан өнімнің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін 9 техникалық қондырғы сатып алыныпты. Елбасы Үкімет мүшелерімен және облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВПЕН бірге зауыттың цехында болып, өндіріс қуатымен танысып, жұмысшылармен тілдесті.

Зауытта токарь болып жұмыс істейтін С.Давыденко Елбасыға «Зауытқа қош келдіңіз!» дей келе, кәсіпорынның инду-стриялық жобаларды батыл жүзеге асырып жатқанын айтты. Сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасымен шетелдерде оқып, білім алып келген жастар-дың бүгінгі күні өндірістің өркендеуіне үлкен үлес қосып жүргенін жеткізді.

Сондай жастардың бірі - Ілияс Мұрзатаев. Елбасымен кездесу сәтінде Ілияс та тебірене сөз алды. Мәскеуде білім алып, бүгінде туған қаласында еңбек етіп жүрген Ілиястың Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА деген алғысы шексіз. Қазіргі уақытта зауытта инженер-технолог болып жұмыс істейтін Ілиястың жарқын болашаққа деген сенімі мол. Оның мұндағы жалақысы да жақсы. Кәсіпорын басшылары әлеуметтік мәселелерге де көңіл бөліп тұрады. Бір қызығы, Ілиястың әкесі де кезінде осы зауытта еңбек еткен көрінеді.

- Өздеріңіз білесіздер, қазір әлем елдері дағдарыс жағдайын басынан кешіп отыр. Еуропа сынды алпауыт елдердің өзі дағдарысқа қарсы не істерлерін білмей, бастары қатуда. Біздің еліміз осынау қиындыққа қарсы алдын ала әзірленді. Бүгінгі күні кәсіпорындар бірқалыпты ырғақпен жұмыс жасауда, жалақы қолдарыңызға уақтылы тиеді. Жаңа технологияны өндіріске батыл енгізіп жатқандарыңызға көз жеткіздім. Сіздерге мықты денсаулық, табыс тілеймін! - деді Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. Осыдан кейін Елбасы зауыт жұмысшыларымен естелікке суретке түсті.

Арматура зауытының цехтарының біріне соңғы жылдары Елбасының тапсырмасымен өңірімізде қолға алынған бағдарламалардың жүзеге асуын баяндайтын арнайы көрме де қойылған екен. Мемлекет басшысы көрмені аралап шықты. Өңірімізде Индустрияландыру картасы бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатыр? Оны осынау көрмеден айқын көруге болады. Облысымызда Индустрияландыру картасына құны 612 млрд. теңге болатын 39 инвестициялық жоба енгізілсе, 2010-2011 жылдары 154 млрд. теңгені құрайтын 21 жоба іске асырылған екен. Ал үстіміздегі жылы жалпы құны 36,3 млрд. теңге болатын 7 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде «Өскемен құс фабрикасы» АҚ секілді ірі жобалар бар.

Сонымен қатар, көрмеде елімізде биыл қолға алынған 2012 - 2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасының өңіріміздегі жай-күйін көрсететін де арнайы бұрыш ұйымдастырылыпты. Моноқалалар тізіміне облыстан Риддер, Курчатов, Зырян, Серебрянка сынды төрт шағын қала еніп отыр. Алдағы уақытта бұл қалалардың бойына қан жүгіріп, ерекше ажарланбақ. Осы жоба аясында өнеркәсіп саласы бойынша 48 жоба, шағын және орта бизнесті дамыту саласында - 45, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша 184 жобаны жүзеге асыру көзделіп отырған көрінеді. Ал «Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 13 көппәтерлі несиелік тұрғын үйдің, 20 көппәтерлі жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы аяқталмақ.

Аймағымызда «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы да жемісті жүзеге асуда. Әсіресе, ауылды жерде тұратын кәсіппен айналысқысы келетін көптеген азаматтар осынау ізгі бағдарламаның игілігін көріп отыр деуге болады. Осынау бағдарлама қолға алынған екі жылдың ішінде 183 жаңа несие серіктестіктері құрылып, 800-ден астам адам өз ісін дөңгелету үшін несие алыпты. Мысалы, өткен жылы 1 миллиард 209 миллион теңгенің, ал үстіміздегі жылы 1 миллиард 915 миллионның несиесі беріліпті. Өз кезегінде облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ осынау бағдарламаның ауыл тұрғындарына қанат бітіргенін, ертеңгі күніне сенімін оятқанын тілге тиек етті.

Сондай жандардың бірі - Күршім ауданында тұратын Болатбек Айтқожин. Ол 3 миллион теңге несие алып, киізден жасалған аяқкиім шығару ісін қолға алыпты. Қарамағында төрт адам жұмыс істейді.

- Пималарыма сұраныс бар. Тіпті, талап әкетеді. Алдағы уақытта өндірісімді кеңейтсем, - дейді Болатбек. Сонымен қатар көрмеге жармалық жиһаз жасаушы кәсіпкер Берікхан Нұрпейісовтің, ұландық Жанымхан Кенжебазардың тігін бұйымдары, күршімдік Ләззат Кәкімованың бал өңдеу цехының өнімдері де қойылыпты.

«Жұмыспен қамту - 2020» мемле-кеттік бағдарламасы аясында өзінің арманын іс жүзіне асырған тағы бір кә-сіпкердің бірі - Владимир Степаненко. Ол Шемонайхада көкөніс және жеміс-жидек өнімдерін консервілейтін цех ашыпты. Сөйтіп, кешегі жұмыссыз азамат мемлекеттің тамаша бағдарламасының арқасында аймағына танымал кәсіпкерге айналып шыға келген. Мемлекеттік бағдарламаның шапағатын көрген кәсіпкердің ісіне қызығушылық танытқан Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ пен облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ одан жобаның іске асырылу барысын сұрады.

- Мен «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының екінші бағыты бо-йынша үш миллион теңге несие алып, шаруаға қажетті жабдықтар сатып алдым. Сонымен қатар ол қаржыға цех ғимаратын да жөндеуден өткіздім. Біздің шығаратын өнімдеріміз аудан халқының сұранысына ие. Әсіресе, тұздалған қызанақ пен қиярға сұраныс өте жоғары. Екі литрлік банкідегі консервіленген өнімдеріміздің бағасы да арзан. Небәрі - 220 теңге. Бір литрлік, тіпті, 80 теңге ғана тұрады. Ал тосаптардың бағасы 90-нан 200 теңге аралығында. Өз өңірімізде әзірге бізге тең келер бәсекелес жоқ, - деген Владимир Степаненко осындай қолдау-көмегі үшін мемлекетке зор ризашылығын білдірді.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401