Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2793 7 пікір 6 Қазан, 2021 сағат 16:58

АҚШ Ресейдің 300 дипломатын елден шығармақ

АҚШ сенаторлары егер Ресей Мәскеудегі АҚШ дипломаттарының санын арттыруға келіспесе, онда АҚШ-тағы 300 ресейлік дипломатты елден шығаруға шақырды. 

Демократиялық және Республикалық партиялардың АҚШ сенаторлары Байденге хат жазып, онда Мәскеудегі елшілік қызметкерлерінің санын көбейту үшін "шұғыл шаралар қабылдауды" сұраған. Сенаттың сыртқы байланыстар және барлау комитеттерінің жетекшілері - демократтар Боб Менендес пен Марк Уорнер мен республикашылар Джим Риш пен Марко Рубионың ұсынысы елшіліктердің қызметкерлеріне қатысты шиеленісті арттыра түсті.

"Дипломатиялық миссиядағы бұл теңгерімсіздікке жол берілмейді. Тиісінше, Ресейде жұмыс істейтін американдық дипломаттар мен АҚШ-тағы жұмыс істейтін ресейлік дипломаттардың арасындағы теңдікке жету үшін жеткілікті мөлшерде виза беруі керек", - деп жазды сенаторлар Байденге жазған хатында.

Олардың пікірінше, егер Мәскеу мұны жасамаса, онда Байден 300-ге дейін ресейлік дипломатты шығаруды бастау керек. Сенаторлардың бағалауы бойынша, қазіргі уақытта АҚШ-та 400-ден астам ресейлік дипломат бар, ал Ресейде тек 100-ге жуық американдық дипломат қызмет етеді.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570