Сәрсенбі, 20 Қазан 2021
46 - сөз 2035 1 пікір 8 Қазан, 2021 сағат 15:48

Жер тұрғындарының ахуалы

Әлеуметтік желілерден көзге түскен деректерде Қазақстан халқының биыл 19 миллионға жеткені айтылып жүр. Бұл жер планетасы тұрғындарының 0,02 пайызынан сәл астам деген сөз. Ал Жер бетіндегі халық саны болса 7,8 миллиардқа жеткен. Әрине бұл сырттай қарағанда өте үлкен цифр болып көрінеді.

Егер сол 7,8 млрд адамды 100 пайыз деп алатын болсақ, көп нәрсеге көзіміз ашылады.
Қараңыз, жаңағы жүз пайыздың
11 пайызы – Еуропада,
5 пайызы – Солтүстік Америкада,
9 пайызы – Оңтүстік Америкада,
15 пайызы – Африкада,
60 пайызы – Азияда тұрады екен.
49 пайызы – ауылда,
51 пайызы – қалада тұрады.

Әлгі жүз пайыздың
12 пайызы – қытайша сөйлейді.
5 пайызы - ағылшынша,
5 пайызы – испанша,
3 пайызы – арабша,
3 пайызы – хинди тілінде сөйлейді.
3 пайызы – бенгал,
3 пайызы – португал,
2 пайызы – жапон,
2 пайызы – орыс тілдерін қолданады.
0,015 пайызы – қазақша сөйлейді.
62 пайызы - өз тілдерінде сөйлейді.
Жер шарының сол 100 пайыз тұрғындарының 77 пайызы өз үйінде тұрады. 23 пайызының баспанасы жоқ.
21 пайыз адамдар тамақты тойып жеп кекірігі азып жүр.
63 пайыз адамдар қалаған кезінде қалағанынша жүрек жалғай алады.
15 пайыз адамдар – аштықтың азабын тартады.
Жалпы тұрғындардың 48 пайызында тәуліктік өмір сүру құны 2 доллардан төмен.
87 пайыз адамдар таза ауызсуды қолданады.
13 пайызы –таза ауызсуға зәру, ластанған су көздерін пайдаланады.
Жер бетіндегі адамдардың 75 пайызының мобильдік телефоны бар.
25 пайызында телефон мүлде жоқ.
Тұрғындардың 30 пайызы үшін интернет қолжетімді. 70 пайызы интернетке шыға алмайды.

7 пайызы жоғары білім алған.
93 пайызы тіпті колледжде де оқымаған.
83 пайызы хат таниды.
17 пайызы сауатсыз.
33 пайызы – христиандар,
22 пайызы мұсылман.
14 пайызы – индус.
7 пайызы – буддистер.
12 пайызы басқа діндегілер (нанымдағылар).
12 пайызы түрлі діни сенімдермен басын қатырмайды.
26 пайызының жасы 14-ке де жетпейді.
66 пайызы – 14 пен 66 жас аралығында дүниеден өтеді.
8 пайызының ғана жасы 65-тен асады.
Егер Сіздің үйіңіз бар, күніне қалағаныңызша тамақ жеп, таза су ішетін болсаңыз, қолыңызда мобильдік телефоныңыз болса, кез келген сәтте ғаламторға қосыла алатын болсаңыз, тым құрығанда колледж бітірудің сәті түскен болса онда Сіз Жер тұрғындарының 7 пайыздық айырықша тобының қатарындасыз.

Егер Сіздің жасыңыз 65-тен асқан болса тағдырыңызға рахмет айтыңыз. Өйткені адамдардың 92 пайызы бұған да жете алған жоқ. Енді Сіз тек өз денсаулығыңыз үшін қам жеңіз. Өмірдің әр сәтін игілігіңізге пайдаланыңыз!

Марат Байділдәұлы

Abai.kz

 

1 пікір