Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3820 0 пікір 29 Маусым, 2012 сағат 12:54

Бейтаныс бесеу. “Шорти” киген шекарашы. Қыршын кеткен ғұмыр

Шекара қызметiнде төтенше жағдайлар толастамай тұр. Дүниенi дүр сiлкiнткен "Арқанкергендегi" қырғыннан кейiн, Шығыс Қазақстан облысындағы "Терiсайырық" бекетiнде 11 сарбаз әлiмжеттiктiң салдарынан шекараны ашық-шашық тастап кеттi. Ендi мiне, қазақ-өзбек шекарасынан да тағы бiр шу шықты.

Жалпы, қазақ-өзбек шекарасында бұзақылыққа, жанжалға, кiсi өлiмiне жеткiзген оқиғалар жиi болып тұрады. Есiмiзде қалғаны: шекараның арғы бетiндегi ауылдардың бiрiнен қалыңдығын алып келе жатқан жас жiгiттi өзбек жауынгерi атып өлтiрдi; есiрген қазақ шекарашысы автоматпен оқ атып, ол арғы беттегi өзбек келiншегiнiң басына тиiп, мерт еттi; Мақтаарал ауданында қазақ-өзбек шекарашылары арасында дүрдараздық туып, қаңғыған оқ жас қыздың аяғына тидi. Арғы беттен су алып келуге өткен азаматты өзбек жауынгерi басына автоматпен ұрып, зардап шектiрдi; өзағамдар арғы бетке шомылуға барған бiр топ оқушыларды қамап қойды; тағы бiр жеткiншектi ұрлап әкеттi... Бұл жолғы төтенше жайтқа арғы беттегi ала тақиялы ағайындардың қатысы жоқ. Шекара қызметiнiң офицерi Сарыағаш ауданы Көктерек ауылының iшiнде, тапа-тал түсте, бейбiт тұрғындардың арасында тұрып, автоматпен оқ жаудырған. Соның салдарынан кәме­лет­тiк жасқа ендi толған жiгiт қыршын кеттi. Жергiлiктi тұрғындар айтқандай "ендi, өз шекарашыларымыз өзiмiздi атып өлтiретiн заман­ға жеттiк".

Ресми органдар таратқан мәлiметтерге қарағанда, 24 маусым күнi күндiзгi сағат бестер шамасында Көктерек ауылында бел­гiсiз бес азамат шекара офице­рiне қарсы шабуыл жасаған. "Ынтымақ" шекара бекетi бастығының мiндетiн атқарушы, лейтенант Руслан Тоймаханбетовтiң өмiрiне қауiп төнiп тұрған соң, аталған шекара бекетiнiң кезекшiсi, ефрейтор К.Қасенов қару сақтау қоймасын бұзып, сол жердегi бастығының атына бекiтiлген автоматты алып, оны иесiне жеткiзген. Ефрейтор бұл әрекеттi бастығының бұйрығымен iстедi ме, әлде өз бетiнше ме, ол жағы әзiрге беймәлiм. Осыдан кейiн лейтенант қарсыластарының екпiнiн қайтару үшiн аспанға 8 мәрте, бұзақылар мiнiп келген көлiктiң доңғалағына қарата 2 мәрте оқ жаудырған. Бұзақылар оқиға орнына көлiктерiн тастап, жапа-тармағай қашып кеткен. Ал атылған оқтың бiрi сол жерде жүрген 18 жастағы Нұржан Қайықбаевқа тиген. Ол Сарыағаш аудандық ауруханасының жансақтау бөлiмшесiнде жатып қайтыс бол­ған. Кейiнiрек бұзақылар тастап кеткен көлiктен шолақ мылтық табылыпты.

Шекара қызметiнiң лауазымды офицерлерi оқиға кезiнде лейтенанттың қызметте жүргенiн және бұзақылардың оған қарсы тапанша қолданғанын айтқан едi. Ал ауыл тұрғындарының, марқұмның туыстарының айтуынша, оқиға әскери қызметкерге қарсы жасалынған шабуылдан гөрi қылмыстық топтар арасындағы "разборкаға" көбiрек ұқсайды.

Күндiзгi сағат бестердiң кезiнде болған оқиға. У-шу шығып, артынша мылтық даусы естiлдi. Дүниенiң астан-кестеңi шығып, бала-шаға шулап кеттi. Көшедегi төбелестен кейiн сонандай жерде­гi "будканың" қасында тұрған жiгiтке оқ тиiптi дедi. Бейшара бала осындағы әпкесiне келген екен. Бұл заман не болып кеттi? Бұрын шекара ашық кезде мұндай сұмдық жайттарды көрген де, естiген де емес едiк. Шекара қалай жабылды, осындай оқиғалар көбейiп кеттi, - дейдi ауыл тұрғыны Бибiғайша Есенбекова.

Марқұм Нұржан Қайық­баевтың ағасы Ғалымжан оқиға кезiнде iнiсiнiң қасында болған екен.

- Түс ауа егiс алқабынан iнiм екеуiмiз көлiкпен Көктерекке келдiк. Осындағы әп­кем­нiң "будкасының" алдына келiп тоқтадым. Сол кезде әпкем шығып, ана жерде төбелес болып жатқанын айтты. Мен көлiктен басымды шығар­ғанымда көргенiм: бұтында шортиi, үстiңгi жағы жалаңаш бiреу автоматпен оқ жаудырды. Екi-ара 150-200 метрдей болатын. Бас-аяғы 2-3 секунд­та болға оқиға. Қарасам, iнiм жерде ұзынынан сұлап жатыр. Оқ басына тиiптi. Нұржанды дереу көлiкпен орталықтағы медпунктке алып бардым. Бiрақ ондағы екi медбике iнiмнiң қасына жолаудан да қорықты. "Сарыағашқа алып барыңдар" дей бередi. Науқас­қа жәрдем көрсете алмаса, онда олар мұнда не iстеп жүр? - дейдi кеудесiн ыза кернеп, жанары жасқа шыланған Ғалымжан.

- Осындай азаматтарға қару берiп, шекараны қорғатып отырған кiм? Олар шекараны қорғай алмайды... Шекарадан әр адамды 3-5 соммен ары-берi өткiзiп жүрген азаматтар ғой. Пұл бөлiсе алмай, таласып, содан шыққан төбелес, - дейдi марқұмның әпкесi Шәрипа Сапарова.

Ауыл ақсалы Тiлепбай Орын­баев та мұны растап отыр.

- Бiрiншi рет болып отырған жағдай емес. Шекарадағы осындай жанжалдың бәрi ақшаға келiп тiреледi. Жер­гiлiктi тұрғындардың шекара бойындағы контрабандаға да, алыпсатарлыққа да қатысы жоқ. Бiз өз күнiмiздi диқаншылықпен көрiп отырған халықпыз. Бәрiн ауылға сырттан қаңғып келгендер iстейдi. Мақсаттары - тек ақша табу. Бәрiне кiнәлi - пайданың құлы болғандар. Шекарадан келiм­сектердi өткiзедi. Жуырда iнiмдi ұрып кеттi. Ары-берi шап­қылап iздегенiмiзбен, нәтиже шықпады. Ақыры түбi өзiмiздi кiнәлi еттi, - дейдi ақсақсал.

Сарыағаштағы 20/20 шекара әкери бөлiмiнiң шендiлерi берген ақпаратқа қарағанда, оқиға кезiнде бұзақылар қызмет бабында жүрген лейтенант­ты заңсыз әрекетке көндiруге тырысқан көрiнедi.

- Офицердiң қызмет бабында "шортимен" жүргенi қалай? - деген сауалға олар тұщымды жауап қайырған жоқ. "Бәрiн тергеу амалдары анықтайды" деп қысқа қайырды. Бұзақылар лейтенантты нендей заңсыз әрекет жасауға итермеледi екен. Контрабандаға ма, есiрткi тасымалына ма? Аталған заңсыз әрекет­тердiң қай-қайсысы да шекара аумағында қазiр өршiп тұр емес пе және оның бел ортасынан әскерилердiң ұсталып жат­қаны да жасырын емес қой.

Бұзақылар ұзамай қолға түстi. Облыстық iшкi iстер департаментiнiң хабарлауынша, туған-туыстарымен әңгi­ме­лесуден кейiн олардың үшеуi полицияға өз аяғымен келген. Үшеуi де Сарыағаш ауданындағы Келес өңiрiнде тұратын, 1984, 1987 және 1994 жылы туған жас жiгiттер. Олардың екеуi қамауға алынып, кәмелетке толмаған бiреуi қолхатпен босатылған. Қазiр осы оқиға бойынша "өкiмет өкiлiне қарсы күш қолдану" дерегiмен қылмыстық iс қозғалып, тергеу амалдары жүрiп жатыр. Алайда ұсталғандардың туыстарының айтар уәждерi бар. Жергiлiктi телеарналардың бiрiнен сөйлеген Қайрат Стамбеков деген азаматтың айтуынша, оқиға кезiнде офицер өзiн өте дөрекi ұстаған, айқайлап, боқтаған. Оқиғаның шиелi­нiсiп кетуiне осы жайт себеп болыпты. «Әрине, мен туысқанымды ақтап отырғаным жоқ. Бiрақ бәрi де әдiлеттi, заңды түрде шешiлуi тиiс», - дейдi ол. Тiптi лейтенант оқиға кезiнде кейбiреулерге жоғарыда мықты туыстары бар екенiн, өзiне ешкiмнiң ештеңе iстей алмайтынын айтып, кеудемсоқтық жасағаны туралы әңгiменiң қаншалықты рас екенi белгiсiз. 1988 жылы туған лейтенант қазiр Шымкенттегi жедел-жәрдем ауруханасында жатыр. Дәрi­герлердiң айтуынша, алған жарақаты орта дәрежеде, миы шайқалған, соққылардан бүйрегi зардап шеккен. Бас әскери прокуратура қазiр оның үстiнен қылмыстық iс қозғап, оқиға кезiнде қаруды талапқа сай қолданған-қолданбағанын анықтап жатыр. Әрине, оқи­ғаға жазықтылар жазасын алар. Бiрақ одан қыршын кеткен ғұмыр қайта жалғана ма, шектен шығып кеткен шекарашылар сабасына түсе ме? Бар гәп осында ғой.

Ғалымжан ЕЛШIБАЙ,

Оңтүстiк Қазақстан облысы

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351