Дүйсенбі, 8 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 124 0 пікір 8 Желтоқсан, 2025 сағат 15:59

Аты жоқ және қайталанатын көшелердің атауы өзгереді

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

Көше атауларына арнайы тізімге енген дәстүрлі атаулар, жер-су атаулары, тарихи тұлғалардың ғана аттары беріледі. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінен мәлім етті.

— Бұл салада жүйелі жұмыс істеліп жатыр. Кезінде жергілікті жерлерді жүйесіз атаулар көбейіп кетті. Тұрғындар атаулардың мәні мен мазмұнын түсінбей жатты. «Неге көше атауа басқа адамға берілмеді» деген дау көбейді. Мемлекет басшысы бұл жұмысты жүйелендіріп, Республикалық ономастикалық комиссия жұмысының аясында жүзеге асыруды тапсырды. Сондықтан тарихи тұлғалардың тізімі айқындалды. Сол тізімге кірген адамдардың ғана есімін беру талабы бар. Бұл тізімде болмаса, аты берілмейді, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Осы тізімді әкімдіктер 2 жылда бір рет жаңартып тұрады.

— Мұнымен қоса, ғалымдармен бірлесе тарихи атаулардың да тізімі жасалды. Қазір арнайы жол картасы бар. Оның аясында бірінші кезеңде атауы жоқ және қайталанатын көшелердің атауларын өзгерту ескерілген. Бұл іс-шаралар кезең-кезеңмен жүзеге асып жатыр, - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

2023 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында ономастика мәселесінде аймақтардың ерекшелігі мен жалпыұлттық басымдықтар ескерілуі керек екенін айтты.

Abai.kz

0 пікір