Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3341 2 пікір 15 Қазан, 2021 сағат 14:31

Ұлттық жобалардың маңызы қандай?

Ұлттық жобалар тізбесі

1. «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы.
2. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы.
3. «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы.
4. «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы.
5. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
6. «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы.
7. «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасы.
8. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы.
9. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
10. «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Жобалар тізімін қарай отырып, бір ой келді.

“Дені сау ұлт” дегеніміз қарны тоқ ұлт. Ал адамдардың қарны жақсы жалақы мен тұрақты жұмыс болғанда ғана болатын құбылыс. Әлбетте сапалы медицина құрылғылары мен заманауи дәрі-дәрмектерді жоққа шығармаймын.

“Білімді ұлт” дегеніміз барлығы жаппай жоғары оқу орнына түсіп, 4-5 жылдан кейін дипломы сандық түбінде шаң басып жату емес. Білімді деген әр саланы қамту. Шаштараз бен наубайшыдан бастап, ғарышты игеру маманына дейін дайындау. Ал ол үшін тұрақтылық пен жақсы материалдық база керек.

“Ұлттық Рухани Жаңғыру” дегенімізді өз басым патритизммен тығыз байланыстырамын. Адамда Отанға деген, Мемлекетіне деген сезім қашан пайда болады? Мемлекеттің бағып-баптағанын көргенде пайда болады. “Мен мемлекетке керекпін” деген сезім жүректе пайда болғанда, адам рухани жаңғырады.

“Цифрландыру, Ғылым, Инновация” дегеніміз дүниежүзілік бәсекелестікке төтеп беру деп түсіндім. Егер Қазақстан 4G интернетами отырғанда, көршілеріміз 6G құрылғыларымен дамып жатса, артта қалғанның көкесі сонда болады. Яғни, президентіміздің уайымы - Қазақ ғылымы технологиялық прогресспен бірге өссе деген тілек.

“Кәсіпкерлікті дамыту” дегенімізде, өз басым керегі жоқ тексерулерді азайту керек деп ойлаймын. Кіші және Орта бизнесті салық комитетінен бастап, өрт сөндіру, полиция, санитар-гигиеналық ұйымдар зар қақасататыны бәріне белгілі. Сол жағын азайтса, ашық бәсекені жасаса, бизнес өзінен-өзі дамиды.

“Қуатты өңірлер” дегеніміз донор емес өңірлер. Яғни Батысымыз бен Шығысымыз. Қалған өңір бізде бюджетке қарап отыр. Аймақтардың экономикалық жағдайын теңестіру - қиын жоба, бірақ “көз қорқақ қол батыр” дегендей, көрсеткіштері төмен аймақтарға адам ресурсын көбейтсе, нәтиде боларына сенемін.

“Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру” дегеніміз 3 нәрсеге тіреліп тұрған зат. Ол үшін кереметтей ақылды болып, Оксфорд/Кэмбридж бітірудің қажеті жоқ. Баспана, Жұмыс, Жоғары жалақы. Болды. Осы 3 нәрсені әр облыс әкімі жасаса, біз Рухани Жаңғырамыз, дамимыз, билейміз, күлеміз, махаббат сезіміне батамыз!

”Жасыл Қазақстан” деген жобаның дамуы үшін, ағаштарды шапқан адамдарды 15 жылға соттау керек. Онсыз да ағашы жоқ елде тұрамыз. Жеріміздің 70% адам өмірі үшін қолайсыз жерлер. Суы жоқ, суы болса жолы жоқ, жолы болса мектебі жоқ жерлерде халық тұрып жатыр. “Жасыл Қазақстан” мыңдаған адамға жұмыс беретін, мыңдаған гектар жерді гүлдендіретін жоба. Ақтау мен Қызылорда арасында адам бойынан асатын ағаш жоқ. Балқаштың жағасында отырып шаң жұтып отырған халық қаншама. Айта берсеі сөз көп.

”Агроөнеркәсіп” дегеніміз Қазақстан Республикасының екінші жүрегі. Бірінші жүрегі мұнай болса, екінші жүрегі ауылшаруашылығы. Киім кимесек те, Бэнтли мінбесек те, дастарханымызда астық болатын мүмкіндігіміз бар. Мынандай далада мал өсірмесек, бидай екпесек, көршілеріміз үшін астық тасымалдаушысы болмасақ - тарих алдында ұят. Қазақстанның Аргентина мен Бразилиядан ет алуын қорлық деп санаймын.

“Қауіпсіз Ел” - қатаң заң мен видеобақылаудың көбеюіне байланысты. Адам ұрлау, зорлау, педофилдер, маскүнем қылмыскерлер, ұрылар сияқты қылмыскерлерге жазаны қатаңдату керек. Сонымен қатар әр үйдің, әр ауланың, көшенің әр бұрышында видеобақылау болу тиіс. Бірде-бір көрінбейтін шаршы сантиметр болмау тиіс.

Өз басым Қасым-Жомарт Тоқаевтың жобаларын осылай түсіндім. Дұрыс ой, ақылға жеңгізген жобалар. Іске асса елге пайдалы. Игілігін қоғам көреді. Президентімізге осы идеяларды іске асыруға күш-жігер тілеймін!

Cамат Нұртаза

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618