Жексенбі, 24 Қараша 2024
2095 1 пікір 19 Қазан, 2021 сағат 12:46

Қырғызстанда 670 мектеп жетіспейді

Қырғызстанының Білім және ғылым министрлігі елде шамамен 670 мектеп жетіспейді деп мәлімдеді. Министрліктің мәліметінше республикада 2296 оқу орны бар, оның ішінде 152 жекеменшік (онда 38 мың оқушы оқиды немесе елдегі барлық мектеп оқушыларының шамамен 3 пайызы).

Сонымен бірге 245 мемлекеттік мектеп апатты жағдайда. Оларды жөндеуге келмейді, тек бұзуды және жаңа құрылысты қажет етеді. Апатты мектептерде білім алу оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Тағы 457 мектептің төбесі, іргетасы, қабырғасы, су құбыры мен кәріз жүйесіне күрделі жөндеу қажет.

Көптеген білім беру мекемелері лық толы. Бүгінде 151 мектеп үш ауысымда жұмыс жасайды. Бішкектегі тоқсан білім беру мекемесі 75 мың оқушыға есептелген, бірақ оларда 170 мың бала оқиды.

Мектептердің төрттен бірі таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген, 74 пайызында ішкі дәретхана жоқ, 68 пайызы ыстық суға қосылмаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5652