Жексенбі, 24 Қараша 2024
3267 9 пікір 21 Қазан, 2021 сағат 16:17

Министр мен әкімдіктің айтысы: кімдікі дұрыс?

Семейде педагогтерді көше сыпыруға жіберген лауазымды тұлғалар ақыры әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі енді әкімнің орынбасарын жауапқа тартуды сұрап отыр. 

«Әңгіме Семей қаласы әкімінің орынбасары Д.А. Гариков туралы болып отыр. Сонымен бірге әкім орынбасарына қатысты тәртіптік шаралар қолдану туралы хат жолданды. Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Н.А. Фесенкоға қатысты сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Сондай-ақ ол әкімшілік жазаға тартылды», – деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Мәлімдемеде сонымен бірге №9 мектеп директоры Н.В. Тегай және №43 мектеп директорының міндетін атқарушы А.В. Искрина әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны айтылған.

Тексеріс барысында сенбілікке №43 мектебінің педагогтерінен басқа №9 мектебінің де мұғалімдері жіберілгені анықталған.

Естеріңізге сала отырайық, 16 қазан күні Білім министрі Асхат Аймағамбетов мектептегі сабақтарды тоқтатып, көше сыпыруға жіберілген мұғалімдер туралы жазды.

«Семей қаласындағы оқиғаға байланысты білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету басқармасы әкімшілік іс бастады, тексеру жүргізілуде. Қала әкімінің орынбасарының қатысы расталса, бұл лауазымды тұлға және басқа адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деген еді министр.

Кейін министрге Семей қаласы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков жауап берді.

«Бұл жерде ешқандай артық мәселені көріп тұрған жоқпын. Бұл біздің қаламыз, біз өз қаламызды таза ұстағымыз келеді әрі осы ұстанымды ұстанатын кез келген жан бұдан әрі де сенбілікке қалмай қатысады деп ойлаймын», – деп түсіндірген Гариков.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618