Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 848 0 пікір 12 Қыркүйек, 2021 сағат 23:13

Биылғы Жолдау әлеуметтік және мәдени өмірді жақсартуға бағытталды

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдауы пандемиядан кейінгі ахуалды ескере отырып, экономиканы қалпына келтірумен қатар, әлеуметтік және мәдени өмірді жақсартуға бағытталды деп ойлаймын.

Жұмыс орындарын ашу мен сақтап қалу мақсатында «Қарапайым заттар экономикасы» мен «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімі 2022 жылға ұзартылды. Бюджеттің табыс көздерін ұлғайту, мемлекет шығындарын бақылау, оның тиімділігін қадағалауды тапсырды. Жыл сайын азық-түлік, киім-кешектің бағалары өсуде, былтыр коммуналдық қызметтердің тарифтері де көтерілді. Президент азық-түліктердің бағаларын бақылауда ұстап, тиісті шараларды қолға алуға тапсырмалар берді.

Кәсіподақтардың көптен көтеріп жүрген мәселесі – жұмысшылардың ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру болды. Әсіресе, бюджеттік мекемелер мен кәсіпорындарда еңбек ететін техникалық қызметкерлер, жүргізушілердің еңбекақысының көлемі өте аз. Мысалы, аурухананың көлік жүргізушісі үстеме және түнгі сағаттарын қоса алғанда айына 60-70 мың теңге алып жүрсе, келер жылдан бастап 85-90 мыңға дейін көтерілетін болады. Жалақыны көтергені – маңдай тердің өтелгені.

Сонымен қатар, Жолдауда еңбекақы мәселесіне көңіл бөлініп отыр. Атап өткендей, ең төменгі жалақының мөлшері, жұмысшылардың жалақысын көбейтуге ынталандыратын ұтымды шараларды әзірлеу, мәдениет, мұрағат, кітапхана қызметшілеріне, қорықшылар, көлік жүргізушілерге 2022-2025 жылдары еңбекақыны жыл сайын 20 пайызға арттыру, жұмыс берушілер үшін еңбекақы төлеу қорынан есептелетін салықтарды 34 пайыздан 25 пайызға төмендету сияқты мәселелер шешілуде.

Әрбір жұмысшы өзінің еңбекақысы, салық ұсталуын, зейнетақы жарнасының аударылуына көп көңіл бөлу керек, еңбекақыны конвертпен алатын талай жұмысшылар зейнетақы жинағы болмағандықтан баспаналы болуға мүмкіндіктері болмай қалды. Сондықтан Мемлекет басшысы зейнетақы жинағының жеткілікті мөлшерінің шегінен асатын бөлігін тұрғын-үй сатып алу мақсатында «Отбасы банкіндегі» есепшотқа аударуға рұқсат беруді қажет деп санап отыр.

Келешекте бірнеше кәсіптер автоматтандыру мен цифрландыру процесі нәтижесінде қажет болмай қалады, заманның талабына сай мамандықтарды өзгертуге тура келеді, жаңа кәсіптерді игеру қажет етіледі. Осыған орай «Кәсіби біліктіліктер туралы» заң шығарып біліктілікті тану мәселесін реттеп, жұмысшыларды өзінің қарым-қабілетін жетілдіруге ынталандыратын болады. Менің ойымша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек адамын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ынталандырудың маңызды шараларына бастамашы болды есептеймін.

Жакупов Айдар Дауренович, кәсіпкер

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475