Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3341 0 пікір 6 Шілде, 2012 сағат 08:53

Мұхан Исахан. Берекеге толы Барағат кеші

Қасиетті үш айдағы Шағбан айының он бесінші түнін мұсылмандар әрбір жылы айрықша қасиетті кеш ретінде атап өтеді. Өйткені, мұсылмандық қайнар-көздерде бұл кештің ерекше рухани құндылықтармен көмкеріліп, берекеге толы болатындығы айтылған. Біз, бүгін осы Барағат кешінің Ислам мәдениетінен алар орны мен роліне аз-кем тоқталуды жөн көріп отырмыз.

Бұл кешті Ислам ғұламалары «қасиетті кеш», «кешірім кеші», «үкім кеші» деп атайды. Рухани шуағы мол бұл құтты кеште мұсылмандар ынты-шынтымен Ұлы Жаратушыға құлшылық етіп, рухани тазаруға қатты көңіл бөледі. Жаңсақ басқан әрбір әрекеті үшін Құдай-Тағаладан кешірім тілейді. Алдағы күндері үшін Алла-Тағалаға жалбарынып медет сұрайды. Себебі, салихалы дереккөздерде бұл қасиетті кештегі тілектерді Хақ-Тағаланың кейін қайтармайтындығы айтылған.

Ұлы Жаратушы Құран Кәрімның Дұхан сүресінің бірінші және төртінші аяттарында: «Ашық баян етуші Құранға серт. Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік. Расында біз ескертушіміз. Ол кеште барлық хикметті істер айырылады» деп бұйырады.

Қасиетті үш айдағы Шағбан айының он бесінші түнін мұсылмандар әрбір жылы айрықша қасиетті кеш ретінде атап өтеді. Өйткені, мұсылмандық қайнар-көздерде бұл кештің ерекше рухани құндылықтармен көмкеріліп, берекеге толы болатындығы айтылған. Біз, бүгін осы Барағат кешінің Ислам мәдениетінен алар орны мен роліне аз-кем тоқталуды жөн көріп отырмыз.

Бұл кешті Ислам ғұламалары «қасиетті кеш», «кешірім кеші», «үкім кеші» деп атайды. Рухани шуағы мол бұл құтты кеште мұсылмандар ынты-шынтымен Ұлы Жаратушыға құлшылық етіп, рухани тазаруға қатты көңіл бөледі. Жаңсақ басқан әрбір әрекеті үшін Құдай-Тағаладан кешірім тілейді. Алдағы күндері үшін Алла-Тағалаға жалбарынып медет сұрайды. Себебі, салихалы дереккөздерде бұл қасиетті кештегі тілектерді Хақ-Тағаланың кейін қайтармайтындығы айтылған.

Ұлы Жаратушы Құран Кәрімның Дұхан сүресінің бірінші және төртінші аяттарында: «Ашық баян етуші Құранға серт. Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік. Расында біз ескертушіміз. Ол кеште барлық хикметті істер айырылады» деп бұйырады.

Бұнда айтылған «құтты кешті» базбір ғалымдар; «Қадір түні» десе, базбіреулері «Барағат түні» деп жорамалдайды. Кейбір ғалымдар бұл екі көзқарасты сабақтастырып: «Бұл түннің құтты болуы Құран Кәрімнің түсуімен байланысты. Құран Кәрім Шағбан айының он бесінші жұлдызында (барағат кеші) көк жүзіне түскен. Ал, Қадір түнінде (Рамазан айының жиырма жетінші кеші) Ұлы Жаратушының бұйыруымен көк жүзінен Жебірейіл с.ғ.а арқылы Мұхаммед с.ғ.а-ға біртіндеп түсіріле бастаған» деген пікірді алға тартады. Ғұламалардың осы тұжырымының негізінде мұсылман жұртшылығы Барағат кешінің рухани салмағын қасиетті Қадыр кешінен бір мысқалда кем санамайды.

Ислам дерек көздерінде қасиетті бұл түнде мынандай бес құндылықтың бар екендігі айтылады:

Бірінші, Алдағы әрбір маңызды деген істер илаһи тылсым тарапынан осы күні белгіленеді.

Екінші, Бұл түндегі жасалған құлшылықтардың ( Құран оқу, намаз, дұға мен зікір, тәубе мен истиғфар) күндізгі жасалған құлшылықтардан сауабы жоғары болады.

Үшінші, Бұл түні Алла-Тағаланың нұр-берекесі мен шұғыласы таң шапағына дейін төгіліп тұрады.

Төртінші, Бұл түні сұралған кешірім қабыл болады.

Бесінші, Бұл түні ардақты Пайғамбарымыз с.ғ.а-ға шапағат ету құқығы берілген.

Шағбан айының он бесінші жұлдызының құттылығы хақында Хақ Елшісі с.ғ.а: «Шабан айының жартысы болған кезедегі түнді құлшылықпен өткізіңіз. Күндіз ауыз бекітіңіз. Өйткені, Алла-Тағала күн ұясына батқан шақта, жер бетіне шуағын түсіріп: «Истиғфар етуші бар мекен, кешірейін. Рызық сұраған бар мекен, оған рызық берейін. Ауру-сырқауға ұшыраған бар мекен, оған шипа берейін. Бар мекен, бар мекен, бар мекен...» деп таң шапағы атқанға дейін жалғастырады» деп сүйіншілейді.

Көріп отырсыздар, Ұлы Жаратушы өзіне мойынсұнып, күнәларына тәубе етіп, сәждеге бас қойған, қателерінің орнына көз жасын көл қылған әрбір құлын кешіріп, Барағат түніндегі иллаһи нұрымен, иһсанымен құлының мәртебесін жоғары ететіндігін ашық жария еткен. Сонымен бірге, бұл кеште Пайғамбарымыз с.ғ.а-ға үмбетіне ақырет күнінде шапағат ету құқығы берілген күн. Үмбетінің ақырет күнінде айы оңынан тууын тілеп,  қандай бір пәле-жалаға душар болмауын уайымдап, үмбетінің қайғысы үшін қасірет шеккен Алла Елшісі с.а.ғ-ның: «Шапағатымды сұраушы бар ма екен» - деген шағында, бұл мүмкіндіктен құр алақан қалу мұсылманға жараса қоймасы белгілі. Ал, Алла Елшісі с.ғ.а-ның үгітіне сай бұл кеште қайратпен қарымды амал іс жасап, Алла-Тағаланың шексіз рахымы мен Пайғамбарымыз с.ғ.а-ның шапағатынан үміттенсек, иншалла ұшпаққа шығатынымыз анық.

Ислам деректеріне қарағанда: «Дуа жасаушылар, ішімдікке салынғандар, аса дүние құмарлар, ата-анасын ренжіткендер, зина жасағандар» бұл кештің берекесі мен шапағатынан құр алақан қалады. Әрбір мүмін бұл қасиетті кештің нұрлы шуағына шомған шақта, тек қарабасы үшін емес, қалың бұқараның да қамын ойлап, оларға дұға етіп, өзінің өткеніне есеп беріп, іші-сыртын жамандықтан тиып, жүрегін кір қоқыстан тазартуға күш салуы тиіс. Бұл қасиетті кеш: «Мен күнәға батқан адаммын, ендігісі менің күнәдан құтылам деген үмітім жоқ» деп үмітсіздікке ұшырағандарды шыңыраудан шығаратын үлкен мүмкіндік. Бұндай жандар бұл кеште мешітке жамағатпен бірге барып, Алла-Тағаланың құзырында болып, құлшылық жасап, Құран тыңдап, дұға етумен илаһи кешірімге қол жеткізе алады. Тіпті, қасиетті кештің рухани жұпар ауасымен тыныстап, жаман ойлардан арылып, қара-дүрсіндіктен бойын аулақ ұстап, терең ізгі сезімдерге шомып туралыққа бейімделген жанды мәңгілік жасыл бақ жаннаттың күтіп тұруы да ғажап емес.

Берекеге толы Барағат кешін мұсылман жұртшылығы қалай ұлықтауға тиісті? Бұл кеште нені істеп, нені істмеуге тиістіміз? - дегенге келетін болсақ, бұл туралы Ислам ғұламалары былай дейді;

Біріншіден, мүмкіндік болып жатса, мүбәрак Барағат кешінде намазды мешітте жамағатпен қылуға күш салуымыз шарт. Осылай етсек, мол сауапқа кенелеміз. Әрі тамыр-таныспен қоса көрші-қолаңмен бірге бұл шуақты түнде бірге болып, сәлем-сауқат сұрап, бір-бірімізге ізгі тілек тілеуге мүмкіндік аламыз.

Екіншіден, мүбәрак Барағат кешінде жас-жеткіншек ұлдарымызбен қоса, оң-солын таныған жастарымызды өзімізбен бірге мешітке апарған болсақ, олардың діни сезімі мен танымын арттыруға күш салған болар едік. Осылайша олар жамағат болып, бірін-бірі демеп, қолдау білдірудің мәнісін ұғынып, бірлік деген ұғымды терең түсіне алар еді.

Үшіншіден, мүбәрак Барағат кешінде көпшілікпен бірге болсақ, ағайын-туыс, көрші-қолаң, дос-жарандарымызға «Құдай-Тағала құттылық-береке жаудырсын» деп тілеп, бір-біріміздің қал-ахуалымызды сұрап, бір-біріміздің қайғы-қуанышымызға, жеткен жетістіктерімізге ортақ болған болар едік.

Төртіншіден, мүбәрак Барағат кешінде мүмкіндігінше Құран оқумен, Құран тыңдаумен, Құран және Хадис сұхбаттарына қатысып, уағыз-насихат тыңдап, көпшілікпен рухани ләззатты бірге бөліскен абзал. Әсіресе, Құран мен Хадистердің мағынасын терең ұғына алсақ, діни сауатымыз артып, көзміздің ашылатыны сөзсіз.

Бесіншіден, мүбәрак Барағат кешінде Ұлы Жаратушыны еске алып, тәубе-истиғфар жасап, дұға етсек, санамыз сәулеленіп, Хақ-Тағаланың құлы екенімізді терең сезіне аламыз.          Алтыншыдан, мүбәрак Барағат кешінде ықыласпен намаз қылсақ, Ұлы Жаратушының рызашылығына бөленетініміз хақ. Себебі, бір құлдың Алла-Тағалаға ең жақын болған сәті, сәждеге бас қойған кезі. Намаз оқу ең үлкен зікір болып табылады.

Жетіншіден, мүбәрак Барағат кешінде ұлттық бірлігіміз бен тұтастығымызды, ұлттың болашағы мен баяндылығын, туған жерімізді, бүкіл ислам дүниесін, қала берді күллі адамзат баласы бақытты болуы үшін Ұлы Жаратушыға жан жүрегімізбен жалбарынуымыз шарт. Таным көкжиегіміз осылайша қарабастың қамынан жоғары болған болса, адамдық болмысымыз аласармай, тұлғалық тұрпатымыз биіктей түспек.

Сегізіншіден, мүбәрак Барағат кешінде құлдық кейпімізді ой сүзгіден өткізгеніміз абзал. Әке мен шеше, адал ұрпақ, қызметкер, оқытушы, шәкірт, басшы, көрші-қоныстас ретінде өз міндетіміз бен қызметімізді дұрыс атқарып жүрміз бе? деп өз-өзімізді сынап, кемшіліктерміз бен қателерімізді көз алдымызға келтіріп, өткенімізді көңіл сүзгісінен өткізіуіміз, біздің алдағы уақытта табысты бола беруімізіге өз септігін тигізері хақ.

Ислам әлемінің бір пұшпағы болып табылатын Қазақ елі Исламдық мәдениетке терең бойлауы үшін Исламдық үрдістер мен салттардан қалыс қалмауы тиіс. Бұл бағытқа бейімделуіміз үшін Ислам мәдениетіндегі шұғылалы шақтар саналатын қасиетті кештерді әрбір жылы айырықша атап өтуіміз аса маңызды. Бұндай қасиетті кештердегі құндылықтар сіңімді болуы үшін қасиетті кештерге деген ыждақаттылық сезім бойымызда атқақтап тұруы қажет. Сонда ғана, біз Ислам мәдениетімен біте-қайнасып, оның бір бөлшегіне айналмақапыз. Ендеше, Алла-Тағала халқымызды шұғылалы шақтарға деген ыстық ықыластан һәм қасиетті кештердегі мол сауаптан  айырмасын  деп тілейміз.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377