Жексенбі, 24 Қараша 2024
Өзекті 3739 0 пікір 25 Қазан, 2021 сағат 14:46

Әлеуметтік желілер бұғаттала ма?..

Сандық отарлау немесе IT-экспансия әлемде ең өткір тақырыптардың бірі. Facebook, Google, Uber-әмиян т.б. посткеңестік елдердің өмір салтына еніп те кетті. Бұрынғы отаршылар өз тарапынан бізге VК, ОК.ru және Mail.ru-ды таңды. ТикТок, You Tube-ты ауызға алмай-ақ, қоялық. Бірақ қазақ ділі мен дінін бұзатын IT-экспансияға қазақ билігі мен мәжіліс депутаттары бей-жай қарамайтындығы қуантады.

Еліміздегі блогер Алексей Лонгинов соңғы кезде жастар арасында TikTok танымалдыққа ие болды. Instagram постындағы жарнама – 1, млн тенге (2,59 мың АҚШ долларын), ең төменгісі – 130 тенге (0,31 АҚШ доллары) деп өз деректерін келтіреді. Ал, Digital есептеуі бойынша Қазақстанда 2021 жылы 12 миллион ел тұрғыны әлемжелілердің қолданушысы екен. Бұл дегеніңіз – ел тұрғындарының 63,5%-ы.

Осы орайда «Қазақстан: әлеуметтік желілерді заңдастырылған бақылау жасауға бағыт ұстанды//Kazakhstan: A Course toward Legally Backed Control over Social Media»  атты мақала жарық көрді. Мақаланың жарық көруіне төменгі палатаның депутаттары тарапынан қолданыстағы «Ақпарат туралы» және «Байланыс туралы» Заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуі түрткі болды.

Қазақ билігінің ел аумағындағы шетелдік әлемжелілер мен мессенджердің заңды тіркелуін талап етуі орынды.

Парламент депутаты Айдос Сарым атлаған мәселе қаралған отырыста: «Мемлекет әлдебір әлемжеліні бұғаттауды аталған заңсызда жүзеге асыра алады. Ол әлдебір әлемжеліні бұғаттаудың заңға жүгінбей-ақ ретке келтіруінің тетігіне иелік етіп отыр. Біздің қалайтынымыз, ауа жайылмай бәрін заң аясында ретке келтіру», - деп орынды ой айтты.

Жиынға қатысқан Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев балаларға қатысты интеркеңістікте соңғы екі жылда орын алған кибербуллинг фактілерін келтірді. Елімізде 2020 жылы – 70 мың, биылғы жылы 140 мыңнан аса факті орын алған екен.

Бірақ осы өзекті мәселені басқа қырынан танитындар да жоқ емес. Атап айтсақ SMM-маманы Анара Туленова: «кибербуллинг – әлеуметтік желілерді бұғаттаудың амалы және Facebook қарсы жарияланған соғыс», - деп санайды. Аталған мақала осыған орай пікірдің қаққа жарылуын  кезектестіре сөз етеді.

Hola News сайтының бұғатталуы осының алғашқы қарлығашы десек те болады. Бұндай бұғатталу бірінші рет орын алып отырған жоқ. Заңдағы өзгерістер мен толықтырулардың оң-терістігін өмір көрсетеді.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570