Жексенбі, 24 Қараша 2024
Ақмылтық 4024 5 пікір 26 Қазан, 2021 сағат 15:41

Сенатор: Үкімет отставкаға кетуі керек!

Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед Паламент отырысында Үкіметтің отставкаға кетуін талап етті. Бұған басты себеп - Асқар Мамин басқаратын министрлер кабинетінің азық-түлік бағасының өсуіне жол бергендігі.

- Биліктің басты міндеті – азық-түлік бағасын төмендету. Бірақ өндірушілер тарапынан әдейі жасалып жатқан әрекет секілді көрінеді. Егер министрлер кабинеті инфляцияны тоқтата алмаса, оны басқа адамдар істеу керек. Менің ойымша егер билік берілген тапсырманы дұрыс орындай алмаса, онда отставкаға кетуі қажет. Ал әзірге олардың жұмысын 3 деп бағалаймыз, - деді Сенат депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Өткенде пандемия басталғалы бір жарым жылдан кейін журналистерді алғаш рет Парламент ғимаратына кіргізген еді. Журналистер дәл осы мәселе жөнінде премьер-министр Асқар Маминнің өзінен де жауап алуға тырысқан. Алайда  жан-жағынан қаумалаған тілшілер микрофонынан үріккен Үкімет басшысы үнсіз кеткен. Дәлірек айтсақ, тұр қашып, жеделсатыға барып тығылған.  

Сенатор қойған талап орынды. Өйткені билік бағаны тұрақтандыру үшін бджеттің 45 миллиард теңгесін жұмсаған. Бұл ақшаға әлеуметтік маңызы бар тауарлар сатып алынады делінген. Сол есеппен, осы аптада 306 мың тонна азық-түлік әкелінген. Бірақ сонда да азық-түлік бағасы арзандамай тұр. Ал халықтың тұрмысын қымбатшылық күн санап қысып барады.

Осы аптада да азық-түлік өнімдері тағы 0,2%-ға қымбаттағанын құзырлы органдар ресми мәлімдеді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сауда желілерімен 17 келісімге қол қойыпты. Дүкендерде тауарға үстеме 15%-дан 10%-ға дейін төмендемек. Бірақ мұның қашан болатыны белгісіз. Қазір нарықта қант, сәбіз, жұмыртқа қымбаттады.

Осыған дейін Парламент отырысында үш жылға арналған ел бюджетін талқылаған депутаттар, азық-түлік бағасының өсуіне қатысты да біраз тартыс жасаған. Оларға әсіресе, жергілікті көкөніс, ет пен нан секілді өнімдердің бағасының тым өсіп кеткені түсініксіз. Шенеуніктер бұл мәселеге жаһандық инфляцияны кінәлап отыр.

Назерке Алтайқызы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566