Жексенбі, 24 Қараша 2024
Арылу 5181 15 пікір 27 Қазан, 2021 сағат 17:52

Жеңіс күні керек пе?..

«Жеңіс күні керек пе? Егер керек болса, ол қай кезде тойлануы керек», деген басы ашық сауал кейінгі кезде ТМД кеңістігіндегі КСРО мұрасынан арылудағы ең өзекті тақырыпқа айналды.

КСРО мұрасының ішінде ІІ Дүниежүзілік соғыстың Шығыс (неміс-орыс) майданы «Ұлы Отан соғысы» деп аталып, ең басты орында тұрады. Осы соғысты 1939 жылы 1 қыркүйекте бастаған қос фашистік режИм КСРО мен Веймар Республикасы екендігі Кремль тарапынан әлі күнге дейін ауызға алынбайды. Қазақша Wikipedia-да орыстық түсінік-таным тұрғысынан осы ғаламдық ғарасатқа жартыкеш баға беріледі. Түзейтін көзі ашық тарихшыларымыз қол қусырып отырған жайы бар.

Әлемнің бәрі білетін ақиқат ІІ Дүниежүзілік соғыстың 1945 жылы 2 қыркүйекте аяқталғаны. Ал, әлем үшін 8 мамыр соғыс құрбандықтарын еске алудың қаралы күні, бүгінгі Ресей үшін және оның Орталық Азиядағы бұрынғы отарлары үшін 9 мамыр әлі күнге салтатантты мереке саналып келеді. Нағыз әлемдік жеңіс 2 қыркүйек екендігін айтқандар жазықты болып жатыр.

Осы уақытқа дейін Жеңіс күнін 9 мамырда тойламау туралы ТМД кеңістігінде көптеген пікірлерді кездестіреміз. Айтушылардың біразы тіптен посткеңестік кеңістікке танымал емес. Бірақ көзі ашық жұрт бұл мереке мемлекет тарапынан құр ақша шашу деп санайтыны да жасырын емес.

Осы жолы кезінде, яғни, 2020 жылы «Я съел деда» атты әнімен елді бір дүрліктірген ресейлік танымал рэпер Алишер Моргенштерн таяуда Ксения Собчакқа берген сұхбатындағы «Жеңіс Күнін тойлау мағанасыз» деуімен Ресей жұртын дүрліктірді.

Жалпы, рэпер Алишер Моргенштерннің пікірін қолдағандар да табылды.

;t=12s.

Осы сұхбатта: «Мен тіпті бұдан 76 жыл бұрын орын алған жеңіс мерекесінің не екендігін ұқсам бұйырмасын. Құр жылдан-жылға миллиондарды тыраштап шашу сияқты көрінеді. Немізбен мақтанамыз, нені дәлелдеп мерекелеп құр босқа әуре боламыз? Бәлкім бұдан басқа мақтанатын ештеңіміз болмағандықтан та шығар!? ...ештеңкені ұғып білісем бұйырмасын...», - дей келе, ойын ары қарай: «Жарайсыңдар, мықтысыңдар! Ары қарай жеңістен жеңіске жете беріңдер, алға ұмытылып бәрін жеңіңдер. Тек ақпараттық технологияда, ғарыштық технологияда жеңіске жетіп тойлатыңдар. Бірақ біз неге 70 жыл бұрынғы жеңісті тойлап қана ала шапқын боламыз», - деп түйіндейді Моргенштерн.

Кремль де қол қусырып қарап отырмай, рэпердің үстінен қылмысты іс қозғады. Дәл сол күні әншінің пікіріне байланысты РФ Бас прокуратурасы мен Тергеу комитетіне «Ветераны России» ұйымы шағымданды. Келесі күні өткізілген арнайы брифингте РФ перезидентінің хатшысы Дмитрий Песков:

«...Еліміз үшін аталары мен әжелері жеңіске жеткен мезет қана мәңгілік маңызды...

...Танымал болған жастар өз құрбыларына Жеңіс Күнінің аса маңызды екенін ұқтыруы тиіс. Егер бұлай етпесе,  моралдық жауапкершілікке тартылады»,- деп журналистерге өз ойын білдірді.

РФ Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин рэпер Алишер Моргенштерннің Жеңіс Күніне қатысты айтқандарына қатысты қылмысты іс қозғауға тапсырыс бергендігін әншінің адвокаты Сергей Жорин растайды.

Ақыр соңында «тарихи жады мен мұраны мансұқтады» деп айыпталған әнші өз «Инстаграмында»: «Мен Жеңіс күні туралы сөздерім көңілдеріне қаяу түсірген барша жұртшылықтан кешірім сұраймын. БАҚ бетінде менің сөздерімді шала-пұшық күйде зымияндық мақсатта келтіргендіктен ұятты жағдайға қалдым. Бірақ осы сұхбаттағы ардагерлерге қосымша қаржы бөліну керек деген ойымнан еш бас тартпаймын», - деп жазуға мәжбүр болды.

Шынында да, әлем жұрты үшін Аза Күні, ал орыс әлемі үшін 9 мамыр Жеңіс Күні деген өзекті проблема Парламенте қаралып, бір жақты болуы керек. Шынында соғыс 2 қыркүйекте бітті емес пе? Неге аяқталмаған соғысты аяқталды деп тойлауымыз керек?!

Қазақша Wikipedia-да  «Екінші Дүниежүзілік соғыс (1 қыркүйек, 1939 жыл – 2 қыркүйек, 1945 жыл) деп ары қарай ресейлік мәнермен соғыстың басталуы «...дүние жүзіне үстемдік жасау үшін Германия, Италия, Жапония тарапынан басталған соғыс. 1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады» деп жазылған.

Сөз түйіні:

«Екінші дүниежүзілік соғыс» елімізде отандық тарихшылармыз тарапынан шынайы бағасын алмай біз оның құрбаны болған аталарымыздың аруағы алдында өз перезенттік борышымызды өтей алмаймыз.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562