Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2307 0 пікір 10 Шілде, 2012 сағат 12:20

Қазақстан-қырғыз шекарасы айрықша бақылауға алынды

Қазақстан-қырғыз шекарасында қайтадан салынған «Қарасу» бақылау-өткізу бекеті іске қосылды. Ол екі ел азаматтарының кедендік бақылаудан өтуін айтарлықтай жылдамдатады.

ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, коммерциялық мақсатты көздемеген шекарадан өтуші жеке тұлғалар, бірінші кезекте туристер шекараны еш кедергісіз, жылдам өте алады. Ал бизнеспен айналысып, шекарадан тұтынушылық тауарларды алып өтетін сыртқы экономикалық қызмет өкілдері үшін бөлек ережелер орнатылған. 50 келіге дейінгі жүгі үшін 1500 еуро төлегісі келмейтін бизнесмендер жүкті бөліп-бөліп, алып өтетін адамдарды жалдайды. Әдетте ондай адамдар саны 250-350 адамға дейін барады. Осындай адамдар жүкті шекарадан шығарып беру кезінде ұзыннан-ұзақ кезектер туғызады. Тауарды салықсыз алып өткісі келетіндерден қарапайым азаматтар мен туристерді ажыратуға бірлескен кедендік бақылау көмектеседі. Ол Қазақстан мен Қырғызстан кедендік қызметтері арасында арнайы хаттамаға қол қойылғаннан кейін қолға алынады. Енді өткізу бекеттері заманауи техникалық құралдармен: инспекциялық-тексеру кешендерімен, тауарлар жеткізілімін бақылаудың автоматталған жүйелерімен және электронды өткізу бекеттерімен жабдықталған. Олар қаптамаларын ашпастан жарылғыш және есірткі заттарды, қару мен бағалы металдарды табуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, жыл сайын Қазақстан-қырғыз шекарасын 40 мың адам мен 4 мыңға жуық көлік кесіп өтеді. Жазғы мезгілдерде олардың саны арта түседі. Сондықтан шекарадағы өткізу бекеттерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету - кедендік органдардың бірінші кезектегі мәселесіне айналып отыр.

Дереккөз: 1tv.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373