Сенбі, 23 Қараша 2024
1864 2 пікір 1 Қараша, 2021 сағат 17:32

ЕАЭО: одақтастар роумингтен бас тарта ма?

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттері «әділ» тарифтерді енгізу жоспарын бекітті.

2019 жылдың қазан айында Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин тарифтік жоспар туралы бастаманы көтерген болатын.

ЕЭК министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, Сөйлесу еркіндігі - ЕАЭО елдерінің маңызды ұстанымының бірі. Әлемдегі интеграциялық бірлестіктер  роумингтегі байланыс қызметтеріне арналған тарифтердің қымбат болуына байланысты қарым-қатынаста өздерін шектеуге мәжбүр тұтытушылар дискриминациясын жоюға ұмтылады.

- Біз ЕАЭО мемлекеттерінің аумағындағы роумингте ұялы байланыс қызметінің бағасын белгілеуден бұрын зерттеу жүргіздік, алда кездесуі мүмкін қиындықтарға сараптама жасадық, - дейді спикер.

Бекітілген іс-шаралар жоспарын іске асырғаннан кейін ЕЭК Алқасы 2025 жылдан бастап роумингтегі тарифке «үйдегіге» барынша жақындатылған ЕАЭО елдерінің ұялы операторлары үшін бірқатар ұсыныстар қабылдайды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5352