Шалқар Қанятбекұлы. «Ай қараңғысы» романындағы әттеген-ай
Мен сыншы емеспін, жазушы да, әдебиетші де емеспін. Қарапайым оқырманмын. Шашырап кеткен көп қазақтың бірімін. Қытайда тұрамын.
Шеттегі қазақтар үшін, өз тарихын білу - қииынның қиыны. Бұған себеп коп. «Мынау сенің тарихың, оқып ал», деп тарихқа қатысты кітаптарды ешкім алдымызға әкеп бермейді. Оның үстіне, бұл жақтағы өзы санаулы қазаққа қатысты тарихи кітаптардың қандай «атмосфераның» аясында жазылатыны айтпаса да түсінікті. Әрине, Қазақстанда шыққан кітаптар бұл жақта жоқ.
Осындайда, ғаламтордың ғаламатына сүйенбей тұра алмайсың! Сол ғаламтордың бізге бергені ұшан-теңіз: ғаламтордан бір жағынан санамыздағы тарихымызға қатысты ақтаңдақтарды толықтасақ, енді бір жағынан қазақ елінің күнделікті тыныс - тіршілігінен хабардар болып, ата жұртымыздың қуанышына қуанып, қайғысына күйінеміз!
Жақында сол ғаламтордағы қазақ тілді тор бекеттердің бірінен желтоқсан тарихына қатысты жазылған жазушы Тұрысбек Сәукетай ағамыздың «Ай қараңғысы» романының електрондық нұсқасын оқып шықтым.

Бұл романның қандай жазылғандығын бағалау - сыншылардың, әдебиетшілердің, жазушылардың еншісінде. Қарапайым оқырман ретінде өз басым романға мынандай «әттеген-айда» болдым: романның көптеген жерінде орысша диалогтар қазақшаға аударылмай не қазақша түсіндірмесі ескертілмей орыс тілімен берілген.
Сонымен бұл романды оқып болғаннан кейін маған мынандай екі ой келді.
Біріншісі, автор бұл романын тек ғана орыс тілін білетін қазақтар үшін арнап жазған ба? сырттағы қазақтардың оқуына болмай ма? деген ой.
Әрине, Қазақстандағы орыс тілін білетін қандастарымыз бұл романдағы орысша берілген сөздерді түсіне біледі, бірақ, Қазақстаннан сырт жерде шашырап жүрген біздер үшын орыс тілі- тылсым дүние. Романдағы сол орысша диалогтардың не айтып, не қойғанын білмей дал болдым. Менің білуімше, шығарма мәлім адамдарға не мәлім топтарға бағытталып жазылмауы керек. Әдебиет ортақ. Қазақ тілінде жазылған әр қандай роман бүкіл дүниеге шашырап кеткен әрбір қазақ ана тілінде оқып түсіне алатындай етіліп жазылуы керек.
Екінші, бұл роман қазақша және орысша екі аралас тілде жазылған ба? деген ой.
Мен білсем, роман таза бір тілде ғана жазылады, одан барып басқа ұлттың тіліне аударылады. Ал бұл романда қазақша жазып келе жатып, арасында орысша сайрай жөнеледі, түсінсем бұйырмасын. Жоқ, әлде Қазақстанда шығарма осылай жазыла ма?(бұрын Азаттық радиосынан көруші едік, қазақша хабарларын беріп келе жатып «доңгелек үстел» сұхбатын орысша сайратушы еді, бейне «шеттегі қазақтар, сендер естімей-ақ қойыңдар, сендерге қажеті жоқ» дегендей адамның мысын құртушы еді)
Романда көптеген диалогтар орыс тілінде берілгеннен сырт, көптеген атаулар орысша берілген, мысалы, репетитор, графин, бутерброд, времика,тумбочка, целлофан т.б. толып жатыр. Бүгінгі күні онсыз да жағдайы мәз емес, ана тіліміздің тұнығын сақтау - әр қазақтың борышы болуы тиіс. Әсіресе, ақын-жазушыларымызды ана тіліміздің ең басты жанашырлары, қорғаушылары деп білем. Меның айтпақшы болғаным - жазушы ағаларымыз қазақ тілінің қаймағын қалыңдатса деген тілек ғана!
Қытай, Алтай қаласы
2012-жылы 6-шілде
«Абай-ақпарат»