Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4428 0 пікір 13 Шілде, 2012 сағат 12:32

Түркия қазақтары бір мектепке зар болып отыр

Түркияда қазір жалпы саны 10-15 мыңнан астам (кей деректерде 20 мың делінеді) қазақ тұратынын ескеріп, ондағы жастардың қасиетті Отаны - Қазақстанмен рухани байланысын нығайтып, тілін, ділін ұмытпауы үшін қазақ мектебін ашсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Мұның қазақ мүддесі тұрғысынан маңызы зор екені айтпаса да түсінікті. Өйткені Түркиядағы қазақтардың кейінгі жастары тілін ұмытып барады. Ал тілді ұмытқан ұрпақтың ділі де өзгенің кейпін сіңіріп, өзгере беретініне тарихта мысал жетерлік.

Сондықтан 20 миллиондық межеге жете алмай жатқанымызда, әр қазақ, мейлі ол Қазақстанда, мейлі шетелде тұрсын, біз үшін көздің қарашығындай қорғайтын жалғызымыздай екенін ескеру - мем­лекетіміздің маңызды міндеттерінің бірі. Біз бауырлас Түркиядағы қазақ диаспорасы үшін қазақ мектебін ашудың мүмкіндіктері қарастырылып жатыр ма екен деген сауалымызды ҚР Білім және ғылым министр­лі­гіне жолдаған едік. Сондағы сауалымыздың ұзын-ыр­ғасы мынау:

1. Түркиядағы қазақтар үшін мектеп ашу мәселесі министрліктің жоспарында бар ма? Жоспарда болса, қашан іске асуы мүмкін?

2. Қазақстандағы қазақ-түрік лицейінің дең­гейіндей болмаса да, Ыстамбұлда немесе Түр­кия­ның қазақтар көп шоғырланған ауда­нында бастауыш немесе (кешкі мектеп) ұйым­дас­тыруға қандай кедергілер бар? Бұл мәселе зерт­телген бе?

Жауабын да көп ұзатпай алдық. Бірден айтайық, ә дегенде қатты қуандық, бірақ артынша су сепкендей басылдық. Неге дейсіз бе? Себебі Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бізге берген 02-3/938 нөмірлі жауап хатында: «...Ыстамбұлда Абай атындағы қазақ (қарайтып көрсеткен -автор) мектебі бар» - депті. Міне, керемет! Бір жағынан қуанып, екінші жағынан Түркияда бүтін бір қазақ мектебі барын қалай білмегенбіз деп ұялдық, шынын айтсақ.

«Тамыры тереңде жатқан түбі бір тектес Түркия елінде тұратын қазақтар достық пен татулықта өмір сүріп келеді. Қазіргі таңда отандастарымыздың негізгі бөлігі Мәрмәр теңізінің жағасында Измир провин­ция­сында, Анкара қаласына және Ыстамбұл қала­сының «Зейтүнбурну» ауданында  шоғырланған.

Ал қазақ тілінде білім беретін мек­тептер жайында айтар бол­сақ, Ыстамбұл қаласында Абай атындағы қазақ мектебі бар. 2003 жылы сәуір айында Қазақ­стан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев арнайы барып атал­ған мектептің тұсауын кескен бо­ла­тын. Қазіргі таңда бұл мектепте 1800 бала білім алуда», - делінген ресми жауапта. Біздің қуанышымыз да осы тұсты оқығанда басылды. Бұл мектеп тіпті де қазақ мектебі емес еді. Рас, ұлты­мыз­дың ұлы кемеңгері Абайдың есімі берілген. Мектеп жаңадан салынып, ашыл­ған кезде Елбасымыздың арнайы барып тұсауын кескені де рас. Бірақ ол - түрік орта мектебі. Арнайы ашылған қазақ сыныптары да жоқ. Мұны бізге сол мектепке Абай есімін беруге мұрындық болған профессор Әбдіуақап Қара да қуаттады. Әбдіуақап мырзаның айтуын­ша, бүтін қазақ мектебін ашуға бала саны жетпейді. Ол кісіден осы Түркиядағы Абай атындағы мектеп жайлы сұра­ғы­мыз­ға: «Қазақ сыныбы жоқ. Ал мектеп ашу қиын, өйткені қазақтың саны жетпей тұр мектепті толтыруға. Оның үстіне, үл­кен қалада шашыраңқы орналасқан», - деген жауап алдық.

Аталған мектептің өзіне тіке хабар­ла­са алмасақ та, онда қазақ сыныбы жоқ екенін басқа да бейресми дерек көздері растап отыр. Сонда еліміздің Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті мәселенің анық-қанығын білместен, Абай атын­дағы қазақ мектебі деп жаңылып жазып отыр­ғаны ма? Әлде Абай атында болға­сын, қазақ мектебі болар деп топшылай сал­ғаны ма?

Бұдан әрі министрліктің жауабында Түркияның жоғары оқу орындарының түркітілдес филология факультеттерінде қазақ тілі курстары, Түркиядағы «Қазақ­стан қоры» орталығы қазақ тілі курстарын ұйымдастыратыны, мектептерде сұраныс негізінде қазақ тілі курстары жүргізілетіні айтылыпты. Бұл енді басқа әңгіме. Біздің білмек болғанымыз, екі елдің білім министр­ліктері арасындағы ынтымақ­тас­тық негізінде ашылатын толыққанды мектеп жайы еді. Біздіңше, бұл мәселеге алғышарттар да жоқ емес. Қазақстан Тәуел­сіздігін алғаннан бергі уақытта Түркия мемлекетімен өзара тиімді қа­рым-қатынас әртүрлі салада қарқынды дамып келеді. Әсіресе білім саласындағы ынтымақтастығымызды ерекше атауға болады. Бұған мысал ретінде елімізде көптеп ашылған қазақ-түрік лицейлерін айтсақ та жеткілікті. Ал ел Тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде Қазақстанның да білім беру ісі айтарлықтай дамып, жақсы же­тіс­­тіктерге жете бастағаны белгілі. Қар­­жылық мүмкіндіктеріміз де өсті. Мектеп ашу мүмкін болмаса да, қазақ сы­нып­тарын ашуға әліміз келмей ме? Бұған бауыр­лас Түркия тарапы үзілді-кесілді қар­сы бола қоймас. Әсіресе Түркі кеңесі мемлекетаралық ынтымақтастық ұйымын құрып, түбі бір түркілікке ұм­ты­лып жатқанымызда білім беруден бас­талатын мұндай игілікті істерді жүзеге асы­руға болатын секілді. Тек келісіп, кетігін таба білуде. Ол үшін бірінші кезекте ниет керек, сосын қайрат қылу қажет. Мемлекеттік деңгейде.

Р.S.

Ыстамбұлда бір мектепке Абай есімінің берілуі үл­кен ілтипат, әрине. Енді сол мектептің ішінен қазақ сыныптары ашылса, қазақ үшін зор құрмет сол болар еді.

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381