Қытайда коронавирус қайта өршіді
Қытайдың Мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті сейсенбіде COVID-19 инфекциясының 93 жаңа жағдайы анықталғанын хабарлады. Олардың 35-і Хэйхэ қаласында тіркелген.
Дүйсенбіде Қытайдың мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің мәліметі бойынша өткен аптаның жексенбісінде – 59, сенбіде – 48 адам ауру жұқтырған. Қытайда 17-қазаннан бастап коронавирус қайта өршіді. Елдің Ганьсу, Хэйлунцзян провинциялары және Ішкі Моңғолия автономиялық аймағында вирус таралу қарқыны артты. Бейжің шектеу шараларын күшейтіп жатыр.
Халықтың көші-қонын тежеу шаралары жүргізілуде. Сәрсенбі күні таңертең Бейжің Дасин әуежайында бұрын жоспарланған рейстердің 60%-дан астамы тоқтатылды. Пандемия басталғаннан бері Қытайда 97 423 коронавирус инфекциясы тіркелді, 4 636 адам қайтыс болды, 91 787 адам сауығып шыққан.
Abai.kz