Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4080 0 пікір 16 Шілде, 2012 сағат 07:43

Дәурен Мұхамеджанов. Ер жігіт – елінің ұлы, намысының құлы

«Алтын алма, алғыс ал,
Алтын деген - жер сыйы,
Алғыс деген - ел сыйы»

Қазақ мақалы.

Халық қалаулысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сағиятулла Өмірзақұлы Сәрсенов сөзден гөрі істің адамы екендігіне осы жолы тағы да көз жеткіздім.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары жаздық каникулға шыққанда, алдымен міндетті түрде халықпен, өз сайлаушыларымен кездесулер өткізетіні белгілі. Осы дәстүрді алғашқылардың бірі болып, «Ақ жол» партиясының депутаттық фракция мүшесі Сағиятолла Сәрсенов Алматы қаласында мақсатты түрде бірнеше бағытты қамтыған шараларға қатысу арқылы жалғастырды.

Негізгі мақсатты бағыттарға қысқаша шолу жасай өтсем: өнер - оның ішінде бейнелеу өнері, өндіріс - оның ішінде тамақ, шыны және май өнімдері өндірісі, халықтың әл-ауқаты - оның ішінде балалардың жай-күйі, қарттарымыз бен ардагерлеріміздің хал-жағдайы, ел бекінісі - шекарашы сарбаздардың тыныс-тіршілігі.

Үстіміздегі жылдың 10 шілдесінде Алматыдағы Орталық Көрме Залында (ОКЗ) витраж өнері мен мозаикаға арналған 4-ші «Көркем витраж бен мозаикадағы заманауи үрдістер» атты көрме мен «Әйнек құдіреті-2012» сатылым-көрмелердің салтанатты ашылуы болып өтті.

«Алтын алма, алғыс ал,
Алтын деген - жер сыйы,
Алғыс деген - ел сыйы»

Қазақ мақалы.

Халық қалаулысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сағиятулла Өмірзақұлы Сәрсенов сөзден гөрі істің адамы екендігіне осы жолы тағы да көз жеткіздім.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары жаздық каникулға шыққанда, алдымен міндетті түрде халықпен, өз сайлаушыларымен кездесулер өткізетіні белгілі. Осы дәстүрді алғашқылардың бірі болып, «Ақ жол» партиясының депутаттық фракция мүшесі Сағиятолла Сәрсенов Алматы қаласында мақсатты түрде бірнеше бағытты қамтыған шараларға қатысу арқылы жалғастырды.

Негізгі мақсатты бағыттарға қысқаша шолу жасай өтсем: өнер - оның ішінде бейнелеу өнері, өндіріс - оның ішінде тамақ, шыны және май өнімдері өндірісі, халықтың әл-ауқаты - оның ішінде балалардың жай-күйі, қарттарымыз бен ардагерлеріміздің хал-жағдайы, ел бекінісі - шекарашы сарбаздардың тыныс-тіршілігі.

Үстіміздегі жылдың 10 шілдесінде Алматыдағы Орталық Көрме Залында (ОКЗ) витраж өнері мен мозаикаға арналған 4-ші «Көркем витраж бен мозаикадағы заманауи үрдістер» атты көрме мен «Әйнек құдіреті-2012» сатылым-көрмелердің салтанатты ашылуы болып өтті.

Бұл өз кезегінде депутаттың осы жолғы жұмыс жоспарының бастауы болды.

Салтанатты шаралар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясының мүшесі Сағиятулла Сәрсеновтың құттықтау сөз сөйлеуімен ашылды.

Ол өз сөзінде мұндай мәдени шаралардың қоғам өмірінде, оның ішінде мәдени ордамыз - Алматы шаһарында алатын орны ерекше екендігіне тоқталып өтті. «Әрбір мұндай шара - шығармашылықты дамытуға дәнекер бола алады, - деп Сағиятолла Өмірзақұлы өз ойын ары қарай сабақтай түсті. - Мәңгілік өнерге куә болу мүмкіндігіне ие болу, адамдарды өзін қоршаған әлемнің кереметтігін сезінуге, рухани болмысын қалыптастыруға, ішкі жан дүниесін рахатқа бөлегендей, саф ауамен сусындағандай әсер береді».

Одан соң депутат С. Сәрсенов және өнерге бей-жай қарамайтын «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары Талғат Қайырбайұлы Әбдіжаппаров салтанатты түрде қызғылт лентаны қиып, көрменің кереметін тамашалау үшін келген көпшілік көрерменге жол ашты.

Ұйымдастырушылар екі сағат бойы Партия делегациясы мен қалың көпшілікке көрме кереметін ұсынып, көркем витраж бен мозаика өнерінің негізгі бағыттары туралы тереңірек түсіндіріп берді. Сонымен қатар, көрмеге келгендер шетелдік және қазақтың классикалық әуендерін шебер асқақтатқан өнерпаздарды тыңдай отырып, дизайнерлерден келелі кеңестер алып, мастер-класстарға қатысып, body-art өнерін көріп тамсанды.

Келесі күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты С. Сәрсенов «Евразиан Фуд Корпорейшн» маргарин зауыты мен қалалық № 1 балалар үйіне барып қайттық.

Маргарин зауытындағы жұмысшылармен кездесуде С. Сәрсенов кәсіпкерлікке мемлекеттің қомақты қолдау көрсетіп жатқандығы, әрбір кәсіпкердің «Атамекен» одағына кіруінің қолайлылығы туралы мол ақпарат берді.

Ал балалар үйінде жеткіншектердің дене тәрбиесі, медицина-сауықтыру кешенімен жабдықтау, сапалы тағам мен медициналық қызмет туралы сөз қозғалды. 3 жасқа дейінгі 37 бала тәрибеленіп жатқан мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге кәсіби көмек көрсететін 70 жұмысшысы бар ұжым сапалы тағам беруде мемлекеттік сатып алу жүйесін реттеу қажеттігін ескертті. Аталмыш өзекті мәселені депутат өз назарына алып, тиісті құзырлы органдармен жүйелі түрде қарап, оң шешуге уәде етті.

Шілденің 12 жұлдызында депутат С. Сәрсеновтың бастауымен «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық делегациясы «Маслодел» ЖШС ұжымымен кездесті. Кездесу барысында өндірістік цехтағы күнделікті жұмыс барысымен танысты. Зауыттың әрбір жұмысшы қонақтарға жұмыстарының ерекшеліктері туралы айтып, мемлекеттің әрдайым кәсіпкерлер мен жұмысшыларға қолдау көрсеткені үшін алғыстарын айта отырып, отандық өндіріс пен тәуелсіз Қазақстанның болашағына зор сенімдерін білдірді.

Сағиятулла Өмірзақұлы өз сөзінде былай деді: «Бүгінгі күні біз экспортқа бағытталған елміз. Біздің бюджетіміз мұнайдың түсімінен құралады. Бірақ шикізат қоры мәңгілік емес. Сондықтан біз экономиканы нақты өндірістерді құруға бағыттауымыз керек. Бұл тікелей Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Үкіметке қойған тапсырмасы. Шағын және орта бизнестің табыстары біздің республикалық бас бюджетімізді құрауы қажет. Біз соған жетуіміз керек. Және осындай модель Еуропаның көптеген елдерінде жақсы нәтиже көрсетуде».

Жиын соңында, депутат ел экономикасы мен әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін барша қазақстандық өнідірісшілерді бірігуге шақырды.

13 шілде күні Мәжіліс депутаты С. Сәрсенов пен «Ақ жол» партиясының төраға орынбасары Т. Әбдіжаппаров бастаған бір топ азаматтар «ҚазҚұрылысШыны» компаниясы мен Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Кәмелетке толмаған жасөспірімдерді бейімдеу орталығының жұмысымен танысып қайтты.

«ҚазҚұрылысШыны» компаниялар тобы өзінің өндірістік әйнек шығаруда жаңа технологияларды пайдалану арқылы еліміздегі алдыңғы қатардағы өндіріс иесіне айналғанына куә болған қонақтар алдағы уақытта осы игі іспен көбірек айналысу керектігі туралы ниет білдіріп, өз кезегінде компанияның алға жылжуына көмек көрсететінін жеткізді.

Депутат С.Сәрсенов әлемдегі осы саланың майталмандарымен тең дәрежеде бәсекеге түсе алатын, қазақстандық өнімді шығаратын өндіріс алдында тұрған мәселелерді Парламентте көтеретінін атап кетті.

Содан кейін қонақтар «Жұлдыз» шағын ауданында орналасқан Алматы қаласы Білім басқармасының Кәмелетке толмаған жасөспірімдерді бейімдеу орталығының материалдық-техникалық базасын көріп, жасөспірімдермен, орталық қызметкерлермен сұхбаттасты.

Кездесу барысында ұжым басшылығы тағам беру мен киім-кешектің сапасы сын көтермейтінін жеткізді. Олардың айтуынша, бұған себеп болып отырған мемлекеттік сатып алу арқылы тендерді ұтқан жеңімпаз өз өнімі мен қызмет ақысын төмендету нәтижесінде осындай ауыр халге жетті. Оның салдары ұжымдағы балалардың денсаулығына қатты зиян келтіретіні алаңдатады.

Орталықтағы келесі кезек күттірмейтін мәселелер - қызметкерлердің еңбекақыларының төмендігі, материалдық-техникалық базаның ескіруі, осындағы жасөспірімдердің салауатты мәдени шараларға қатысуының қолжетімсіздігі және осының барлығына мемлекеттен бөлінетін тиісті қаражаттың мардымсыздығы сөз болды.

Шара соңында ел ағасы С. Сәрсенов «Көзімізбен көрген аталмыш мекемелердегі түйткілді мәселелерді депутаттық сауал жолдау арқылы Парламент мінберінде көтеретін боламын» деп, өз уәдесін берді.

Енді алдағы апта еншісінде алып қаламыздағы қарттарымыз бен ардагерлеріміздің хал-жағдайы және ел бекінісі - шекарашы сарбаздардың тыныс-тіршілігімен танысу жоспарда тұр.

Сөз соңында данышпан халқымызда «Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жейді. Атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді», дегендей осындай елінің қамын жеген, өз ұлтына жанашыр жандар елімізде көп болса екен деп тілеймін.

«Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалы

төрағасының орынбасары

Дәурен Мұхамеджанов

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340