Қазақтар қарапайым дана адамды мойындамайды
Қазақтар қарапайым, кемеңгер, дана адамды ешқашан мойындамайды. Кез келген ауылда болсын, ауданда болсын, осындай кемеңгер қарапайым адам қазақтың алдына шығып сөйлесін, оған мән бермейді, елемейді.
Ал енді, мынаған қараңыз!
Астына ең қымбат көлік мінген, ақшасы ағылып төгілген, кеудесін көтерген, қарны бегемоттың қарнындай, ешкімді менсінбей сөйлейтін, тәкаппар, галстук таққан надан болса да, айуан болса да, біреуі басшы болып келсе, артына кіріп, аузынан шығады. Алдында жалпайып жата кетеді.
Қазір қазақтар саяси-құқықтық мәдениеті жоғары адамды бағаламайды. Ал, жемқор, қаныпезер, елдің көз жасына қарамайтын мес қарын хайуан басшылардың алдында құрдай жорғалап жүгіреді. Қазақ күшпен тоқпақтап, желкесінен қысып, тырп еткізбейтін диктаторды ғана мойындайды.
Қазаққа альтернатива көрсететін, конструктивті жұмыс істейтін либерал-демократтар келсе, әп сәтте көзін құртады.
Мен қазір елдің мәселесімен талай адамдардың ортасында жүрмін. Осыны көріп жүрмін күнде.
Қазақтың саяси-құқықтық сауаты ашылып қалған деген қыртқан адамның сөзі. Саяси, құқық, заң жағынан нөлміз. Сөйтіп отырып бырқылдап ренжиміз, жүйені ауыстырғымыз келеді. Бұл мінезбен ештеңе де өзгермейді.
Қазаққа білім керек. Білімсіз күнің қараң.
Білімсіз қоғамды надандар мен жемқорлар мәңгі басқара береді.
Бекболат Қаржан
Abai.kz