Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
3488 1 пікір 8 Қараша, 2021 сағат 15:53

Қазақ-өзбек әскерилерінің біріккен жаттығуы өтті

Қазақстанның Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» полигонында «Қалқан-2021» өзбек-қазақ бірлескен оқу-жаттығулары өтті деп хабарлады Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Екі халық арасындағы қарым-қатынастың тарихы тереңде жатыр. Бірлескен жаттығулар бұл дәстүрдің ажырамас бөлігі болып табылады. Елімізде өткен «Қалқан-2019» оқу-жаттығулары осы бағыттағы маңызды қадамдардың біріне айналды. Біздің ынтымақтастығымыз Өзбекстанда да жалғасады», - деді Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің подполковнигі Муроджон Сафаров.

Екі елдің әскерилері авиация мен артиллерияның көмегімен шартты түрдегі жауға қарсы тактикалық операциялар жүргізді. Бұл қатысушыларға практикалық білімдерін кеңейтіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

Жабылу салтанатында оқу-жаттығуларға белсенді қатысқандар екі елдің қорғаныс министрлерінің бұйрығымен құрмет грамоталарымен марапатталды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1341
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2915
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 993
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 926