Жексенбі, 20 Сәуір 2025
2817 1 пікір 9 Қараша, 2021 сағат 10:40

Cаакашвили ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді

Осыдан бір айдан астам уақыт бұрын аштық жариялаған Михаил Саакашвили ауруханаға жатқызылды. Оны түрмеден тікұшақпен алып шыққан.

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили Рустави түрмесінен Тбилисидегі тұтқындарға арналған ауруханаға ауыстырылды. Бұл туралы Грузияның арнайы қылмыстық атқару қызметінің мәлімдемесіне сілтеме жасап «Рустави 2» телеарнасы хабарлады.

«Тұтқын Михаил Саакашвили денсаулығының нашарлауына жол бермеу үшін айыпталушылар мен сотталғандарға арналған 12-ші түзеу мекемесінен №18 емдеу мекемесіне ауыстырылды», - деп хабарлайды қызмет телеарнасына сілтеме жасап.

Михаил Саакашвилидің Рустави түрмесінен шығарылғаны туралы оның анасы Джули Аласания бұған дейін хабарлаған еді. Саакашвили 1 қазанда Грузияда ұсталды. Ол сегіз жылдан кейін алғаш рет муниципалдық сайлау қарсаңында туған еліне оралды. Грузияда экс-президентке қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Саясаткер қамауға алынғаннан кейін бірден аштық жариялады, ал жақтастары оны босату үшін митингтер өткізуде.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4915
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4113