Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3670 0 пікір 24 Шілде, 2012 сағат 09:02

Жаңаөзеннің жалғасы Теміртау болып жүрмесін...

Былтыр дәл осы мезгілде Маңғыстау мұнайшыларының еңбекақы мен өтемақы талап етіп ереуілге шығып жатқаны туралы хабар ел құлағына ептеп жете бастаған еді. Сөздің ашығы керек, сол кезде мұнайшылардың талабына ресми Астана былай тұрсын, қалың бұқараның өзі аса елең ете қоймаған болатын. Оның үстіне, мұнайшылардың талабы сияқты талаптың түріне бүгінгі қазақтың «бұ қалай?» деуге дәрмені де қалмаған. Өйткені, қазіргі қарашы жұрттың байламы «Өкіметке айтың не, айтпадың не - бәрібір ештеңе өнбейдіге» саяды. Алайда, жаңаөзендіктер талап етудің жаңа деңгейін көрсетіп, қарулы полициямен қақтығысуға  дейін барды. Оққа ұшты. Атылды. Ақыры табан еті мен маңдай терінің ақысын сұрап жүріп абақтыға да айдалды. Жадыларыңызды жаңғыртып өтейік, еңбекақы мен өтемақы мәселесін көтерген «Жаңаөзен» ӨФ мен «Қаражамбасмұнай» компаниясының жұмысшылары әкімшілік тарапынан орынсыз қысқартуға ұшыраған еді. Нақты дерекке жүгінсек,   9000 адам еңбек етіп, жылына 6 300 000 тонна мұнай өндіретін «Жаңаөзен» ӨФ-нан 200-ден аса адам, 4640 адам жұмыс істейтін, жылына 1 980 000 тонна мұнай өндіретін «Қаражанбасмұнай» компаниясынан - 156 адам, ал «ERSAI» ЖШС-нен (мұнай өндірмейтін құрылыс мекемесі) 100-ден аса адам жұмыстан шығарылды. Осылайша мұнай алпауыттары халықты әлеуметтік қысым жасау арқылы ықтырып аламыз деп ойлаған.

Былтыр дәл осы мезгілде Маңғыстау мұнайшыларының еңбекақы мен өтемақы талап етіп ереуілге шығып жатқаны туралы хабар ел құлағына ептеп жете бастаған еді. Сөздің ашығы керек, сол кезде мұнайшылардың талабына ресми Астана былай тұрсын, қалың бұқараның өзі аса елең ете қоймаған болатын. Оның үстіне, мұнайшылардың талабы сияқты талаптың түріне бүгінгі қазақтың «бұ қалай?» деуге дәрмені де қалмаған. Өйткені, қазіргі қарашы жұрттың байламы «Өкіметке айтың не, айтпадың не - бәрібір ештеңе өнбейдіге» саяды. Алайда, жаңаөзендіктер талап етудің жаңа деңгейін көрсетіп, қарулы полициямен қақтығысуға  дейін барды. Оққа ұшты. Атылды. Ақыры табан еті мен маңдай терінің ақысын сұрап жүріп абақтыға да айдалды. Жадыларыңызды жаңғыртып өтейік, еңбекақы мен өтемақы мәселесін көтерген «Жаңаөзен» ӨФ мен «Қаражамбасмұнай» компаниясының жұмысшылары әкімшілік тарапынан орынсыз қысқартуға ұшыраған еді. Нақты дерекке жүгінсек,   9000 адам еңбек етіп, жылына 6 300 000 тонна мұнай өндіретін «Жаңаөзен» ӨФ-нан 200-ден аса адам, 4640 адам жұмыс істейтін, жылына 1 980 000 тонна мұнай өндіретін «Қаражанбасмұнай» компаниясынан - 156 адам, ал «ERSAI» ЖШС-нен (мұнай өндірмейтін құрылыс мекемесі) 100-ден аса адам жұмыстан шығарылды. Осылайша мұнай алпауыттары халықты әлеуметтік қысым жасау арқылы ықтырып аламыз деп ойлаған. Бір таңқаларлығы әлеуметтік жайттың күрделенуіне жол бермей, екі жаққа бірдей тиімді шешім қабылдауға ерікті Мәсімовте, сондағы «Самұрық-Қазына әл-ауқат қорының» басшысы Тимур Құлыбаевта инвесторлардың жергілікті жұмысшыларды илеп басқанына иі қанғандай үнсіз қалған еді. Сөйтіп, қорғансыз жұртты езіп-жаншудың «нәтижесі» қорғансыз жұрттың ендігі қорлық пен мазаққа көнбейтін ашу-ызасына ұласты. Өткен іс өтті, Үкімет енді Жаңаөзен оқиғасынан кейін ел ішінің талап-тілегіне құлақ асып, ушығып кетуі ықтимал ереуілдердің себеп-салдарына ертерек назар  аударатын шығар деп үміттенгенбіз (қалай десекте, әйтеуір өзі үкіметіміз ғой деген есек дәме де біздікі). Олай болмай тұр. Міне, шілденің шіліңгір аптабында "Арселор Миттал Теміртау" компаниясы металлургиялық комбинатының 3 мың жұмысшысы ереуілге шықты. «Компания басшыларына ескерту ретінде жасалған ереуілге 11 мың кенші қолдау білдірген. Үш сағатқа созылған ереуіл кезінде зауыт жұмысы толықтай тоқтап қалған. Кеншілердің басты талаптары - жалақыны 30 пайызға көтеру.  Жалақыға қатысты келіссөз өткен жылдың қазан айынан бері жүріп келеді. Алайда, компания басшылығы әлемдік нарықтағы дағдарысты сылтауратып, жалақыны тек 10 пайызға көтеретінін мәлімдеді. Оның өзі келесі жылдың басынан ғана басталмақ» деп хабарлайды 31-арнаның жаңалықтар қызмет.

Қысқасы, Теміртау Жаңаөзеннің жалғасы болып жүрмесін. Біз не айтсақта қауіп еткеннен айтамыз. Былтыр да Жаңаөзен дүмпуіне дүмі күштің биліктің назарын аударғымыз келіп Маңғыстау облысында құрылған «Ақ жаулықты аналар» комитетінің үндеуін жариялаған едік. Ол үндеуде былай делінген болатын:

 

ТАЛАП

Біз Маңғыстау азаматтарының барлық талаптарының толық орындалуын биліктен талап етеміз! Наталья Соколова, Нұрбек Қашақбаев пен Ақжанат Аминов қамаудан дереу босатылуы керек! Полицейлік террорды жедел тоқтатып, ереуілшілерге, оларды қолдаушы азаматтарға қарсы ашылған әкімшілік істер толық тоқтатылуы керек! Жұмыстан шығарылғандар түгел орындарына қайтуы керек! «Өзенмұнайгаздың» бұрынғы мәртебесі қайтарылсын! Жекешелендірілген мекемелер мемлекетке қайтарылсын! Жергілікті халық жұмысқа орналастырылсын! Жаңа жұмыс көзі ашылып, мүгедектер мен жетім-жесірлерге жұмыс берілсін! Оқу мен дәрігерлік көмек ақысыз болсын! Мұнайдан түскен пайдадан жаңа туған нәрестелердің шотына ақша салынсын!

Егер осы талаптар жедел орындалмайтын болса, бүкіл халық болып, ереуіл болып жатқан ауыл, қала, облыс әкімдерінің, әскери құрылымдар басшыларының өз орындарынан кетуін үзілді-кесілді талап етеміз!

Бізді қинайтын тағы бір мәселе - банктердің несие қақпанына түскен отбасылардың жалғыз баспанасын тартып алуы! Осындай озбырлықтың нәтижесінде соңғы 5 жылда 15 адам өз өмірлерін қиды. Кеңес кезінің өзінде пәтер тегін берілетін, қазір баспанасынан айырып, бала-шағасын далаға шығарып тастаған отбасылар қаншама! Қақаған аязда қар үстінде қалғандар да бар. Сонда бұл қандай тәуелсіздік? Бұл масқаралықты тоқтататын уақыт жетті! Банкке борышты деген желеумен халықтың банкоматтары жабылып, 1933 жыл қайталануда! Жиырма жылда жеткен биігіміз осы ма?

Біз, Аналар, осы талаптарды орындату мақсатында «Ақ жаулықты аналар комитетін» құрып, әр жұма сайын сағат 11 мен 12 аралығында ауыл, қала, облыс әкімдіктерінің алдында үнсіз басқосу өткізетінімізді жариялаймыз!

Егер билік осы мәселелердің шешімін таба алмайтын болса, соны мойындап, қолынан іс келетін басқа азаматтарға орнын босатуы керек!

Бәріміз бір ұлт екенімізді көрсетейік, жұмылайық! Сонда ғана біз Отанымызға, жерімізге ие бола аламыз!

«Абай-ақпарат»

Суреттер magnitka.jaktau.kz сайтынан алынды

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290