Жұма, 6 Қараша 2026
Жаңалықтар 131 0 пікір 6 Қараша, 2026 сағат 16:12

«Еңбек» арнайы кәсіпорнының басшысы ұсталды – БАҚ

Сурет: economist.kg сайтынан алынды.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталғандарды тамақтандырумен айналысатын «Еңбек» РМК басшыларын ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері ұстады, деп хабарлайды «БАСЕ».

«Қазақстан ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері «Еңбек» РМК бас директоры Ермек Шұрманов пен кәсіпорынның тамақтандыру басқармасының бастығы Фұрқат Худайбергеновті ұстады», – делінген хабарламада.

Басылым дереккөздерінің мәліметінше, ұстау шарасы тікелей олардың қызметтік кабинетінде жүргізілген. Кәсіпорын басшылары азық-түлік сатып алу және оны жеткізумен байланысты сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікке ілінді.

Abai.kz

0 пікір