Сәрсенбі, 6 Мамыр 2026
3223 4 пікір 12 Қараша, 2021 сағат 12:57

Бүгін Түркі кеңесінің саммиті өтеді

12 қарашада Түркияның Ыстамбұл қаласында Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер басшыларының VIII саммиті өтеді.

«Цифрлық дәуірдегі жасыл технологиялар және ақылды қалалар» тақырыбындағы саммитке Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан президенттері, сондай-ақ Венгрия Премьер-Министрі мен Бас хатшы қатысады деп жоспарлануда. Мемлекет басшылары ұйымның орта және ұзақ мерзімді перспективаларына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылайды. Күн тәртібінен бөлек, ел басшылары ағымдағы өңірлік және халықаралық саяси-экономикалық оқиғалар туралы пікір алмасады.

Төрағалық Әзірбайжаннан Түркияға өтетін саммитте мемлекет басшылары Түркі кеңесі VIII Саммитінің қорытынды құжаты болатын Ыстамбұл декларациясына қол қояды, сондай-ақ басқа да бірқатар келісімдерді қабылдайды. Саммит түркі елдерінің дамуына жаңа серпін береді және ынтымақтастықта маңызды бетбұрыс жасайды деп күтілуде.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 1673
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1436