Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5610 0 пікір 1 Тамыз, 2012 сағат 11:58

Мұнайдар Балмолда. Қазақтың қасқыры

«Бөрі - ырыс еді, ұран еді, бөрі - батыр еді. Ендігі қасқыр... сорға айналды, абыройсыз істің бәрі қасқырға телінді. Міне, ғажап!..» деп түптің-түбінде бөрі әулетіміздің қалпына келеріне сеніп тұрып, зәһәр ішкен, қайран-ғапыл күй кешкен, сөйтсе де рухи сөзбен еңсені түзеуші жазушымыз Мұхтар Мағауиннің сөз-суреті менің де ішімдегі жараға дөп себілген уыт-тұз, жандабылым!..

Неге екенін қайдам, қасқырды аң біткеннен биік қоям. Менің қасқырым - қас Бөрі, басынан бақайшағына шейін күлтегіндік рухтан дәт алған сом болмыс, құрыш қалып, сорға айналса да, зорға болмас бүтін бітім, өр намыс, нақ - Ашина, тақ - Көк Бөрі! Өзі аңызда жоқ болып кетсе де, анамның сүті, атамның күшімен, жауырыныма көкшіл қалы боп бітіп, теріме тері боп сіңіскен, бәлкім Махамбет атамның жырымен ішіме балалықта шоқ болып құлап кеткен, әлі күн алаулап күйіп, өн-бойымды күйдіріп тұрған бір далда (тірек) шарқайрақ. Содан қайрап келеді, қайрап келеді... Ал даламдағы бөрі-қасқырлар жайрап келеді, жайрап барады... Бітер болғалы қашан? Бірақ құдайға шүкір бар. Байтақ Қазақ жерінде, Дешті Қыпшақ, Ұлы Тұран даласында жортып жүр. Бірақ ...сорға айналған.

Итқұс, ұлыма, жаманауыз, түз тағысы, қандыауыз атанған текті жыртқыштың

«Бөрі - ырыс еді, ұран еді, бөрі - батыр еді. Ендігі қасқыр... сорға айналды, абыройсыз істің бәрі қасқырға телінді. Міне, ғажап!..» деп түптің-түбінде бөрі әулетіміздің қалпына келеріне сеніп тұрып, зәһәр ішкен, қайран-ғапыл күй кешкен, сөйтсе де рухи сөзбен еңсені түзеуші жазушымыз Мұхтар Мағауиннің сөз-суреті менің де ішімдегі жараға дөп себілген уыт-тұз, жандабылым!..

Неге екенін қайдам, қасқырды аң біткеннен биік қоям. Менің қасқырым - қас Бөрі, басынан бақайшағына шейін күлтегіндік рухтан дәт алған сом болмыс, құрыш қалып, сорға айналса да, зорға болмас бүтін бітім, өр намыс, нақ - Ашина, тақ - Көк Бөрі! Өзі аңызда жоқ болып кетсе де, анамның сүті, атамның күшімен, жауырыныма көкшіл қалы боп бітіп, теріме тері боп сіңіскен, бәлкім Махамбет атамның жырымен ішіме балалықта шоқ болып құлап кеткен, әлі күн алаулап күйіп, өн-бойымды күйдіріп тұрған бір далда (тірек) шарқайрақ. Содан қайрап келеді, қайрап келеді... Ал даламдағы бөрі-қасқырлар жайрап келеді, жайрап барады... Бітер болғалы қашан? Бірақ құдайға шүкір бар. Байтақ Қазақ жерінде, Дешті Қыпшақ, Ұлы Тұран даласында жортып жүр. Бірақ ...сорға айналған.

Итқұс, ұлыма, жаманауыз, түз тағысы, қандыауыз атанған текті жыртқыштың

жалпы әлемде 6 түрі бар: қасқыр, койот, шибөрі, эфиоп шибөрісі, ала шибөрі, теңбіл шибөрі. Осылардың қандайма түрі болмасын соңғы 200-250 жыл ішінде адамның кесірінен мейлінше сиреген. Қазір Жапония, Британ аралдарында тұқымы қалмаған. Франция, Голландия, Белгия, Дания, Швецария, Орталық Еуропада қасқыр жоқтың қасы.

Түрге бөлмей, тұтастай айтқанда қасқырдың салмағы 18-80 келі, ұзындығы 820-1600мм, құйрығының ұзындығы 320-560мм.болып келеді.

Қасқырлар үйірімен өмір сүреді. Бір үйірде 5-10 кейде 15-22 ге шейін жыртқыш болады. Әдетте үйірде 5-6 бөлтірік өреді. Өзінің өмір сүрер аумағын сарығымен және ағаштарды тырнап, белгілейді. Тырнақ-белгісі алыстан «мен мұндалап» тұрады. Өзге жыртқыштар бұл аумақтан айналып өтеді. Үйір ондаған, тіпті мың шаршы км-ге созылатын жерлерге ие бола алады. Азығы азайса, бұдан да кеңуі мүмкін.

Үйір басы - арлан. Бөлтірік өрбітерде қаншық ұябасы рөлін атқарады. Тұқайлы, ірі хайуандарға қасқыр жеке жүріп тиісе бермейді, көбіне бар үйірімен шауып, жемтік етеді. Жерді жақсы біледі. Үйренген жерлерінде жемтік аңдарын айдап-қуып, тығырыққа тіреп, аулайды. Құрбандығы күшті болса, оны діңкелетіп барып алады. Ол үшін қанша уақыт керек болса, сонша күтеді, яғни төзіммен жеңеді. Қара аю да құрбан. Бір қызығы өзінен он есе күштіні еңсеретін, жемтік талғамайтын қасқыр түлкіге келгенде түсініксіз мінез танытады. Көптеген зоологтардың байқауынша түлкіні ұстағанменен жемей тастап кететін көрінеді. Түлкі де қасқыр жоқта оның бөлтіріктерін өлтіріп кетіп отырады. Бірақ жемейді. Екеуінің арасында өзара антагонизм бар. Аңшылардың байқауынша өлген қасқырға құрт та түспейтін көрінеді.

Басқа жыртқыштарға қарағанда алдын ойлай жүретін қасқыр ет артығын көміп сақтайды.Кейін көмбесін иіспен табады. Өзінікі болмаса, басқанікі.

Қасқырдың тілі - мимика, яки тұмсығын тыржиту, өзгерту арқылы берілетін әсер және қимыл мен қалай тұрғаны, құйрығын қозғау арқылы да көңіл күйін білдіреді. Оның ырылы, ұлуы, пысқыруы өзінше бір белгі. Адамнан қауіп төнсе, пысқырып, бір-біріне белгі береді. Қасқырдың ұлуы -  айрықша тілі. Тұмсығын көкке ұмсынтып, ұзақ ұлуында жалбарыну да айбат-кәр де бар. Көкжал жорық алдында әулиелі молаға барып-шығады дейді. Мұның жалған-расы беймәлім, бірақ бұлжымас ақиқаты сол - оған сыйыну жат емес. Задында Жаратушысына арзу айтып, айлы түнде ұлиды.

Қасқыр қауіп-қатерді тез аңғарғыш және адамды тани біледі. Кім қатерлі, кім бейбіт -

ажыратады. Жылдамдығы сағатына 40-50 км, ал атылып, ырши жүрсе, сағатына 60-65 шақырымды оңай еңсереді.

Саяхатшы, журналист Василий Песковтың жазбаларына үңілсек, «Бірде, - дейді саяхатшы - Қасқырмен кездесіп қалдым. Арамыз он бес қадам. Алдымда тұрған ойлай білетін мақұлық екеніне еш бір күмәнім жоқ. Тіпті маған: бірдеңе сұрасаң - сөзің жауапсыз қалмайтын сияқты болып көрінді.» Дұрыс қой. Қасқырда табиғи түйсік тамаша жетілген. Түсінеді. Бірақ қайтпас қайсарлығы, тектілігі сол - ол ешқашан ешкімнің ырқына көнбейді. Тақа болса зоопаркке қамар, циркке ешқашан үйренбейді. Кейбір аң үйретушілердің қасқырды да қолға үйреттік деуі өтірік, олар итпен шатыс сылан, яки будандармен елді алдағанға мәз. Арланынан айырылған қаншық ауыл жағалап, итпен ұйығады, содан туған ит-қасқыр түр-түсі сұр болғанмен, іші ұрланған, шала, шикі келеді. Ол енді қасқыр емес. Ұлтын, діні мен тілін ұмытқан қайырсыз екіаяқты сияқты.

Қасқырды аяғы мен ақылы асырайды. Ол ұяластарымен бір ізбен жүріп, орын ауыстырады. Ол жерден бірнеше қасқырдың жүріп, өткенін әккі ізші ғана айырады. Сондай-ақ бүкіл үйір бас біріктіріп, ордалы жыландай көш түзейтін сәттері болатындай. Әлде солай көрінді ме екен? Әйтеуір өткен ғасыр шенінде Жаңақала бетінде көп қасқырдың әлдеқайға бет түзегенін байқағандар болған. Анау-мынау емес, өте көп, бірнеше үйір деседі. Неден ыққан? Қайда барады? Жұмбақ күйі қалулы.

Қасқырдың негізгі қорегі ет. Асқазанының мықтылығы сонша сақиған мұз етті, сіңір-сүйекті қопара қорытады. Жемтігінің мүйізі мен тұяғын ғана қалдырады. Аш қасқыр 25 келі етті бірден қылғытады. Етпен қатар орман жемістерімен де қоректенеді. Қасқыр аң біткенге өш емес, тек әлсіздерін аулайды. Осылай табиғи іріктелуді жеделдетеді.

Қазақстан аймағында сұр қасқыр көп тараған. Ара-кідік қарасы да кездеседі. Негізі біздің дала сұр қасқыр тұқымы, көкбөрі текті азулылардан. Сұр қасқырдың үлкені ұзынынан 160 см, биіктігі 100 см, салмағы 80 келі, бас сүйегі 270 мм. болып келеді. Бірақ табиғи сұрыпталу бұданда небір-небір зорларын шығарар, кім өлшеп-пішіп жатыр дейсің?

Қасқыр мен адам арасында бітіспес күрес адам баласы үй жануарларын бағып, мал шаруашылығын қолға алғалы жалғасып келеді. Бүгінде оқпен, умен, қақпанмен, неше түрлі жылдам көліктермен, тікұшақпен аулап, текті тұқымды тықсырып барамыз. Елімізде ұзын саны 30 мыңдай делінгенмен, жылдың төрт мезгілінде, кез-келген жерде оларды қырып-жоюға ешқандай шек қойылмаған. Сондықтан нақты саны, популяциясы белгісіз. Әрине, сөз жоқ, саны артып, жыртқыштар тарапынан мал-жанға қатер төніп жатса, тиісті шаралардың алынып, басын қысқартып отыру қажеттігін ешкім жоққа шығармайды. Солай болуы тиісте. Бірақ обал мен сауапты әмәнда есте ұстау парыз. Табиғаттағы Құдай жаратқан тіршіліктің ешбіреуі орынсыз қиянатқа лайық емес. Олар да ұрпақ өрбітіп, өмір сүруге қайырлы. Бұл заң, ар-ожданға жүк болған қасиетті кодекс. Бәрінің сұрауы бар. Қыр қазағы «салығын» төлеп қойып, қасекеңмен беймарал өмір сүрген. Қайтымына төрт түлігін зауал соқпайды. Егер тұқымын тұздай құртпақшылар табылып жатса, онда (2007 ж. қараша ) Қандық ауылында болған сұрапыл қайталанбасына кім кепіл?

Тағы да Мағауин ағамнан келтірсем: «Қазақтың қасқыры - әлбетте, қасқыр емес, шене, құрт кезінде, яғни бағзы заманда әлемдегі ең айбарлы аң болған. Және қандас, тумалас, ең сүйікті аң. Барлық жұрт емес, қазақ - әуелгі қазақ үшін. Арыстаның да, жолбарысың да тең емес. Рас, арыстан - сес пен күш, жолбарыс - еп пен қуат, бірақ шене, құрт - жүрек пен рух. Қайтпас ерлік. Әрі тылсым мен пыс. Сондықтан да бабамыздың байрағына түсіп, ұранына айналды.» Біз болсақ мысықтұқымдасты әспеттеп, нышан қылдық. Қайран-ай, бөрі басымдағы бөркім, шашымдағы буырыл көркім, ішімдегі өшпес өртім болатын. Солай болып қала бермек. Оны ешбірі атып та, тартып та, сатып та ала алмайды. Қазақтың қасқыры қазақпен бірге жасайды. Егер ол заһир (анық) қазақ болса!.. Бас азаттығын бәрінен биік қоятын ғаси ( қайсар) бөріні барлығынан жоғары қоятынымның гәпі осында! Орал қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3224
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279