Жұма, 11 Қыркүйек 2026
3685 2 пікір 19 Қараша, 2021 сағат 15:44

Тоқаев: АЭС-ке қатысты нақты шешім қабылдаймыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысын қоса алғанда, Қазақстанда атом энергетикасын дамыту перспективалары туралы айтты. 

"Түптеп келгенде, біз бұл мәселеге қатысты нақты шешімге келеміз деп ойлаймын. Қазақстанда электр энергиясының тапшылығының алғашқы белгілері қазірдің өзінде байқалады. Әрине, электр қуатының жаппай жетіспеушілігі туындаған жоқ. Әзірге тепе-теңдік бар. Алайда алғашқы белгілері білінуде. Сондықтан болашақты ойласақ, біз атом станциясының құрылысына қатысты нақты шешім қабылдауымыз керек. Басшының міндеті де тиімді шешім қабылдау", - деді президент.

Қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен "Самұрық-Қазына" қорына Қазақстанда қауіпсіз және экологиялық таза атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсырған болатын.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1080
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2632
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 755
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 723