Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2810 0 пікір 13 Шілде, 2009 сағат 19:36

Талғат БАЙСАРИН. Жүн мен тері рәсуа бола бере ме?

Облыс бойынша жүн-тері өнімдерін дайындау, өңдеу жұмыстары сол баяғысынша өткір күйінде қалып келеді. Мақаланың тұлабойын цифрлармен қаптатып қойғаннан гөрі халыққа, ел экономикасына қажет, маңызды саланың тұралап қалуының себеп-салдарына үңіліп көрсек.

Қолда бар деректерге ден қоя қарағанымызда, бұрын одақ көлемі былай тұрсын, сонау Түркия, Монғолия, қытай елдеріне емін-еркін жеткен жүн-теріміздің бүгінде неліктен ауылдардағы қоймаларда бүлініп жатқандығының сырына қаныққандай болдық. Айталық, биыл облыста 1700 тонна биязы, жартылай биязы, қылшықты жүн, 180 мың дана ірі қара, 400 мың дана ұсақ мал терісі дайындалыпты. Егер бұрынғыдай «Землячка» тері-бұйым комбинаты күні-түні сартылдап жұмыс істеп тұрса, әлгі айтқан жүн-теріміз өзімізде-ақ өңделіп, кейіннен қарайған тауарға айналғандай екен. Бірақ аталмыш шикізатты өңдейтін арнаулы орындардың жоқ болуы кәдімгідей қолбайлау көрінеді. Ал мұндай орындар облысымызды қойып, жалпы республика көлемінде саусақпен санарлықтай болса, не шара… әйтпесе, өзіміздегі «Аяз» ЖШС-ның бір өзі былтырғы түскен жүннен 47 тонна киіз, 11852 пар байпақ дайындаған да, республика бойынша тапсырыс түсірген өндіріс орындарына таратып жіберген. Шынтуайтқа келгенде, шамасы бұдан да көпке жетеді екен, бірақ сұраныс болмаған соң жұмысын доғарған.

Себебін сұрағанымызда, осы ұжымның бастығы Аманкелді Ермекқалиев мырзадан естіген әңгімеміздің нобайы мынаған саяды: серіктестіктің негізгі міндеті қарағанды, Жезқазған, Ақтөбе қалаларындағы өндіріс орындарынан арнайы тапсырыспен түскен бұйымдарды өндіріп отыру ғана. Олар кәдімгі қара жүннен жасалатын киіз, байпақ, киізқалпақ секілді өнімдер. Ал ақ жүн мен тері өнімдерін шығаруды мүлде қойған, өйткені сұраныс жоқ. Сұраныс болмағасын текке шығындалып қайтсін. Онсыз да жоғарыда айтылған өнімдерден түскен қаражат өз мұқтаждарын зорға жабатын көрінеді. Оның үстіне елден жинап алған шикізаттың сапасының сын көтермейтінін олар да айтып отыр.
- Жүннің лас, арасына небір бәленің қосыла келетіні былай тұрсын, жазғы қырқым мен күзем жүнін де араластырып жіберетіндері қиын, - дейді Аманкелді мырза қынжылып.
Сондықтан, жүн жинаумен айналысатын барша ағайынның құлағына алтын сырға: жүн неғұрлым лас әрі қиқым-қоқыс аралас болса, салмағы соғұрлым әжептәуір артады деген есекдәме емеуріннен ада-күде арылатын уақыт жетті. Жинап жүрген жүн-теріңіздің сапасы өте жоғары деңгейде болса, құны да кәдімгідей көтерілетінін есте ұстаған жөн. Сонда ғана өніміңіз өтімді болады. Ал ол тоқтаусыз өтіп жатса, өлімсіреп тұрған дайындау цехтарын да іске қосып жіберуі әбден мүмкін. Осы тәрізді «Аист» ЖШС-ның, тіпті жүн-тері өңдеумен айналысатын басқа да тиісті орындардың тірлігі осы тақылеттес. Бұларға тапсырыс жоқ, сондықтан жүн-тері тау болып үйіліп жатса да сұраныс аз. Алайда нарық заманының заңы қатал, оларға: «Тоқтама, бұрқыратып өндіре бер»,- деп сірә да айта алмайсың. Содан да тірнектеп жинаған жүн-терісінің өтімі нашар болған соң, облысымыздағы асыл тұқымды қой өсіретін қазталов ауданына қарасты «Жаңа тұрмыс» (И. әбілхатин) және Тасқала ауданындағы «Ізденіс» (С.Байтілесов) шаруа қожалықтары ұсақ малдарының негізін еті мол еділбай тұқымдас қойға ауыстыра бастағанына бәлен деп кінә тағу қиын.
Оның үстіне, барлық шаруа қожалықтарына қатысты қиын жағдай: олар қойдың бір келі жүнін 100 теңгеден қырықтырып, үкіметке қара қой жүні 20-25, ақ қойдың жүнін 50 теңгеден сатады. әрине, обал. Бұған атқарып жүрген еңбегінің жемісін көргісі келетін кез келген қожалықтың қожайыны қолын қусырып тұрып келісе қоюы екіталай. Осы орайда, үкімет тарапынан биязы, жартылай биязы жүнді өндіруші шаруа қожалығына көмек ретінде әр килограмына 162 теңге өтемақы төлеу туралы әңгіме бар көрінеді.
- Мұндай көмек жалпы жүнмен айналысатын барлық қожалыққа қарасты болса, керемет болар еді, - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасындағы мал шаруашылығы бөлімінің бастығы қали Ахон мырза.
Сосын алыстан арбаламай-ақ, мынау іргеміздегі Ақтөбедегі жүнді алдын ала өңдеу фабрикасын батыстың технологиясымен жабдықтап, іске қайта қосса, оның қуаты батыс өңіріндегі облыстардан жүн қабылдап алуға толық жететін көрінеді. қали аға айтқан осы бір арман жүзеге асар болса, онда облысымыздағы жүн-тері шикізатын өңдеу ісі дөңгеленіп жүре берерінде күмән жоқ. Демек, шикізат өңдейтін комбинаттар ауадай қажет. Бұған үкіметтің жеңіл өнеркәсіпті, оның ішінде биязы жүнді қабылдап, өңдеуге жасап жатқан шаралары іске асса, іздегенге сұраған болар-ақ еді. әне, сонда ғана осы іспен айналысып жүрген кез келген шаруа малының жүн-терісінің жартысынан астамы іріп-шіріп далада қалмас еді.
Дегенмен таяқтың жуан ұшы өздеріне де тиетінін шаруа қожалықтары мықтап түсінуі керек сияқты. «Жүн-терінің теңгеге емес, тиынға өткеніне де шүкір дейтін болдық» дей бергеннен гөрі, бағана сөзіміздің басында айтқандай, өнімдердің сапасына да кәдімгідей көңіл бөлулері керек. әйтпесе, оның құм-қиыршық аралас лас жүні мен шұрық тесік терісін кім алады? Алар еді, алайда ана бір жылдардағыдай «Мал өнімдері корпорациясының» ұйымдастыруымен Италияға кеткен 40 тонна жүн-терінің төрт-ақ (!) тоннасы әупіріммен ғана өтіп, қалғаны ысырап болып, далада қалмаса. Сондықтан өздері үшін көл-көсір табыс көзіне айналғалы тұрған жүнді тап-таза қырқып, малды аса мұқият сойғаны абзал. Сонымен мамандар пікірінше, малды қырқып-сою технологиясын жоғары деңгейде жолға қоя білсек, ол – шикізат өнімдерін өңдейтін комбинаттардың іске қосылуын жеделдетер еді. Ал сапалы шикізатпен үсті-үстіне қамтамасыз етіліп жатқан мұндай комбинаттар қытайдың сапасыз, арзанқол өнімдерінен арылатын күнді жақындата түсері кәміл. әне, сонда: «Аяғыма кигенім, Оралдан шыққан былғары етік» деп әндетіп жүрер едік, - дейді осы кәсіптің төңірегінде жүргендер.
Ал, сіз бұған не дейсіз, ауылдағы ағайын?!

Талғат БАЙСАРИН
«Орал өңірі» газеті  9 шілде 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5456