Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 2802 0 пікір 26 Қараша, 2021 сағат 15:50

Кузбастағы апат: қаза тапқандар саны өсті

Кемерово билігі "Листвяжная" шахтасындағы кеншілерді іздестіріп жатқан үш құтқарушының қайтыс болғанын мәлімдеді. Бұл жөнінде Кемерово облысының губернаторы Сергей Цивилев хабарлады.

Ресейдің Кемерово облысы Белов қаласындағы көмір шахтасында жарылыс болып, соңы өртке ұласқан оқиғадан 11 адам қаза болып, 43 кенші зардап шеккен.

Медициналық апат орталығының аймақтағы бөлімшесінің ақпаратына қарағанда, зардап шеккендердің барлығы өртенген заттардың иісінен уланған.

Апат болан кезде шахтада кемі 287 адам болған, 236-сы эвакуацияланған. 35 адам іздестіріліп жатыр.

"Олар өз бетінше жер үстіне шығуы мүмкін" деді шахта әкімшілігі "Интерфакс" агенттігіне.

Жарылыс тереңдігі 250 метр жерде болған. Жарылысқа жабдықтар ақауы мен табиғи жағдай себеп болуы мүмкін деген болжам айтылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5297