Сәкен Алдашбаев. «Асаба» ма, «Тойаба» ма?
Есімдері елге танымал Б. Әлімқұлов пен Е. Әбдірәмановтардың 1994 жылы шығарған «Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл» атты қазақи сат-дәстүрге негізделген кітабы қолыма түсті. Бұрын бір шолып шыққаныммен, бұл жолғыдай терең бойламаппын. Дана қазақтың салтын нақты келтірген баспаның әр сөзіне мән беріп оқып отыр едім. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей той алдындағы дайындық жайында біртіндеп, рет-ретімен айтып келе жатқан түсіндірменің мына бір қатарына келгенде үлкен ойға қалдым.
Кітапта: «Келетін қонақтардың жолы, жасы, дәрежесіне қарай арнайы қонақ үйлер тігіп, ас сақтайтын шошалалар дайындалады. Кімнің қай үйге түсетініне әбден қанық күтушілер бекітіліп, әр үйге қымызға лық толы емізіктелген саба қойылады. Сегіз қырлы, бір сырлы той басқаратын тойабалар мен сыбағалы табақ жасайтын асаба сайланады» деп келтіріліпті.
Сонда қалай, біз айтып жүрген той басқарушымыз «асаба» емес, «тойаба» ал, атақ берілмеген жілік-жілікті бөліп, қонақ мәртебесіне қарай табақ жасайтынымыз «асаба» болғаны ма? Демек, «Асабасы жоқ асқа жарымас» деген халықтық мақалдың мәні осында екен ғой. Әлде кітапта кінәрат бар ма? Дереу оқулықты аударып қарадым. Редактор меңгерушісі - Н. Ақбаев, өндіріс бөлімінің меңгерушісі - Ә. Бекбатыровалар деп жазылып тұр. Бұл кісілермен кім дауласады?

Кітапты қолыма алып мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мамандарына барып, той басқарушыларды кім дейміз деп сұрадым. Таныстарымының барлығы «әрине, асаба» деп жауап берді. Бірақ оны талдауға келгенде мардымды жауап ала алмадым. Бірқатар той басқарушы асабаларға да жолықтым. Олар асаба жайлы өздері не өздерінен үлкендердің шығарып кеткен екі ауыз шумақтарын дәлелдеуден аспады.
Амал жоқ, бұл жөнінде ғалымдарға баруға тура келді. Сөйтіп, Қызылорда мемлекеттік университеті қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының кандидаты Абасилов Аман Мадилханұлына жолығып, уәжімді айттым.
Ғалымның айтуынша, «Асаба» сөзін екі мағынада қарауға болады. Бірінші, асаба - сын есім. Көне сөз. Орыстарда топас, ұрдажық деген мағынаны береді.
Мәселен, «Айман Шәкен арқылы қазақтың бай жуандарының оспадар, асаба, топас, рахымсыз мінез құлықтарын сөккенде Асан басын шұлғи берді»,- деп Ғ. Мұстафиннің «Дауылдан кейін» деген романынан үзінді келтірді. Осында «Асаба» деген сөз оспадар, топас, ұрда-жық деген мағынасында. Екінші мағынасында «асаба» зат есім, той ағасы, дастархан басшысы, яғни, тамада деген мағынаны береді»,-деді ғалым. Бұдан әрі:
- Сөздік құрылымына келетін болсақ, асаба екі түбірден құралған күрделі сөз. «Ас»-тамақ, тағам, «аба» көптеген түркі тілдерінде «аға», «ата» деген мағынаны береді. Сонда Асаба зат есім мағынасында бүгінгі қолданып жүргеніміз дұрыс. Яғни, тамада, дастарханды басқарушы, ас басқарушы, дастархан басшысы деген сөз. Ал сын есім мағынасындағы осападар, топас, ұрдажық деген көнерген сөз ретінде оны бүгінде ешкім қолдана қоймайды, қолданылмайды десек болады,-дейді Аман мырза.
Ендеше, тойаба сөзін қандай түсінікке жатқызамыз деген сауалға ғалым: ««тойаба» ол - той дастарханын жасаушы адам, «тойдың ағасы», яғни, той дастарханын сөзбен басқаратын адам шығар. Мұны әліде зерттеп көру керек, қандай мағына білдіретінін»,- деді филолог.
Осылайша, «тойаба» сөзінің толық, нақты мағынасын ғалымның алдынан да ашықтай алмай қайттық. Бәлкім, алдағы уақытта басы ашылар, тіпті белгілі де болар, алайда бүгінгі айтып жүрген Асабамыз ғалым айтпақшы, тойды сөзбен басқаратын емес, тойдағы ас, дастархандағы тағамдарға ғана жауап беретін адам шығар. Кітапта көрсетілгендей керісінше, сегіз қырлы бір сырлы тойаба тойды сөзбен басқаратын бүгінгі «асаба» деп жүрген жанымыз болар. Бұл жағын көзі қарақты, құйма құлақ, шежірешіл қалың оқырманнан сұраймыз. Бүгінде тойды сөзбен басқарып жүргендер «Асаба» ма, тойаба ма?
«Абай-ақпарат»