Сенбі, 23 Қараша 2024
3338 2 пікір 2 Желтоқсан, 2021 сағат 16:47

Үкімет Митталға тиесілі шахта жұмысын тоқтатады

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің Қарағанды облысындағы департаменті Күзембаев атындағы шахтадағы жұмысты тоқтатуды талап етті.

Күзембаев шахтасы - Қарағандыда миллиардер Митталға тиесілі сегіз шахтаның бірі. Бұның алдында "Абай" шахтасындағы апаттан кеншілер қаза тапқан.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының Саран қаласында орналасқан шахтадағы жұмысты тоқтату жөніндегі шағымды бейсенбі күні Қарағандыдағы ауданаралық экономикалық сот қарай бастады. Арызданушы шахтада анықталған олқылықтар жұмысшылар өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді деп есептейді.

— Жұмысты неге тоқтату керек деп сұраймыз? Шахта апатты жағдайда, өндіріс қауіпсіздігі талаптарына сай емес, - деді ТЖМ департаментінің өкілі.

Олқылықтар тексеру кезінде анықталған, шахта басшылығына уақыт берілгеніне қарамастан, оларды осы күнге дейін ешкім жөндемеген. Күзембаев шахтасындағы жұмысты тоқтату жөніндегі құжат қазанның соңында тапсырылған, ал 7 қарашада оның қасындағы "Абай" шахтасында апат болып, алты кенші қаза тапты. Мұнда да апатқа дейін олқылықтар бары анықталған.

Компания соттан толық тексеруге уақыт беруін, соттың келесі отырысын бірнеше күннен кейін өткізуін сұрады. Сот отырысты 14 желтоқсанға белгіледі.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341