Жантайлақ Мұқатай. Болмашы анықтамаға бола бiздi Моңғол елiне жiберiп, әбден мазақ еттi
ҚР Бiлiм және Ғылым министрi Б.Жұмағұловтың назарына!
Менiң ағам Ақтайлақ Мұқатайұлы 1949 жылы Моңғол елiнде дүниеге келген. Кезiнде асау жылқыны жүген-құрықсыз мiнiп жүре беретiн. Шаңырағы өртенiп, киiз үйдiң iшiнде қалып қойған бес жасар баланы осы шапшаңдығының арқасында ажал аузынан аман алып шыққан да болатын. Бұл оқиғаға байланысты Моңғол елi оған "Шударга-журым" деген медальмен марапаттаған-ды. Осындай абзал азамат 1994 жылы жан-жарынан айырылды. Бес жетiм баламен қалды. Қырсық бiр айналдырғанды шыр айналдырады емес пе?! Ақтайлақ қант диабетiнiң салдарынан бiр аяғының бас бақайын кестiрген, содан кейiн тағы да үш жерiнен кесiп, ақыр аяғы бiр аяқтан толық айырылды. Бұл 1998 жылы едi. 2004 жылы қалған сау аяғы тағы ауырып, оны да кестiрiп тастады. Сонымен, екi аяқтан бiрдей айырылып, қол арбаға таңылып, 1-топтағы мүгедек болып қалған ол 2010 жылдың қазан айында қайтыс болды. Артында үш тұл жетiм қалды. Жетiм мен жесiрiн жылатпаған қазақпыз ғой, Ақтайлақтың iнiсi мен, Жантайлақ, тұл жетiм қалған балаларын қамқорлығыма алдым. Ендi осы балаларға төленетiн жәрдемақысын ала алмай жүрмiн.

2011 жылдың наурыз айында барлық қажеттi құжаттарды Қарағанды облысы Бұхар жырау аудандық бiлiм бөлiмiне апарып тапсырған едiм. Хабар болмаған соң ҚР Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұловқа хат жаздым. 2011 жылдың шiлде айында министрдiң нұсқауымен сең қозғалды-ау, әйтеуiр. "Қамқоршысы болды" деп қаулы шығарып берген соң, мен құжаттарды 2011 жылдың наурыз айында тапсырдым. Бұл кiсiлер қаулыны тым кеш шығарыпты. Содан болар "екi айға (қыркүйек, қазан айына) отыз мың теңге шығардық" деген. Сол теңгенi күнi бүгiнге дейiн алғаным жоқ.
Ендi Айсәуле Ақтайлақ пен Қайнар Ақтайлаққа төленетiн балалардың жәрдемақысын ала алмай жүрмiн. Барлық құжаттарын Бұхар жырау аудандық жәрдемақы төлеу орталығына апарып тапсырғанмын. Не үшiн жәрдемақыны ала алмай жүргенiмдi сұрағанымда, "Моңғол елiнен анықтама керек" дедi. Оны да алып келiп тапсырдым. Әлi жауап жоқ. Бiр болмашы анықтама үшiн сонау Моңғол елiне жiбергенiн түсiнбей қойдым. "Басы ауырмастың қасында балтырың сыздамасын" деген осы болар.
Бұхар жырау аудандық балалардың жәрдемақы төлеу орталығының бөлiм меңгерушiсi Г.К.Шукенова ханымның қабылдауында да болдым. Ол кiсi де сырғытпа жауаппен шығарып салды. 2010 жылдың қазан айынан бүгiнгi күнге дейiн Бұхар жырау ауданына 11 рет такси жалдап барыппын. Бiр жолғы таксиге 4 мың теңгемен бардым. 11 рет барып келгенiңiздi есептей берiңiз. Ауыл әкiмi Алтын Мұханова ханымнан да қайыр болмай тұр. Қаражаттың жоқтығынан Қайнар Ақтайлақұлы өзi қалаған оқу орнына түсе алмай қойды. Тек қана бiр жылдық кәсiптiк-техникалық оқуды мiсе тұтуға мәжбүр болды. Сонымен қатар басымыздағы баспанамызды да заңдастыра алмай жүрмiз.
Жантайлақ Мұқатай,
Гагарин ауылы,
Бұхар жырау ауданы,
Қарағанды облысы.
«Абай-ақпарат»