Елбасы Жолдауындағы адам капиталының сапасы. Ол нені білдіреді?
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әлеуметтiк-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына биылғы Жолдауында қазақстандық жолдың жаңа кезеңi ол экономиканы нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа мiндеттер екенiн атап өттi. Қазiргi әлемде бұл әлеуметтiк-экономикалық жаңғыртудың негiзгi мәселесi. Бұл Қазақстанның таяу онжылдықтағы дамуының басты бағыты. Президент Қазақстан он бағыт бойынша кешендi мiндеттердi жүзеге асыруы қажет деп атап өттi.
Қазақстандықтарды жұмыспен қамту, оқытудың тиiмдi жүйесiн құру және жұмысқа орналастыруға көмектесу, ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға көмек көрсету, еңбек ресурстарының жинақылығын арттыру, Қазақстанның экономикалық белсендi орталықтарында жұмысқа орналастыру жұмыстарына басымдық берiлiп отыр.
«2011 жылы халықты жұмыспен қамту бағдарламасы 60 мың адамның қатысуымен iлкi режiмде сынақтан өттi. Барша дайындық жұмыстар мен заңнамалық база iске асырылды. Ендi осы маңызды бағдарламаны жүзеге асыруға көшу керек. Сондықтан Үкiмет пен әкiмдерге биылдан бастап осы бағдарламаны ауқымды iске асыруды тапсырамын. Бiз бағдарламаның соңында, яғни 2020 жылға қарай 1,5 млн. адамды сапалы жұмыспен қамтамасыз етуiмiз керек»,- дедi Елбасы.

Елiмiзде жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлуде. Ең алдымен, жарты миллионнан астам жас отбасыны жеке баспанамен қамтамасыз ету туралы мәселенi шешу маңызды. Бұл үшiн жалға берiлетiн тұрғын үй алаңын 1 миллион шаршы метрге жеткiзу қажет. Қуатты Қазақстан дегенiмiз бұл ең әуелi өңiрлердiң қуаттылығы. Елдiң болашағы экономикадағы келешегi зор салалардың дамуымен байланысты.
Жолдауда сот және құқық қорғау жүйесiн жаңғырту мәселесi де айтылды. Сот корпусын қалыптастыру тәртiбiн түбегейлi қарастыру қажет. Ағымдағы жылы жаңа Қылмыстық-процессуальдық кодекстi, жекеменшiк детектив қызметi туралы заң жобасын әзiрлеудi аяқтау қажет. Құқық қорғау және арнайы органдарды сапалы кадрлық жаңарту маңызды мәселе. Елбасы Жолдауында осы жолы адам капиталының сапасын арттыруға үлкен басымдық берiлген. Бұл, ең алдымен, бiлiм және денсаулық сақтау салаларына қатысты. Оқыту үдерiсiне заманауи әдiстеме мен технологияны енгiзу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, бiлiктiлiктi растайтын тәуелсiз жүйенi құру, жастар үшiн бiлiмге қолжетiмдiлiк аясын кеңейту қажет. Бiлiм тек бiлiм берiп қана қоймай, сондай-ақ алған бiлiмiн әлеуметтiк бейiмделу үдерiсiнде пайдалануға икемделуi керек. Адам әлеуетi деңгейiн арттырудың өзге маңызды бағыты қолжетiмдi және сапалы медициналық қызмет көрсету, саламатты өмiр салтын алға жылжыту болып табылады. Сонымен қатар Жолдауда зейнетақы жүйесiн жетiлдiру, электронды үкiмет жүйесiн дамыту, индустриялдық iрi жобаларды жүзеге асыру, ауыл шаруашылығын өркендету сынды мәселелер алға тартылды.
Т.ТӨЛЕНДИЕВ,
Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы
инспекциясының бастығы.