Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Енді қайттік?.. 22938 1 пікір 6 Желтоқсан, 2021 сағат 13:02

Қаңтарда соғыс басталады...

Ресей әскері қаңтар айында Украина аумағына басып кіреді. Мұндай болжамды «Washington Post» АҚШ барлау қызметінің құпия құжаттарына сүйене отырып жазды. Былай дейді әйгілі басылым: «2022 жылдың қаңтарында Ресей 175 мың әскермен Украинаға басып кіреді, оған 100-ден астам батальон дайындалуда. Украинаға шабуыл артиллериялық соққы жасаумен басталып, десант тастаумен жалғасын табады».

Возможно, это изображение (карта)

Украинаға Ресей әскері басып кіруінің ықтималдығын неміс басылымдары да жарыса жазуда. «Bild» басылымы төмендегі картаны жариялап, Ресей Украинаға екі сценарий бойынша басып кіруі мүмкін дейді. Бірінші сценарий бойынша шабуыл бірнеше бағытта өтеді және Ресей әскері Қырым, сепаратистер қолындағы Шығыс Украина мен Беларусь аумағы арқылы сан тарапты шабуылға шығады. Екінші сценарий бойынша Украинаның оңтүстігі мен солтүстік-шығыс бағытта шабуылға шығып, тез арада Киевке кіруді көздейді. Мақала авторлары Ресей тез арада Украинаның үштен екі бөлігін басып алуы мүмкін деп болжайды. Ресей билігі бұл мақаланы «басылымның деңгейіне сай емес сандырақ» деп атаса, Киев «бұл шындыққа сай» деп мәлімдеді.

Karte/Map: Putins Einmarschplan in die Ukraine – Infografik

АҚШ Мемхатшысы Энтони Блинкен 5 желтоқсанда швед арнасына сұхбат беріп, былай деді: «Қауіп расымен орасан, өйткені біз Украина аумағына топтасқан өте көп әскерді көріп отырмыз. Біз Украина ішін бүлікке бастап, ел арасына іріткі салу жұмыстарын, әлеуметтік желідегі жалған ақпараттың ондаған есе артқанын аңғарудамыз.  Ал ең басты мәселе біз дәл осындай әрекетті бұрын көрген едік. 2014 жылы тура осылай болған еді. Ақыры біз Ресейдің Украинаға басып кіргенін көрдік». 

«Bloomberg» басылымының жазуынша Ресей Украинаға қаңтар айында кіреді, себебі бұл ақаған қыс және аталмыш уақытта Еуропа елдерінің Ресей газына тәуелділігі еселеп артады. Ресей газды саяси рычаг ретінде пайдаланатын болады.

Дегенмен Ресейге қарсы Еуропа елдері мен АҚШ бұрын-соңды салынбаған санкциялар пакетін дайындап отыр. Егер Мәскеу әскери әрекетке барса, онда санкциялар салынбақ. Бұл жолы экономиканы құлдыратумен қатар, Ресейді ғаламдық интернеттен өшіру де көзделген. Ұлыбритания, Канада мен АҚШ Украинаға әскери көмек көрсету жағын ойластыруда. Көмек ретінде қосымша «Джавелин» мен «Стингерлер» берілмек. Сонымен қатар әуе күштеріне қарсы қорғаныс жүйесін беру де талқылануда. Ауғанстан әскеріне арналған тікұшақтарды Киевке беру мәселесі де көтеріліп отыр.

Сарапшы Михаил Притуланың ойынша Ресей Украинаға басып кіре алмайды.

«Қазір Украинаға Батыс беріп жатқан қарулар Ресей алдында басымды береді. Мысалы шабуылға танктер кіріссе, біз «Джавелиндер» аламыз, сөйтіп шабуыл басталмай жатып бітеді. Осылайша Ресей шабуылы болмай қалады», - дейді ол.

Cарапшылар Ресей әскері қаншалықты қуатты болса да, олардың Украина аумағында үлкен кедергілерге тап болуы мүмкін екенін айтады. Мысалы әскери жеке компания өкілдері Украина үшін соғысуы мүмкін, алайда олар Украина сарбаздарының формасында болмақ дейді олар.

Еуропа елдері Ресей Украинаға басып кірсе, онда Ресейдің үміт артқан «Солтүстік ағым – 2» жобасын тоқтатып тастау керектігін ұсынды. Қазір Украина үшін соғысуға ниетті еріктілер жасақтары да үндеу тастауда. Олардың ішінде Литва, Эстония, Латвия, Польша, Финляндия өкілдері бар.

Украинаға Ресейдің шабуылы 2014 жылы басталды. Ресей агрессиялық саясатпен Қырымды тартып алып, отарлады. Ал ел шығысында соғыс отын жақты. Осылайша екі ел арасындағы қақтығысқа жеті жыл болды. 2021 жылдың 7 желтоқсанында Ресей басшысы Путин мен АҚШ басшысы Байден кездесуі тиіс. Аталмыш кездесуден кейін Киев тағдыры да шешіледі дейді мамандар.

Қазір Украина шекарасы маңында Ресейдің 95-115 мың әскері топтастырылды. Сонымен бірге артиллерия, жанармай тасу көліктері де шекара маңында тұр. Бұл «шабуыл жасалуы мүмкін» деген күдікті қоюлата түседі.

Асхат Қасенғали

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1533
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3313
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6006