Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 9158 4 пікір 23 Тамыз, 2012 сағат 11:21

Қазақ-ағылшын әліпби жобалары

Құрметті интернет қолданушылар!

Назарларыңызға ұсынылған осы қазақ-ағылшын харыпты әліпбидің 5 нұсқасына өз пікірлеріңізді берсеңіздер. Әрқайсыңыз қазырғы қолдауға жарамды електрондық бейресми әліпби таңдауға қатысып, қазақтілді қауымды харып мәселесінен құтқаруға қол ұшын берсеңіз екен. Сөйтіп, ең болмаса хат-хабар алысуға ортақ қоғамдық және бейресми әліпби таңдап бекітсек, ешкім қарсы болмас.

Ағылшын қарыпты бірнеше қазақ әліпби жобаларын жариялай отырып, интернет қолданушыларының пікірін білгіміз келеді.

НҰСҚА  АВТОРЛАРЫ  ӘЗІР  КӨРСЕТІЛМЕЙДІ.

1-НҰСҚА

Кесте:LatKaz-AHlJun

Құрметті интернет қолданушылар!

Назарларыңызға ұсынылған осы қазақ-ағылшын харыпты әліпбидің 5 нұсқасына өз пікірлеріңізді берсеңіздер. Әрқайсыңыз қазырғы қолдауға жарамды електрондық бейресми әліпби таңдауға қатысып, қазақтілді қауымды харып мәселесінен құтқаруға қол ұшын берсеңіз екен. Сөйтіп, ең болмаса хат-хабар алысуға ортақ қоғамдық және бейресми әліпби таңдап бекітсек, ешкім қарсы болмас.

Ағылшын қарыпты бірнеше қазақ әліпби жобаларын жариялай отырып, интернет қолданушыларының пікірін білгіміз келеді.

НҰСҚА  АВТОРЛАРЫ  ӘЗІР  КӨРСЕТІЛМЕЙДІ.

1-НҰСҚА

Кесте:LatKaz-AHlJun

«Батпандап кірген ауру мысқалдап шығады» деп, өзімізді алдаусыратып, жұбатып қоямыз. Сөйтіп шыдам танытып, шыдас беріп келеміз.Бүгінгі қазақ жазуына, тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек деп жүргеніміз сондықтан. Реформа бір ғана әліпби ауыстырумен тынбайды. Реформа үш мәселені - дыбыс, әліпби және еміле-ереже - бірдей қамтиды: дыбыс - өзге тілдерден бөлектеп тұратын тілдің тұрпат-тұрқы; әліпби - сол дыбыстың қауызы, басқаша айтқанда, қорғаны мен оққағары; еміле-ереже - дыбыстардың басын біріктіріп, сөз құрап тұратын дәнекері. Осы үш мәселе бір-бірімен байланысты және қатар шешілмей төл жазу қалыптаспайды.

Ал әліпби ауыстыру - қазақ жазуына реформа жасаудың алғы шарты және ең төте жолы болып табылады. Егер латын жазуына баптап өте алсақ, онда көптеген тіл бұзар таңба мен еміле-ережелер өзінен-өзі түсіп қалады.
Сонымен, қазақ тілінің төл дыбыстары: а, ә, б, ғ(-г), д, е, ж, з, й, қ(-к), л, м, н, ң, о, ө, п, р, с, т, у(w), ұ, ү, ш, ы, і. Осы дыбыстардың сыртында қазақ тілінің дыбыстарын іздеп әуре болмау керек, өзге дыбыс жоқ. Осы жердегі бәрімізді шатастырып жүрген У таңбасының дыбыс мәні, тілімізде өте жиі кездесетін, «ерін-еріндік жуысыңқы үнді [w] дауыссыз дыбысы» болып табылады: ау[aw], ауа [awa], әу [äw], әуе [äwe], су [suw], суы [suwu], у [uw], уық [uwuq], уіл [üwül], күлу [külüw], аю [ayuw], үю [üyüw] т.с.с. Бұл дыбыс орыс тілінде жоқ, ал ағылшын тілінде бар, көріп отырсыздар, қазақ тілінде де бар.

Мен латын графикасын тек осы төл дыбыстар үшін ғана құрастырған едім. Ондағы ойым, алдымен қазақ сөзінің үндесім әуезіне лайық әліпби үлгісін дайындап алу болатын. Ондай әліпби, егер қазақ тілінің қамын шын ойласақ, бөгде тілдің дыбыс-таңбасынан арылған таза, қоспасыз болу керек. Ал өзге орыс тілінен енген кірме дыбыстар мен таңбалар жайын, басқа амалдың жоғынан, өз алдына шешу керек деп, екінші кезектегі мәселе ретінде ескертіп отыратынмын. Және оның үлгісін алыстан іздемей-ақ, орыстардың өздері көрсетіп отырғанын да еске салып қоятынмын. Мысалы, в-v//ph, ф-f//bh, ц-tc, ч-ch т.б. Маған сенбесеңіздер, орыс тілінің жазба дерек көздерін ақтарып қараңыздар. Орыстардың өзі халықаралық құжаттарды, компания аттары мен жарнамаларды латынша беруге мәжбүр болып отырғанын күнде оқып-көріп отырмыз ғой. Соны көре-біле отырып, неге орыстақылықты аспандатып, қазақылықты тұқыртып отырамыз?

Жалпы, Ресейдің өзінің кирилшеден айрылмай отырғанын уақытша құбылыс деп қарау керек. Сонда бүгінгі қазақ әліпбиі дербес-дербес екі бөліктен (төл әліпби өз таңба құрамы және еміле-ережесімен, ал кірме сөздердің жазылуы өз таңба құрамы және еміле-ережесімен) тұрады. Бұған дейінгі барлық жарияланымдарымызда оның үлгісін беріп отырған болатынбыз [Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі: тарихы, тағылымы және болашағы. -Алматы: Арыс, 2007. Б.231. т.б.]. Кестеде тек ұлттық әліпби тізімі тұрады, кестенің сыртында кірме дыбыстардың жазылым еміле-ережесі мен үлгісі беріледі. Бұл - амал жоқтан болып жатқан іс. Ендеше, орыс сөздерін қалай жазамыз деп уайымдап, орыс тілінен айрылса далада қалатындай болып жүрген өз ағайындарымыз үрейленбей-ақ қойсын. Кірме орыс сөздерінен әзір құтыла қоймаймыз, сондықтан оның жазылымына көңіл бөлмей отыра да алмаймыз.

Кирилше

Латынша

Аталуы

1

А а

A a

А

2

Ә ә

Ä ä

Ә

3

Б б

B b

Бы

4

Ғ ғ(-Г г)

Ğ ğ(-G g)

Ғы (-гі)

5

Д д

D d

Ды

6

Е е

E e

Е

7

Ж ж

J j

Жы

8

З з

Z z

Зы

9

Й й

Y y

Ый

10

Қ қ(-К к)

Q q(-K k)

Қы (-кі)

11

Л л

L l

Ыл

12

М м

M m

Мы

13

Н н

N n

Ны

14

Ң ң

Ň ň

Ың

15

О о

O o

О

16

Ө ө

Ö ö

Ө

17

П п

P p

Пы

18

Р р

R r

Ыр

19

С с

S s

Сы

20

Т т

T t

Ты

21

У у

W w

Ұу

22

Ұ ұ

U u

Ұ

23

Ү ү

Ü ü

Ү

24

Ш ш

Š š

Шы

25

Ы ы

І ɪ

Ы

26

І і

İ і

І

 

2-НҰСҚА

 

Кесте:LatKaz-MZhDAT

 

Латын харпі

Кирил  харпі

Қазақша оқылуы

1.

А а

А а

[ а ]

2.

B b

Б б

[ бы ]

3.

С с

К к

[ кі ]

4.

D d

Д д

[ ды ]

5.

E e

Е е

[ е ]

6.

F f

Ф ф

[ фы ]

7.

G g

Г г

[ гі ]

8.

H h

Ң ң

[ ың ]

9.

I і

I і

[ і ]

10.

J j

Й й

[ й ]

11.

К к

Қ қ

[ қы ]

12.

L l

Л л

[ лы ]

13.

M m

М м

[ мы ]

14.

N n

Н н

[ ны ]

15.

O o

О о

[ о ]

16.

P p

П п

[ пы ]

17.

Q q

Ғ ғ

[ ғы ]

18.

R r

Р р

[ ры ]

19.

S s

С с

[ сы ]

20.

T t

Т т

[ ты ]

21.

U u

Ұ ұ

[ ұ ]

22.

V v

В в

[ вы ]

23.

W w

У у

[ у ]

24.

X x

Х х

[ хы ]

25.

Y y

Ы ы

[ ы ]

26.

Z z

З з

[ зы ]

Сонымен қатар қазақ тіліндегі "құрамдас" дыбыстарды латынның қос харпімен белгілеуді жөн көрдік:

 

Кирил  харпі

Қазақша оқылуы

Латын харіптерінің қосарланған тізбегі

1.

Ә ә

[ ә ]

Aе ае

2.

Ө ө

[ ө ]

Ое ое

3.

Ү ү

[ ү ]

Ue uе

4.

Ж ж

[ жы ]

Zһ zһ

5.

Ш ш

[ шы ]

Sһ sһ

 

Кірме құрамдас дыбыстарды белгілеу үшін мына латындық таңбалар тіркестерін ұсынамыз:

 

Кирил  харпі

Қазақша оқылуы

Латын харіптерінің тізбегі

1.

Ё ё

[ йо ]

Jo jo

2.

И и

[ ій ] / [ ый ]

Ij  іj / Yj  yj

3.

Ц ц

[ цы ]

Ts ts

4.

Ч ч

[ чы ]

Ch ch

5.

Щ щ

[ щі ]

Shsh shsh

6.

Э э

[ йе ]

Je je

7.

Ю ю

[ ійіу ] / [ ыйыу ]

Ijіw іjіw / Yjyw yjyw

8.

Я я

[ ійә ] / [ ыйа ]

Ija іja / Yja yja

 

Кірме құрамдас дыбыстардың бұл топтамасын болашақ латын харпі негізіндегі әліпбиге енгізбеуге де болады. Орыс тілінен енген кірме сөздерде бұларды қолдану қажет болса, онда осы кестені немесе орыс тілінде қолданылып жүрген латын-орыс транслитерациялық таңбалар жүйесıн пайдаланамыз.

Сонымен латиницаға көшудің біраз пайдасы болары сөзсіз. Бірақ-та көптеген қиындық туғызатынын да жоққа шығаруға болмас. Бұл қиындықтарды былай топтастырайық:

1.       Жасы ұлғайған адамдардың көпшілігі ағылшын танбаларымен жазылған материалды мүлде оқи алмайды ғой. Ағылшын таңбаларымен жазылған қазақша кітап, газеттерді оқуға қиналатын адамдар жастардың арасында да аз болмасы анық.

2.       Көптеген қазіргі харіппен басылып шыққан қазақ тіліндегі кітаптарымызды болашақ ұрпақ еркін оқи алмайтындай болып қалады. Әлбетте, оларды компьютердің көмегімен ағылшын таңбаларына көшіріп, қайтадан басып шығаруға болады. Бірақ-та, бәрін қайта шығару мүмкін емес қой.

3.       Латиницаға көшу біраз қаржы талап ететіндігін де ескермеуге болмас.

Яғни, таңдаумыз - екі жол: 1) Ағылшын таңбасына көшу; 2) Кирилдік әліпбиде қалып қою. Бұл екі жол - біздің таңдар жолдарымыздың "ең шеткілері" - деп ойлап, "ортаңғы" - "күре тамыр" жол іздесек қалай болар екен? Мысалға:

3) Кирилица мен латиницаны қатар пайдаланайық. Болашақта "қай жеңгені" біздікі.

3а) Компьютерде, компьютер жиі қолданылатын жүйелерде, алыс-жақын шетте жүрген қандастарымызбен Internet, E-maіl, Жерсеріктік теледидар, Телеграф-Телетайп жүйелері арқылы хат-хабар, ақпарат алмасуымызда, яғни елшілік жүйесіндегі мемлекеттік деңгейде қолдана тұрған дұрыс деп табылсын; өзіміз таңдап бекіткен ағылшын таңбаларын латын-қазақ транслитерациялық таңбалар жүйесı ретінде қолданайық.

3ә) Мектепте төменгі сыныптардан бастап латиницаны үйретейік (ағылшын тілімен бірге). Қазақ сөздерін ағылшын әріптерімен жазуды ойын ретінде (компьютердегі ойын ретінде) үйрете бастайық.

3б) Латын-қазақ транслитерациялық таңбалар жүйесıн қазақ тілінің компьютерлік-мағлұматтық және байланыстың техникалық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару ісін жүргізудегі жазба таңбалары деп қабылдайық.

3в) Басқа жағдайларда кирилицаны әзірше қолдана берейік.

Осыдан кейін "әліптің артын" бағайық. Болашақ ұрпақтарымызға өздері біржола түпкілікті таңдауын жасап алуына мүмкіндік қалдырайық.

Латын-қазақ транслитерациялық таңбалар жүйесı бола ма, әлде қабылдануға тиіс әліпбидің өзі бола ма, әйтеуір ауыстырмас бұрын терең зерттеп, мұқиат таңдауды талап етері хақ. Бірақ, әліпбиге қарағанда транслитерациялық таңбалар жүйесıн таңдаудың "жарасы жеңіл" болады-ау деп пайымдаймыз, өйткені транслитерациялық таңбалар жүйесıн қазірдің өзінде аса көп ойланбастан қабылдай тұрып, кейін уақыты келгенде оны әбден жетілдіріп, түрлендіріп, өзгертетін жерлері болса түзетіп, түпкілікті  әліпбиге айналдырып алуға болады ғой демекпіз. Себебі, бүгіндері қазақ тілінің дыбыстық жүйесі тыңғылықты түзілмей отыр /Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. - Алматы: Сөздік-Словарь, 1999/, оны жүйелеу үшін уақыт қажет.

Ал транслитерациялық таңбалар жүйесıн мемлекеттік деңгейде стандарттап алу - уақыт күттірмейтін шараға айналатын күн туып тұр!

Аl transljteratsjalyk tahbalar zhuejesin memlecettic dehgejde standarttap alw - wakyt cuettirmejtin sharaqa ajnalatyn cuen twyp tur!

3-НҰСҚА

Кесте: LatQaz-Jan

A a     {А а}

A' a'        {Ә ә}

B b      {Б б}

V v      {В в}

G g     {Г г}

X x     {Ғ ғ}

D d          {Д д}

E e      {Е е}

-     {Ё ё }

J j      {Ж ж}

Z z     {З з}

Iy іy/Y y {И и}

Y y     {Й й}

K k      {К к}

Q q     {Қ қ}

L l      {Л л}

M m       {М м}

N n     {Н н}

Ng ng  {Ң ң}

O o     {О о}

O' o'  {Ө ө}

P p         {П п}

R r      {Р р}

S s       {С с}

T t      {Т т}

U u    {У у}

U' u'      {Ұ ұ}

Y y     {Ү ү}

F f       {Ф ф}

H h     {Х х}

-      {Һ һ}

-          {Ц ц}

Ch ch  {Ч ч}

Sh sh  {Ш ш}

-       {Щ щ}

W w  {Ы ы}

I і           {I  і}

-       {Э э}

Yu yu {Ю ю}

Ya ya  {Я я}

 

 

4-НҰСҚА

Кесте:  LatKaz-MuxDa'vKun

Латын харпі

Кирил  харпі

Қазақша ескіше оқылуы

Қазақша түзетілген

қазіргі оқылуы

Ағылшынша-

қазақша оқылуы

1.

А а  / A' a'

А а  / Ә ә

[ а / ә ]

[ а / ә ]

[ eі / α / æ ]

2.

B b

Б б

[ бы ]

[ бій ]

[ bі: / bіy ]

3.

С с / C' c'

Ш ш / Щ щ

[ шы / щі ]

[ шы / щі ]

[ sі: / òj / òòі ]

4.

D d

Д д

[ ды ]

[ дій ]

[ dі: / dіy ]

5.

E e

Е е

[ е ]

[ е ]

[ і: / e ]

6.

F f

Ф ф

[ фы ]

[ еф ]

[ ef ]

7.

G g

Ж ж

[ жы ]

[ жый ]

[ dʒі: / gjy ]

8.

H h

Ң ң

[ ың ]

[ ің ]

[ eіtò: / іŋ]

9.

I і

I  і

[ і ]

[ іі ]

[ aі / іі ]

10.

J j

Ы ы

[ ы ]

[ ыы ]

[ dʒeі / jj ]

11.

К к / K' k'

Қ қ / К к

[ қы / кі ]

[ қы / кей ]

[ keі / kj / keі ]

12.

L l

Л л

[ лы ]

[ ел ]

[ el ]

13.

M m

М м

[ мы ]

[ ем ]

[ em ]

14.

N n

Н н

[ ны ]

[ ен ]

[ en ]

15.

O o / O' o'

О о / Ө ө

[ о / ө ]

[ оу / ө ]

[ oυ / ou / œ ]

16.

P p

П п

[ пы ]

[ пій ]

[ pі: / pіy ]

17.

Q q / Q' q'

Ғ ғ / Г г

[ ғы / гі ]

[ ғы / гі ]

[ kυ / qhj / gі ]

18.

R r

Р р

[ ры ]

[ рр ]

[ α: / rr ]

19.

S s

С с

[ сы ]

[ ес ]

[ es ]

20.

T t

Т т

[ ты ]

[ тій ]

[ tі: / tіy ]

21.

U u

Ү ү

[ ү ]

[ үү ]

[ υ: / џ: ]

22.

V v

У у

[ ыу / іу ]

[ у ]

[ vі: / υ ]

23.

W w

Ұ ұ

[ ұ ]

[ ұұ ]

[ dÙbl υ / Ұ: ]

24.

X x

Х х

[ хы ]

[ хе ]

[ eks / khe ]

25.

Y y

Й й

[ ы ]

[ уай ]

[ waі ]

26.

Z z

З з

[ зы ]

[ зет ]

[ zet ]

 

 

5-НҰСҚА

Кесте:  LatKaz-MZhDAT-DSA

 

Латын харпі

Кирил  харпі

Қазақша ескіше оқылуы

Қазақша-Кирилше оқылуы

Қазақша түзетілген

қазіргі оқылуы

Ағылшынша-қазақша

жаңаша оқылуы

1.

А а

А а

[ а ]

[ а ]

[ а ]

[ eі / α ]

2.

B b

Б б

[ бы ]

[ бэ ]

[ бій ]

[ bі: / bіj ]

3.

С с

Ш ш

[ шы ]

[ ша ]

[ шы ]

[ sі: / òy ]

4.

D d

Д д

[ ды ]

[ де ]

[ дій ]

[ dі: / dіj ]

5.

E e

Е е

[ е ]

[ е ]

[ е ]

[ і: / e ]

6.

F f

Ф ф

[ фы ]

[ эф ]

[ еф ]

[ ef ]

7.

G g

Ж ж

[ жы ]

[ же ]

[ жый ]

[ dʒі: / zhyj ]

8.

H h

Ң ң

[ ың ]

[ эң ]

[ ің ]

[ eіtò: / іŋ]

9.

I і

I і

[ і ]

[ і ]

[ іі ]

[ aі / ¡і ]

10.

J j

Й й

[ й ]

[ ый / ій ]

[ ей ]

[ dʒeі / ej ]

11.

К к

К к

[ кі ]

[ ка ]

[ кей ]

[ keі ]

12.

L l

Л л

[ лы ]

[ эл ]

[ ел ]

[ el ]

13.

M m

М м

[ мы ]

[ эм ]

[ ем ]

[ em ]

14.

N n

Н н

[ ны ]

[ эн ]

[ ен ]

[ en ]

15.

O o

О о

[ о ]

[ о ]

[ оу ]

[ oυ ]

16.

P p

П п

[ пы ]

[ пе ]

[ пій ]

[ pі: / pіj ]

17.

Q q

Г г

[ гі ]

[ ге ]

[ гі ]

[ kυ / gі ]

18.

R r

Р р

[ ры ]

[ эр ]

[ рр ]

[ α: / rr ]

19.

S s

С с

[ сы ]

[ эс ]

[ ес ]

[ es ]

20.

T t

Т т

[ ты ]

[ те ]

[ тій ]

[ tі: / tіj ]

21.

U u

Ұ ұ

[ ұ ]

[ ұ ]

[ ұұ ]

[ υ: / ¥: ]

22.

V v

В в

[ вы ]

[ ве ]

[ вій ]

[ vі: / vіj ]

23.

W w

У у

[ у ]

[ ұу / үу ]

[ у ]

[ dÙbl υ / υ ]

24.

X x

Х х

[ хы ]

[ ха ]

[ хы ]

[ eks / khy ]

25.

Y y

Ы ы

[ ы ]

[ ы ]

[ ыы ]

[ waі / yy ]

26.

Z z

З з

[ зы ]

[ зе ]

[ зет ]

[ zet ]

 

Қазақ тіліндегі "құрамдас" дыбыстарды латынның қосарлы харпімен белгілеп, бұл кестеде келтірілген дыбыстарды "дифтонг" деп қарастырған жөн:

 

Кирил  харпі

Латынның қос харіптері

Қазақша оқылуы

Қазақша ескіше оқылуы

Ағылшынша-

қазақша оқылуы

1.

Ә ә

Ae ae

[ ә ]

[ ә ]

[ æ ]

2.

Ө ө

Oe oe

[ ө ]

[ ө ]

[ œ ]

3.

Ү ү

Ue ue

[ ү ]

[ ү ]

[ ue: ]

4.

Қ қ

Kһ kһ

[ қа ]

[ қы ]

[ κy ]

5.

Ғ ғ

Qһ qһ

[ ға ]

[ ғы ]

[ gy ]

 

Кірме құрамдас дыбыстарды белгілеуде де қосарлы таңбалар қолданамыз:

 

Кирил  харпі

Қазақша оқылуы

Латынның қосарланған харіптері

Ағылшынша-

қазақша оқылуы

1.

И и

[ ій ] / [ ый ]

Ij  іj / Yj yj

[ іі / yі ]

2.

Щ щ

[ щі ]

Cc cc

[ òòі ]

 

Орыс тілінен енген кірме сөздерде бұлардан басқа дыбыстарды қолдану қажет болса, онда осы кестелерге енбеген дыбыстар үшін орыс тілінде қолданылып жүрген латын-орыс транслитерациялық таңбалар жүйесıн пайдаланамыз.  Егер де бұл дыбыстар қазақ тілінің дыбыстық жүйесін стандарттау кезінде тілде қалдырылатын болса, онда олар да "дифтонг" деп қабылданатын болсын.

6-НҰСҚА

 

Кесте:  LatKaz-EBAh

ҚАЗАҚЫ ҮНШЕЛЕР (ФОНЕМАЛАР)

Аталған жағдайларды қазақ тілінің өзге тілге тәуелдік сипаты есебінде бағалап, оны құтқаратын уақыт келді. Жоғарыда талданған сараптамаларды ескере келіп, қазақ тіліне барынша тән ЖӘ жасақтауға негіз етуге болады.
Сайып келгенде, қазақ тіліндегі 42 әріппен 74 үншені таңбалап жүрміз. Ал оған төмендегіше дәйектелген 28 әріп те жеткілікті. Егер әліпбиге қазақ тіліне тән сипатын берсек, мынадай кесте шығады:

ӘРІП

ДАУЫССЫЗДАР

(буыншақ дыбыстар)

1

б

бы,бі, ыб, іб

2

г

гі, іг

3

ғ

ғы, ығ

4

д

ды, ді, ыд, ід

5

ж

жы, жі, ыж, іж

6

з

зы, зі, ыз, із

7

к

кы, кі, ык, ік

8

қ

қы, ық

9

л

ыл, лы, іл, лі

10

м

ым, мы, ім, мі

11

н

ын, ны, ін, ні

12

ң

ың, ің

13

п

пы, ып, пі, іп

14

р

ыр, ры, ір, рі

15

с

сы, ыс, сі, іс

16

т

ты, ыт, ті, іт

17

у

ұу, іу

18

х

хы,ых (арап-парсы)

19

ш

шы, ыш, ші, іш

АҒЫЛШЫН ҚАРЫПТЫ ЕЛЕКТРОНДЫҚ БЕЙРЕСМИ ӘЛІПБИ

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, ағылшын харыпты қазақ әліпбиі төмендегідей үлгіде жасақталды:

 

кирилше

латынша

үнше

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

 

Аа

Әә

Бб

Ғғ

Гг

Дд

Ее

Ыы

Іі

Жж

Ққ

Кк

Лл

Мм

Нн

Ңң

Оо

Өө

Пп

Рр

Сс

Шш

Тт

Ұұ

Үү

Уу

Йй

Зз

Aa

Ahah

Bb

Ff

Gg

Dd

Ee

Yy

Hh

Jj

Xx

Kk

Ll

Mm

Nn

Ngng

Oo

Qq

Pp

Rr

Ss

Cc

Tt

Ww

Vv

Uu

Ii

Zz

а

ә

бы,бі, ыб, іб

ғы, ығ

гі, іг

ды, ді, ыд, ід

е

ы

і

жы, жі, ыж, іж

қы, ық

кі, ік

ыл, лы, іл, лі

ым, мы, ім, мі

ын, ны, ін, ні

ың, ің

о

ө

пы, ып, пі, іп

ыр, ры, ір, рі

сы, ыс, сі, іс

шы,ыш,ші,іш

ты, ыт, ті, іт

ұ

ү

ұу, үу, ыу, іу

ій, ый

зы, зі, ыз, із

 

Ұқтырма

Әліпби ағылшынның 26 қарпынан жасақталып, 28 әріптен түзілді. Әріптің 26-сы біртаңбалы, екеуі ғана қостаңбалы, ал ағылшын әліпбиінде қостаңбалылар саны - 21, өзбектің латын әліпбиінде - бесеу (мұның екеуіне апостроф қосарланған). Екінші таңба ретінде і әрпі ретінде алынған h қарпы жіңішкертуші таңбаға таңдалып, ә дыбысының әрпіне сәйкес түрде а дыбысының жіңішке нұсқасы ретінде ah таңбасы; ал  ң әрпіне қазақ тілі үшін әбден жарамды ағылшын тілінің белгілі ng қосағы таңдалды. Айырықша атап өтерлік жайттар:

- Қ әрпіне жуық бұрынғы Х таңбасы таңдалды;

- Ұ дыбысы - W (қос «уай» дыбысы Ұ дыбысына жуық екені ескерілді) және оның жіңішке нұсқасы Ү дыбысы - V әрпімен (қос «уайдың» сыңары, Ұ-ның жіңішке нұсқасы Ү үшін таңдалды) таңбаланды; бұларға туындылас Ө әрпі де графикалық жағынан жуықтас Qq қарпымен (бұрыннан таныс әріптің ортаңғы сызығы төменге түсірілді) алмастырылды.

Осылайша графикалық жақындықпен Ғғ әрпі үшін ағылшындық Ff алынды. Қалған әріптердің ағылшынша қарыпталуы кескіндес және кәдімгі латындық қолданыстағы нұсқалар болып табылады. Сонда қолданыстағы графикалық дәстүрден тыс  6 қарыпты жаңаша меңгеруге тура келеді. Бұл әліпбилік жүйеге ешбір техникалық және электрондық қосалқы әзірлік пен шығын керек емес, әлемнің кез келген жеріндегі электрон сайманы қазақ тіліне қолданысқа түсе береді.

Жоғарыда келтірілген емлелік принциптерді іске асыруда қос таңбалы әріптердің қатарлас келуі немесе қабаттасуы болмайды,оның үстіне өзбек әліпбиіндегідей жазуды қиындататын артық белгі (апостроф)жоқ; сондықтан оларды осылайша қолдану ешбір тұйыққа тіремейді де, ағылшын тергісінің (клавиатура, теруіш-клавиш) барлық мүмкіндігі сол күйінде қазақ тілінің де игілігіне айналады.

Асты сызылған осы мәтінді жаңа әліпбиге салсақ, әрбір төрт-бес жол біреуге қысқарып, мынадай жазба аламыз:

Jofaryda keltrlgen emlelk prinspterdh hske asruda xos tangbaly ahrpterdng xatarlas keluh nemese xabattasuy bolmaidy, sondxtan olardy oslaica xoldanu ecbr  twixxa tremeidh de, aflcn tergsnng barlx mvmkndgh sol kvinde xazax thlnng de ighlgne  ainalady.

Байқалып тұрғандай, жаңа әліпби кестесінде әріптердің әдеттегідей атауы жоқ, әріп қатарында сәйкес үншелердің (фонема) дыбысталуы бар. Бұл қазақ тіліне тән үндесім заңдылығын жазбаға барынша тиімді қолдануға мүмкіндік береді және жазу емлесін мейлінше қарапайым етеді. Алайда, дыбыстық жүйеге негізделген ескі әліпбиге бойұсынғандар үшін бұл емле біршама ерсі көрінуі мүмкін.Алайда, мұны жас ұрпақ тез меңгереді. Шамамен алғанда, жаңа әліпбиді меңгеру жастар үшін 1-3 күн, ал ересектерге бір апталық мерзім жеткілікті.

Аталмыш әліпбиді жазбалық үдеріске салмас бұрын міндетті түрде қазақ тілінің электрондық дұрыс жазу тексермесін (мұндай электрондық программа барлық шет тілдерде бар) әзірлеп, компьютерге тегін енгізуді қарастыру керек. Сондай жағдайда, әрбір сөзді тере бастаған қолданушы компьютердің көмегімен басқы әріптерді тере бастағанда, сөздің дайын үлгісіне тап болады, сөйтіп, ешбір сөз қате терілмейтіндей және оны тексеретіндей электрондық мүмкіндік болмақ. Бұл тексермені жүзеге асыру үшін әуелі әлгі әліпбиге негізделен қазақ тіліндегі лексикалық бірліктерді толығымен электрондық орфографиялық сөздікке айналдырып, дайындау жұмысын атқару қажет.

«Абай-ақпарат»

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5278