Жұма, 29 Наурыз 2024
Билік 2734 0 пікір 20 Желтоқсан, 2021 сағат 17:47

ДСМ: Министр міндетін Жандос Бүркітбаев атқарады

Жандос Бүркітбаевқа Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару жүктелді. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі растады. 

Айта кетейік, бұған дейін Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарып келген болатын. Жандос Бүркітбаев 1972 жылы 27 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген.

1996 жылы C. Асфендияров атындағы Алматы ұлттық медицина университетін (емдеу ісі), 2003 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (мемлекеттік және жергілікті басқару), 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын (фармация), 2018 жылы ҚДСЖМ Қазақстан медицина университетін, 2020 жылы «Тұран-Астана» Университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің Н.И. Пирогов атындағы Ұлттық медико-хирургиялық орталығының докторанты.

Еңбек жолы: Алматы қаласындағы шұғыл медициналық көмектің қалалық клиникалық ауруханасының дәрігері (1996-1998); Алматы қаласындағы республикалық Апаттар медицинасы орталығының дәрігері (1998-1999); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің, Білім және ғылым басқармасының бас маманы (1999-2000); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің дәрі-дәрмек саясаты, Медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы (2000-2001); ҚР ДСМ фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп және ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу бөлімінің бастығы (2001-2002); ҚР ДСМ фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп және дәрі-дәрмек саясаты басқармасының бастығы (2002-2004); «Ақтөберентген» АҚ кеңесшісі (2005-2007); ҚР Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму бойынша комитетінің Қызметті қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2007-2008); Астана қаласының «Қан орталығы» ШЖҚ ҚКК басшысы (2008-2011); ҚР Денсаулық ҚР ДСМ «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ (2011-2019); ҚР ДСМ «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС басқарма төрағасы (2019-2021).

Вице-министр қызметінде – 2021 жылдың қаңтарынан бері.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2273
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3590