Сенбі, 23 Қараша 2024
Айқай 5362 16 пікір 12 Қаңтар, 2022 сағат 13:50

Ресей Көлбаевтың қолымен от көсеп отыр ма?

Араға жылдар салып, алғаш рет қазақтар өз елінде, өз жерінде 75 пайызға жеткен тұста, билікке өз уәжін білдіре білген шақта, ел ішіне жік салатындар төбе көрсете бастады.

Сол төбе көрсетушілердің бірі өз қандасымыз – Бақытжан Көпбаев. Таяуда тіркелген «Казахстанское общество интернационалистов» қоғамдық бірлестігінің серкесі Бақытжан Көпбаев әуелі «ТикТок-та» бейнеүндеуін жариялап, артынан «camonitor.kz» тілшісі Сәуле Исабаеваға: «Қазақстан Бейбауырымдары: партия құрудағы алғашқы қадам//Интернационалисты Казахстана: первый шаг к созданию партии», - атты сұхбат берді.

Енді мына ресейлік картаға көз салайық:

Бейнеүндеуде Еліміздегі Компартияның жақтасы саналатын Бақытжан мырза өз ұлтын «казахо-фашисты» деп ғайбаттап, алаш баласына күйе жақты. Ал, сайтқа берген сұхбатында мемлекетшілдік идеяға бас біріктірген бүкіл қазақты «фашистер» деп деп жариялады. Ал өзі құрған, болашақта «партияға айналатын» қозғалыс Қазақстандағы қазақи фашизммен күресушілердің басын біріктіретін қозғалыс-мыс.

«Біз бірікпесек, қазақтар дұнған, өзбек және ұйғыр сияқты саны көп аз ұлттарды қырған соң, бірден орысқа ауыз салып, артынан өзара қырыласады», - деген бейнеүндеуімен Бақытжан мырза нені меңзеп отыр?..

Сонда Көлбаевқа ана тілінде сөйлеп, алаштық рухта ойлайтын бүкіл қазақты ұлтшыл-радикал деп күстаналауға кім тізгін берді? Ар жағында орыс барлауының ізі жатқан жоқ па? Қазақ пен өзге ұлттық азшылықтың арасына от жағып, саяси жік салуға тырысқандардың көздегені не? РФ Көлбаевтың қолымен от көсеп отырған жоқ па?

Қазақ тілді қазақ пен орыс тілді қазақты екіге бөлуге тырысқан солтүстік көршіміздің көздегені белгілі. Бірақ, оның айтағына ерушілерге бір шара қолданатын кез қашан туады?!

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

 

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377