Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 3271 1 пікір 17 Қаңтар, 2022 сағат 11:08

Түркия: Қазақстанға көмек ұсынуға әзірміз

Түркияның Ұлы ұлттық жиналысында саяси партиялар Қазақстандағы «қаңтар оқиғасына» қатысты бірлескен арнайы мәлімдеме жасады. Abai.kz ақпараттық порталы аталған мәлімдемені қазақ тіліне аударып, оқырман назарына ұсынып отыр. Мінекей:

Мәлімдеме

Біз бауырлас Қазақстандағы соңғы күндері орын алған жағдайға алаңдаушылық танытамыз. Қазақстанның тұрақтылығы мен тыныштығы біз үшін өз еліміздің бейбітшілігі мен тыныштығы сияқты маңызды. Қазақстандықтардың парасаттылығы мен басшылықтың төзімділігі арқасында бәрі тынышталып, елдің қалыпты өміріне оралып жатқанына қуаныштымыз.

​Оқиға салдарынан қаза тапқан бауырларымызға көңіл білдіреміз, Қайғылы оқиғаға байланысты Алланың мейірімі мен шыдамдылық тілейміз. Зардап шеккендер тез жазылып кетсін.

Біз адам өміріне қауіп төндіретін, қоғамдық тәртіпті бұзып, мүлікке зиян келтіретін кез келген зорлық-зомбылық пен іс-әрекеттерге қарсымыз.

Халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған күн тәртібіндегі шешімдер мен Қазақстан Әкімшілігінің реформаларын қолдаймыз.

Біздің Ардагерлер кеңесі 15 шілдедегі мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті кезінде қазақстандық биліктің қолдауын ұмытпайды.

Түркия Қазақстан тәуелсіздігін алған күннен бастап оны қолдайды және бұдан кейін де Қазақстан бейбітшілігі мен тұрақтылығын сақтау үшін кез келген көмек ұсынады.

Мұстафа Шентоп,

Түркияның Ұлы ұлттық жиналысының спикері.

Энгин Алтай,

Түркияның Республикалық халық партиясы парламенттік тобы төрағасының орынбасары.

Мусават Дервишоглу,

IYI Ұлтшылдық партиясы парламенттік тобы төрағасының орынбасары.

Джахит Озкан,

Әділдік және даму партиясы парламенттік тобы төрағасының орынбасары.

Эркан Акчай,

Ұлтшылдық қозғалыс партиясы парламенттік тобы төрағасының орынбасары.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407