ҰҚШҰ әскері толық шығарылды
Ресейдің әскери-көлік авиациясының соңғы төрт ұшағы Қазақстаннан Ресейге ұшып кетті. Ішінде ҰҚШҰ күштері мен бітімгерлер жетекшісі бар.
"Бортта бітімгерлері бар Ресейдің әскери-көлік авиациясының төрт ұшағы Қазақстанның Нұр-сұлтан және Алматы әуежайларынан ұшып шықты", - делінген хабарламада.
Осы төрт ұшақпен генерал-полковник Андрей Сердюков бастаған бітімгерлердің соңғы бөлімшелері мен бітімгершілік контингентінің қолбасшылығы елдеріне қайтты.
Бұған дейін Ресейдің әскери-көлік авиациясының ұшақтарымен Армения, Беларусь, Тәжікстанның бітімгершілік контингенттері үйлеріне қайтқан. Қырғызстаннан келген бітімгерлер штаттық техника мен қару-жарақпен колонна құрамында шеру жасап, үйлеріне оралды.
Abai.kz