Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 8761 21 пікір 20 Қаңтар, 2022 сағат 13:25

Қазақтілді халық өз елінің тағдырын қолына алды

Елде болған соңғы толқулар қазақтілді халықтың өз мемлекетінің тағдырын қолына алғанын көрсетіп отыр.

Қазақтілді халық тіпті өз мемлекетінің тарихын түбегейлі өзгертіп жіберу құдіретіне ие халыққа айналыпты.

Осы факторды ескере отырып келешек үкімет, парламент, басқарушы органдарға қазақтілді менеджерлер көптеп тартылуы керек деп ойлаймын.
Меніңше, Тоқаевтың кешегі тағайындаған үкіметі елдегі орын алған кризистен жедел шығу мақсатымен отырған уақытша үкіметке ұқсайды.
Көп ұзатпай Тоқаев өзінің команда құрамын жаңадан жасақтайды деп жобалаймын.
Парламент те солай болуы мүмкін.

Сол тұста жоғарыдағы мен жазған фактор ескерілуі тиіс деп үміттенемін.
Келешекте билік басына, заң шығарушы органдарға қазақтілді менеджерлер көбірек тартылуы керек.

Біздің бұрыңғы шенеуніктер өз ана тіліне шорқақ, қатып қалған нұротанның бюрократтары болатын.

Сөзін "елбасының тапсырмасымен" деп бастап, елді әбден мезі еткен, құнары жоқ сөзді сапыратын, беделден жұрдай кілең карьеристер еді.
Қарап отырсам, сол уақытта олардың арасынан таңдап тұрып Астанадан сонау Маңғыстаудағы шерушілерге басу айту үшін жіберілетін шенеуніктер де болмапты.

Олар халық алдына шығып ана тілдерінде шешен сөйлеу былай тұрсын, тіпті оны білмейді де.

Сондықтан билік те енді қазақылануы керек.
Соңғы он жылда ел қатты қазақтанып кетті. Бұл жерде сол қазақтанған елді басқаруға өз менеджерлерінің қажеттілігі туралы мәселе туындап отыр.

Олжас Әбіл

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419