Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 4496 73 пікір 11 Ақпан, 2022 сағат 13:42

«Қасіретті қаңтар»: Орыс барлаушылары нені білген?

Күні кеше Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге арнайы сапармен барды. Путин мен Тоқаев екі сағаттан астам келіссөздер жүргізіп, нәтижесінде 11 құжатқа қол қойылды. Кездесу барысында Путин Қазақстандағы «Қасіретті қаңтар» оқиғасына байланысты көңіл айтып: «көршілес елге бандалық құрылымдар шабуыл жасады», - деп атады. Бір қызығы Ресейдің Сыртқы барлау қызметінің директоры Сергей Нарышкин кеше үлкен сұхбат берді. Ол сұхбат барысында Қазақстандағы оқиғаларды алдын-ала білгенін айтты.

«Барлау қызметінде Қазақстанда бір сұмдықтың дайындалып жатқаны жайлы ақпараттар болды ма», деген сұраққа, ол былай деп жауап берді:

«Әрине болды. Ең алдымен Сириядағы ДАИШ содырлары талқандалған соң, Орталық Азияға келгенін білдік. Бұл бізге де, өзге елдерге де құпия емес ақпарат еді. Олардың келуі кімнің жасырып-қолпаштауымен іске асырғаны да белгілі болды. Бұл мәселе бойынша аймақтағы барлық елдер алаңдаушылық танытты. Біз бұл ақпараттармен ҰҚШҰ құрамындағы елдермен бөлістік, әрине Қазақстанмен де.

Қазақстандағы оқиғалар экономикалық ұрандарды ту еткен бастапқыдағы бейбіт митингті деструктивті саяси күштер өз мақсатына пайдаланып, түрлі-түсті революциялар жасауға ұмтылатынын аңғартты. Бұл күштер түрлі содырларды да қолдануға тырысады. Оларды басқару қалыпты механизм арқылы іске асады және 2014 жылғы Украина оған дәлел.

ҰҚШҰ-ға мүше елдердің осы сәттегі әрекеті саяси жігер мен мемлекет басшыларының бір ауыздан нақты шешім қабылдауы арқылы тәртіпсіздіктер мен террорлық шабуылдарды тоқтатуға болатынын анық көрсетті. Экстремистік және террорлық топтардың қауіптері сейілген жоқ, олардың тәжірибелері мол және қаржылай қолдауға ие. Сондықтан үнемі мониторинг жасап, террорға қарсы барлау қызметтерінің бірлесе әрекет етуі тиімді болмақ», - дейді ол.

Осылайша ол Ресейдің сыртқы барлау қызметтері Қазақстандағы оқиғалардың ұйымдастырылып жатқанын білгені жайында нақты айтты.

ҰҚШҰ арнайы операциясынан кейін ұйымға мүше мемлекеттер арасында жаттығулар саны артатыны айтылды.

«Қазақстан Республикасының аумағында біз ҰҚШҰ әскерлерінің әртүрлі құрамдас бөліктерін дайындауды біріктіретін бірлескен және арнайы оқу-жаттығулар өткізуді жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады ҰҚШҰ Біріккен штабы басшысы Анатолий  Сидоров.

Тәжікстанда Орталық Азия аймағының Ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен «Шекара-2022» бірлескен оқу-жаттығуы өтеді. Қатысушылар халықаралық лаңкестік ұйымдарға қарсы тұру бойынша тапсырмаларды пысықтайды. Қорытынды кезеңде Қырғыз Республикасының аумағында ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен «Мызғымас бауырластық – 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарлануда. Оқу-жаттығу барысында бітімгершілік операциясын жүргізе отырып, дағдарыс аймағындағы жанжалдан кейінгі реттеу міндеттері пысықталады.

«Қазіргі таңда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер арасында әскери қақтығыстар мен саяси дағдарыстар ушығып тұр. Ұйымға мүше Армения Қарабақ дауына байланысты Әзербайжанмен шиеленісі артты, ал Қырғыз елі мен Тәжікстан арасында шекаралық атыс көбейген. Беларусь пен Ресей Батыстың санкциясының астында жатыр. Бұл қақтығыстар ұйымның біртұтастығынан бөлек, экономикалық әлеуетіне де кері әсерін тигізеді», - дейді.

Abai.kz

73 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437