Сенбі, 23 Қараша 2024
Бұ не мазақ? 4542 7 пікір 14 Ақпан, 2022 сағат 12:47

Неоотаршылдар енді балаларға ауыз салды ма?

Өткен жылдың соңында Орталық Азиядағы ресейшіл «stanradar.com» дейтін қырғыз сайты: «Ұлтшылдар Қазақстан балабақшаларын жағалауда. Қазақюгендтің күні алыс емес» (Националисты добрались до казахстанских детсадов. Казахюгенд на подходе?) атты көлемді мақала жариялады. 

Бірақ, негізгі материалды «tengrinews.kz» сайтынан алып, Түркістан облысында осындан 3-4 бұрын оқиғаны «Семей қаласында болған» деп, айды аспанға шығарады.

Аталған мақала қазақ еліндегі мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі ұлттық патриоттық тәрбиені мансұқтауға арналған. Балабақшадағы жас бүлдіршіндеріміздің 1986 жылғы «Желтоқсан қозғалысының» қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің өмірінің ақырғы күні арқау болған сахналық қойылымын келмеске кеткен «КСРО дәуіріне қарсылық тарихты бұрмалау» деп тауып,  You Tube арнасына қазақ тіліндегі бейнебаянды енгізіпті.

Бүлдіршіндерге ұлттық патриоттық тәрбие беруді мақсат еткен ұстаздардың педагогикалық тірлігінен «фашизм» елесін көріп, өз рөлдерін тамаша сомдаған балдырғандарды «Қазақюгендті» деп, ат қойып, айдар тағуы көңілге секем алдырады. «Сонда біз Ресейдің посткеңестік кеңістіктегі отарымыз ба?» деген ойға қаламыз.

Бұған қатысты екі ай өтсе де өз қарсылығын білдіретін бір саяси әм мемлекеттік тұлғаның табылмағанына пұшайман болады екенсің!?

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443