Мәскеуде мигранттарға қысым күшейді
Мәскеу облысындағы тәжік мигранттарының айтуынша, соңғы бір аптада полиция қызметкерлері мигранттарды бірнеше мәрте тексеріп, бірнешеуін ұстаған.
Адам құқықтарын қорғаушылардың пікірінше, Истра ауданында "Пятерочка" дүкеніне шабуылдан соң мигранттарға қысым күшейген. Биыл 9 ақпанға қараған түнде болған шабуылдан дүкеннің 51 жастағы касса қызметкері қайтыс болды, дүкен қожайыны мен әйелі ауруханаға түсті. Полиция шабуылға қатысы бар делінетін төрт күдіктіні ұстаған. Ресейлік ақпарат құралдары олардың тәжік азаматтары екенін жазған.
Содан бері аймақтағы еңбек мигранттарынан маза кетті, дейді Умаршох есімді тәжік азаматы. Оның айтуынша, полиция қызметкерлеріне аймақты қылмыс жасауы мүмкін адамдарда тазартуға тапсырма берген. Дегенмен жергілікті полиция мұндай мәліметті растамады, терістеген де жоқ.
"Бір ақымақтың кесірінен біз зардап шегіп жатырмыз. Бұған дейін де керемет емес еді, енді тіпті қиын болды. Тексеруден көз ашпаймыз", - дейді Умаршох. Еңбек мигранттарының құқықтарын қорғаушы Мұхаммаджон Собировтың айтуынша, бір аптаның ішінде Истрада шамамен 100 адам ұсталды. Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі азаматтардан шағым түскенін растады. Қазір Ресейде бір миллионнан астам тәжікстандық жұмыс істеп жүр.
Abai.kz