Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 5937 48 пікір 19 Ақпан, 2022 сағат 13:26

Донбасста дүмпу басталды

Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс ушығып, соғыс жағдайына келді. Украина аумағын сепаратистер көмегімен 17 ақпанда жаппай атқылау басталған еді. Ал 18 ақпанда Ресейге Донбасстан 700 мың адамның көшірілетіні белгілі болды. Бұл туралы Луганск және Донецк сепаратистік аймағының басшылары мәлімдеді.

Арнайы бұйрық бойынша 18-55 жастағы азаматтардың шығуына тыйым салынған. Олардың барлығы әскери міндетін өтеуге тиіс санатта, сондықтан сепаратистер әскеріне қосылуы тиіс.

Түнде сепаратистер тарапынан бірнеше жарылыстар ұйымдастырылды. Нақтылап айтсақ, Донецкте көлік жарылса, Луганск маңында газ құбыры атылды. Әрине, аталмыш жарылыстарды Ресей тарапы Украина ұйымдастырды деп отыр. Алдағы уақытта Ресей бұл өтірігіне иланған халқының сеніміне сүйеніп, Украинаға басып кіруі әбден мүмкін.

Украина дағдарысына байланысты Байден шұғыл мәлімдеме жасады. Ол Ресейдің агрессор екенін атап өтіп, бұрын-соңды болмаған санкциялар салатынын ескертті. Ресейді қаржылық және экономикалық тұрғыдан оқшаулау іске аспақ.

Ресми Киев Ресейдің қазіргі әрекеттерін «арандату және соғысқа сылтау іздеп, жоқ жерден себеп табу» деп атады. Өз кезегінде Донбассқа ешқандай әскери операцияның дайындалып жатпағанын айтты.

Асхат Қасенғали 

Abai.kz

48 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407