Құлқыны қапас қоғамдық кесел
28.09.12.
Алла Тағала адамдарды өзге мақлұқтардан асырып, өзінің ұлы нығметтерінің бірі ақылды беріп, өзімізді пәк ұстап, харамнан сақтануымызды бұйырған. Бірақ, өкінішке қарай, бүгінгі қоғамда осы ұстаным жүзеге асып жатыр ма? Жоқ. Тіпті, адамзаттың өз-өзіне, өз денсаулығына қастандық қылуы күн өткен сайын өрши түсуде. Бір сәт көшеге шығып жан-жағыңызға назар аударар болсаңыз, жоғарыда айтқан сөзіміздің шынайылығына көз жеткізеріңіз күмәнсіз. Бұғанасы бекімей жатып никотинге уланып, мыңдаған ісік ауруларын тудыратын түтінді құмарлана тартушылар хайуан қылатын ащы суды сіміріп, жанұясын бақытсыз еткендер және есірткіні бар мүлкін сатып, өмірін түнекке айналдырған нашақорлар күн санап, өсіп келе жатыр. Әлемдердің Раббысы бұл турасында қасиетті Құран Кәрімде «Ниса» сүресінің 29-аятында былай дейді: «Өздеріңді-өздерің өлтірмеңдер!»
Қазіргі дамыған медицина темекі шегудің адамды «баяу өлімге» алып баратын бірден-бір зиянды зат екенін айтып, әрбір тал темекі адам өмірін 12 минутқа қысқартатындығын анықтаған.
Қазақстанда қазіргі уақытта 6 миллионға жуық адам темекі шегеді екен. Оның басым бөлігі орта жастағы адамдар.

Темекі шегуші адамдар өзін ғана улап қоймай, қасындағы басқа адамдарды да улайтыны белгілі. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) қасиетті сөздерінде айтылғандай, адам өз денсаулығын қорғауға, оны бұзып, уландыратын әр нәрседен аулақ болуға міндетті еді.
Алла Тағала айтады: «Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық қылулары үшін жараттым» (Зәрият: 56). Сондай-ақ Алла Тағала айтады: «(Мұхаммед ғ.с.) «Күдіксіз Раббым жария, жасырын арсыздықты, (өзіне жасаған) орынсыз озбырлықты... харам қылды» де» (Ағраф: 33).
Өкінішке қарай, бүгінгі күні көптеген мұсылмандар Ислам дінінің шылым шегуге тыйым салғанын түсінбейді немесе түсінуге тырыспайды. Олар темекі шегу харам етілгені жөнінде Құран мен Сүннетте ешқандай дәлел келтірілмегенін алға тартады. Рас, ондай тікелей тыйым жоқ. Бірақ Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне сүйене отырып, темекінің тыйым салынған зиянды әдет түрі екенін түсіне аламыз.
Темекінің зияндылығының негізін оның құрамындағы көптеген қатерлі элементтерден түзелетіндігінен байқауға болады. Темекі түтінінде 4000-ға жуық химиялық зат бар екендігі анықталып отыр. Оның бірде-бірі адам ағзасына пайдалы емес, барлығы бірдей залал. Оның ішінде никотин, шайыр, көміртегі тотығы және кансереген секілді заттардың зардабы аса ауыр болып келеді. 100 мг. никотинді бірден қабылдаған адам өледі. Бұл никотин мөлшерін екі қорап темекіден алуға болады. Әрине, екі қорап темекі шеккен адам өле қоймайды. Өйткені ол оның бәрін бір сәтте қабылдап үлгермейді. Адам оны күні бойы шегеді. Сондықтан улана қоймайды.
Тек бір тал темекі тартқан адамның бүйрегіндегі бездерден арденалин және норадреналин деп аталатын гармондардың бұзылуы басталады. Асқазанның қышқыл сұйықтығы (запыран) артады. Адамның тыныс алуы тездейді. Жүрек соғу жиілеп, оның қалыптан артық жұмыс істеуіне алып келеді. Қан қысымы артады. Міне, мұның бәрі бір тал темекідегі никотиннің әсерінен болған жайттар. Мұның соңы адамды аса қауіпті асқынған ауруға душар етуі әбден мүмкін.
Балалар - біздің болашағымыз. Дені сау ұрпақ өсіру, тәрбиелеу қазіргі кезде біздерге жүктелген үлкен міндет. Сол үшін барлық азаматтар дені сау ұрпақ қамын ойлап, өз үлесін қосуы керек!
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сахабаларының бірі: «Шындығында, Алла ақталу мен сылтауды емес, тәубені ғана қабыл етеді» деп айтқан екен.
Алла Тағала айтады: «...кім Раббынан насихат келгенде (күнәсінен) тыйылса, оның өткен күнәсі кешіріледі» (Бақара: 275).
Көзімізді ашып, келер ұрпаққа үлгі болайық!
Кенжеәлі қажы
Қоңыратпайұлы Мырзабай,
«Тастақ» мешітінің бас имамы,
Алматы қаласы
"Айқын" газеті