Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6751 0 пікір 28 Қыркүйек, 2012 сағат 12:56

Халық талабы – әдiлеттiлiк

Қазақстан Республикасының   президентi Н.Ә.Назарбаевқа 2011 жылдың 16-17 желтоқсан күндерi Жаңаөзен мен Шетпеде жәбiр көрген, жапа шеккен мұнайшылар мен қала тұрғындары атынан

АШЫҚ ХАТ

2011 жылдың 16 желтоқсан күнi сағат 10.00-шамасында қала әкiмшiлiгiнiң тапсырмасы бойынша, тәуелсiздiктiң 20 жылдығына орай, мерекелiк шеру басталды. Жұрт мүлде күтпеген бұл шеру кезiнде полиция қызметкерлерi еңбек дауымен тұрған мыңдаған мұнайшы азаматтарға қарсы арандатушылық әрекеттерiн жасады. 7 ай бойы еңбек­ақы мәселесi бойынша жұмыс берушi­лерге талап қойып, бейбiт түрде наразылық танытқан мұнайшыларды алаңнан кетiрудiң осындай қитұрқы тәсiлiн қолданды. Арандатушылықтың соңы қантөгiске ұласты. Автоматпен, тапаншамен, сондай-ақ таяқпен қаруланған iшкi iстер қызметкерлерi сағат ертеңгi 11-лер шамасында қарапайым халыққа ешқандай ескертусiз оқ жаудырды.

Полицияның суық қаруынан атылған оқтан құлап жатқан адамдарды көрiп халық жан-жаққа бас сауғалап қашты, ал полиция қызметкерлерi қатардан бөлiнiп шығып қашып бара жатқан адамдарды қуып жүрiп атты, оқты қарша боратты.

Полицияның бейбiт халыққа атыс қаруын заңсыз қолдануының салдарынан 100-ден аса адам аяғынан, қолынан, мойнынан, кеудесiнен, жамбасынан жарақат алды. 16 адам қаза болды.

Қазақстан Республикасының   президентi Н.Ә.Назарбаевқа 2011 жылдың 16-17 желтоқсан күндерi Жаңаөзен мен Шетпеде жәбiр көрген, жапа шеккен мұнайшылар мен қала тұрғындары атынан

АШЫҚ ХАТ

2011 жылдың 16 желтоқсан күнi сағат 10.00-шамасында қала әкiмшiлiгiнiң тапсырмасы бойынша, тәуелсiздiктiң 20 жылдығына орай, мерекелiк шеру басталды. Жұрт мүлде күтпеген бұл шеру кезiнде полиция қызметкерлерi еңбек дауымен тұрған мыңдаған мұнайшы азаматтарға қарсы арандатушылық әрекеттерiн жасады. 7 ай бойы еңбек­ақы мәселесi бойынша жұмыс берушi­лерге талап қойып, бейбiт түрде наразылық танытқан мұнайшыларды алаңнан кетiрудiң осындай қитұрқы тәсiлiн қолданды. Арандатушылықтың соңы қантөгiске ұласты. Автоматпен, тапаншамен, сондай-ақ таяқпен қаруланған iшкi iстер қызметкерлерi сағат ертеңгi 11-лер шамасында қарапайым халыққа ешқандай ескертусiз оқ жаудырды.

Полицияның суық қаруынан атылған оқтан құлап жатқан адамдарды көрiп халық жан-жаққа бас сауғалап қашты, ал полиция қызметкерлерi қатардан бөлiнiп шығып қашып бара жатқан адамдарды қуып жүрiп атты, оқты қарша боратты.

Полицияның бейбiт халыққа атыс қаруын заңсыз қолдануының салдарынан 100-ден аса адам аяғынан, қолынан, мойнынан, кеудесiнен, жамбасынан жарақат алды. 16 адам қаза болды.

Халыққа атыс қаруын заңсыз қолдануды тоқтату жөнiнде облыс, қала басшылары тарапынан ешқандай бұйрық болмаған.

Халықты жаппай қыруға жүзден астам полиция қызметкерлерi қатысты. Солардың iшiнен тек қана бес полицияны кiнәлi деп тауып, оларды ҚР Қылмыстық кодексiнiң 308- бабы, 4-бөлiгiмен соттады. Ал әдiлдiгiне келетiн болсақ, бұл полицейлер - нағыз кiсi өлтiрушiлер. Яғни, бұлар қасақана адам өлтiру бабымен сотталуы керек едi.

9 адамның қазасы қай полицияның қа­р­уынан атылған оқтан болғаны белгiсiз күйiнде қалды. Сондай-ақ 97 адамды автоматпен атып жаралаған полиция қызметкерлерiнiң кiмдер екенi де анықталмады. Өздерi жасаған қылмысты өздерi қалай ашсын. Мұның бәрi - ату да, соттау да жоғарыдан болған бұйрықпен жасалып жатқанын халық бiледi.

Сот процесi оқиға орны - Жаңаөзен мен Шетпеде өтуi керек едi. Сот Ақтау қаласында өттi. Не себептi қарапайым халықты Ақтау қаласына шұбыртты? Бiздер - жәбiрлену­шiлер бiр ай көлемiнде Ақтау қаласына - 160 шақырым жерге күнде қатынап әлек болдық. Көптеген жәбiрленушiлер сотқа толық қатыса алмады. Өйткенi күнде қатынауға жол қаражаты жетпедi.

Қазақстан өкiметi бұл қанды оқиғаға қашан әдiл баға берер екен? Халықты жерге қарату, жүрегiн ауырту, көңiлiн қалдыру, сенiмiн өшiру қашанға дейiн жалғасар екен? Жаңаөзенде болған қанды оқиғаны, сiлкiнiстi бұзақылыққа емес, ерлiкке теңеген болар едiк. Неге бiз жасқанып, табанға жазықсыз тапталып өтуге тиiстiмiз? Сөзiңдi жергiлiктi билiк тыңдамаса, жазған арызыңды жоғарғы билiкке жеткiзбесе, астынан сыз өтiп, төбесiнен күн тесiп аштық жарияласа да, жоғарыдан көретiн көз болмаса, адам басымен арам өлу керек пе? Мал екеш мал да өлерiнде тұяқ серпiп барып өлмей ме? Жаңаөзендегi қанды оқиғаны тұяқ серпу деп бiлемiз.

Халыққа оқ ату - қаныпезерлiк! Құдайдың екiншi аты - халық емес пе?! Қолында күшi, заңы бар билiк неге жазықсыз бейбiт халыққа оқ атты? Қазiргi таңда Желтоқсан оқиғасында жазықсыз бейбiт халықтың қаны төгiлуiне, өлiмiне себепшi болған басшылар - Қ.Көшербаев, облыстық Iшкi iстер депар­таментiнiң бастығы А.Қабылов, қалалық iшкi iстер басқармасының басшылары М.Қожаев, У.Мылтықов, А.Өтешов, Өзенмұнайгаз директоры К.Ешманов және Мирошников еркiн­дiкте жүр. Олардың қылмыс­қа тартылып сотталмауы жәбiрленушi халықтың қабырғасына батып, ыза-кегiн одан бетер күшейтуде, кiнәлi тұлғалар ҚК-нiң 164-бабы бойынша жауапқа тартылып, тиiстi жазасын алып сотталмаса, бұның арты жақсылыққа апармайды. Қайтадан қантөгiс болатынын қаперi­ңiзге беремiз. Бұл - бiздiң бiрiншi талабымыз.

Екiншi талабымыз: ереуiл­ге өз мүдделерiн әдiлдiк жолында қорғап шыққан, жазықсыз қамалып сотталған мұ­найшылар мен Жаңаөзен, Шетпе азаматтары - Досмағанбетов Мақсат, Жүсiпов Қанат, Жарылғасынов Нарын, Өткiлов Шабдол, Қалиев Таңат, Төлетаева Роза, Сақтағанов Талғат, Бесмағанбетов Жарас, Аманов Марат, Едилов Қанат, Қосбармақов Мұрат, Непесов Бауыржан, Асқарұлы Нұрлан, Авезов Хошмұрат, Мамедов Ержан, Бауыржан Ғабиден, Сәуiрбаев Нұрболат ақталсын, түрмеден босатылсын. Оларға тергеу кезiнде қысым көрсетiлiп, негiзсiз, дәлелсiз қылмыстық iс қозғалғаны, айып таққаны сотта дәлелдендi, халықтың оған көзi жеттi.

Үшiншi талабымыз: жетi ай бойы еңбек дауымен тұрған мыңдаған азаматтарға өздерiнiң құқықтарын қорғау жолында көмек көрсеткен А.Әминов, В.Козлов, С.Сапарғали ҚР Қылмыстық кодексiнiң 164-iншi және     170-баптары­мен айыпталып, сотқа тартылды. Бұл - бiздiң елдiгiмiзге және азаматтығымызға үлкен сын. Нағыз халық жанашырларын өз қолымызбен тұншықтырудамыз. Осы айтылған азаматтарды дереу сот залынан босатуды талап етемiз.

Төртiншi талабымыз: 2011 жылдың 16-17 желтоқсан күндерi Жаңаөзен қаласындағы жазықсыз халыққа оқ атуды тоқтатуды сұрап көшеге шыққан Шетпе халқына да оқ жаудырылған болатын. Соның салдарынан Төлегенов Төребек Жәнiбекұлы оққа ұшты, қаза болды. Көптеген азаматтар ауыр дене жарақатын алды. Қанша адамның жарақат ал­ғаны жөнiнде ресми дерек тағы жоқ. Аудан әкiмi Қ.Боқанов осы оқиғаның барлығын жасырып бақты. Шетпе кентiне қарулы әскер кiргiзiп халықты атқызуға бұйрық берген барлық кiнәлi адамдар анықталып, жазалануы тиiс.

Бесiншi талабымыз: полиция оғынан қаза тапқандардың отбасына берiлген 1 миллион теңге, жараланғандарға бөлiнген 500 мың теңге мүлде лайықты емес. Азаматтардың өмiрiнiң, төгiлген қанның құнын бұлайша есептегенiне наразымыз. Қайтыс болғандар әулетiнiң асыраушысы едi. Ендi олардың ата-анасын, әйелiн, балаларын кiм бағады? Үкiметтiң жарылқадық, бердiк деген теңгесi өлiм-жiтiмдi атқарумен-ақ түгесiлдi. Жараланғандардың емделiп, жазылуына, қалыпқа келуiне әлгi қаражат жетпейдi. Таяуда Астанада құлаған тiкұшақтың қайтыс болған ұшқыштары мен Сiздiң күзетiңiздiң адамына Жаңаөзендiктерге аталғаннан 8 есе көп қаржы бердi емес пе? Ол дұрыс та шығар, бiрақ бiздi кемсiткендей көрiнетiнiн өзiңiз де сезерсiз. Арнайы қор құрылды, жәрдем­десемiз деген облыс әкiмi Б.Мұхамеджановтың сөзi желге ұшты. Шетпедегi жәбiр­ленушi азаматтардың бiрде-бiреуiне жәр­дем­ақы әлi күнге дейiн берiлген жоқ. Осы мәселенiң әдiлеттi шешiлуiне, қайта қара­луына тапсырма берiңiз. Жазықсыз құрбан бол­ған бауырларымызға "Тәуелсiздiк" алаңында ескерткiш тұрғызу керек деп есеп­теймiз.

Бiздiң бес талабымыздың әдiл екенiн түсiнедi және оны қанағаттандырады деп сенемiз.

Қол қойғандар - Р.Iзтұрғанова, Т.Амангелдиев, Т.Бисенғалиев, Х.Дүйсекенов, Т.Тұрғанбаев, I.Үтенов, Е.Ерсариев, А.Қожахметов, А.Сарыев, А.Таласбеков, Ж.Төлегенов, Қ.Досбергенов, О.Сабыт, А.Суанова, Т.Құлжанов, Е.Балтаев, К.Нұрманов, А.Юсупов, О.Байжан, М.Құрбанбаев, Н.Сүйiнбеков және т.б. (Хатқа барлығы 275 адам  қол қойған).

"Жас Алаш" газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036