Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4743 0 пікір 1 Қазан, 2012 сағат 07:14

Хасан Оралтайдың Шерхан Мұртаза турасында айтқаны

Шерхан Мұртаза ұлттық сана сезімі бар жігерлі бір азаматтың батыл әрекет-шараларымен көп іс тындыратынын дәлелдеген тұлғалардың бірі. Бұл Қазақстанның өзінде онша көзге түспеуі мүмкін. Шеттен, Қазақстандағы барлық жағдайды жіті қадағалаумен өмір өткізген біздерге ол айқын көрінетін. Мәселен, Шерхан Мұртаза бас реадктор болғаннан кейін, бұрынғысымен салыстырғанда «Жұлдыз» журналы мүлдем өзгерді. Одан ол «Қазақ әдебиеті» газетінің басына келді. Ол да бұрынғысынан әлдеқайда жақсарып баяғы коммунистік догммадан ұлттық мүддені қорғауға тырысатын  бағытқа көшті. «Қазақ әдебиеті» газетінің сол кезде бізге ұнағаны соншалық, мен оның жарнамасын да радиодан бергіздім («Азаттық» радиосының ережесі бойынша, ондай жарнама жасауға болмайды. Бірақ менің ұлтшылдық сезімім ол ережені аттап өткен-ді).

Шерхан Мұртаза «Социалистік Қазақстан» газетіне бас редактор болып тағайындалып, оның атын «Егеменді Қазақстанға» айналдырғанға дейін де, газеттің атынан басқа бет-бейнесін елеулі түрде қазаққа бұрып үлгерген-ді. Алайда ол кезде Алматыдан шығатын басқа газеттердің бағыты баяғы қасарысқан бетімен кетуде болатын.

Шерхан Мұртаза өзінің ұлтжандылық жігерін Қазақстанның радио-теледидар істерінің жалпы бастығы болған кезінде де анық байқатты. Оның ол игілікті бағыты орыстар мен «орыстасқан» қазақтарға және кей шетелдіктерге ұнамаған-ды. 1992 жылдың аяғында және одан кейін Алматыға барғанымда, әлгі шала қазақтардың бірқатары: «Шерхан Мұртаза Қазақстан теледидарын өлтірді», - деп шағымдай бастағанда:

- Шерхан советтік Қазақстанның орыстасқан теледидарын «өлтірсе» тәуелсіз Қазақстанның қазақтасу бағытына көшкен теледидарын қаз тұрғызуға тырысуда шығар, - деп жауап қайтардым.

Шерхан Мұртазаны менімен жеке әңгімесі кезінде АҚШ-тың Алматыдағы бас елшісі Ульям Кортни де бірнеше рет сынап, маған Шерханға қарсы «Азаттық» радиосының қазақша программаларында мәселе көтеріңіз, - деген ұсыныс айтты. АҚШ елшісі оны сынағанда «Теледидардың барлық программаларын қазақшаға айналдыруда. Сол үшін Қазақстан жұртшылығы Қазақстан теледидарына қарамай Ресей теледидарына қарайтын болды», - деді. Америка елшісінің: «Шерхан Мұртаза барлық теледидар программасын қазақшаға айналдыруда» дегені менім үшін қуанышты хабар еді. Сол үшінде «Азаттық» радиосы қазақ бөлімі программаларында АҚШ елшісі айтқандай Шерхан Мұртазаны сынатпадым. Керісінше оның ұластырып отырған бағытының дұрыс екенін айттырдым.

Шерхан Мұртазаның Қарағандыдағы бір «шала қазақты» орынынан алуына байланысты көтерілген шу кезінде, АЗАТ қозғалысының төрағасы Сәбетқазы Ақатайды сөйлетіп, «бұл істе барлық қазақ Шерхан Мұртазаның жанында. Оның бағытын қалтқысыз қостайды», - деген сөзін «Азаттық» радиосынан сан рет қайталатып, жұртшылық назарына ұсынғанбыз.

(Хасан Оралтай. «Елімай-лап өткен өмір» 391-392 беттер)

Редакциядан:

Ғұмырының соңына дейін қазақтың азат ойлы, еркін халық болып өмір сүруіне білімі мен білігін, күш-жігерін, көрген-түйгенін сарқа жұмсаған ғазиз ағамыз, марқұм Хасан Оралтайдың жоғарыда айтқан сөздерінің бәрінде тағы бір ұлтшыл күрескер, жазушы, публицист, баспасөз ісінің асқан білгірі, қайраткер Шерхан Мұртазаны зау биігінде танудың үлкен тынысы бар.  Хасан ақсақал арамызда болса, Шерхандай заңғар замандасы туралы тағыда кесек толғанар еді. Әйткенменде сөзі қалды. Хасан Оралтайдың  Шерхан Мұртаза турасында айтқан заманалар тоздыра алмас сөзін қайталай бере отырып, сексен жастың сеңгіріне шыққан мерейтой иесіне алғаусыз тілегімізді білдіреміз.

Шераға, сіздің баспасөз майданында ұстанған бағытыңыз бізге темірқазық жұлдызындай мұратты жолымызды сілтеп тұрады. Бір кезде сіз «Қазақстан» арнасын толықтай қазақтілді арна жасағыңыз келді. Ол ісіңізге жарлы-жақыбай, жалаңбұттар түгелімен жарбаңдап қарсы шықты. Тіпті сол уақыттағы АҚШ елшісінің сөзі анау. Міне, араға біраз жыл салып «Қазақстан» арнасының дерлік мемлекеттік тілге көшу керек екендігін биліктің өзі амалсыз мойындады. Біз сізді қазақ баспасөзінің реформатор тұлғасы деп білеміз. Аман-сау жүріңіз. Алдағы күндер сізді қазақтың мерейі үстем бола түскен сәттерімен қуантсын.

«Аbai.kz» ақпараттық порталының ұжымы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290