Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2841 0 пікір 1 Қазан, 2012 сағат 14:39

АРЫН САТПАҒАН АҚЖҮРЕК ЕЛІНІҢ АР-ОЖДАНЫНА АЙНАЛДЫ

Бірен-саран БАҚ бетінде «Таңа­таровтың құлағын тістеп алыпты, оны ақшаға сатып алғысы келіпті», - деген сөздер жылт-жылт еткен. Сол оқиға­лардың анық-қанығын білу мақса­тында даңқты балуанды іздегенбіз. Әңгіме­лесудің де сәті түсті.     
Күллі қазақ жұрты оң жамбасымызға келетін еркін күрестен жүлдесіз қаламыз ба деп қамыға бастаған сәтте Ақжүрек Таңатаров алмас қылыштай жарқ етіп, жүлдені жұлып алды. Ұлт намысын жеке мүддеден анағұрлым биік қоятын батыр ұлдың мысын басып, жауырынын жер иіскету екінің бірінің қолынан келе бер­мейді, әрине. Қолынан келмеген соң бо­лар, қоныштан басудың да оңтайлы қи-сы­нын іздеу керек. Сондай спорт «сау­да­­герлері» мұның да алдын ораған. Армян­дар екен. Ойлары Таңатаровты на­рық­тың тауарындай сатып алмақ екен.

Бірен-саран БАҚ бетінде «Таңа­таровтың құлағын тістеп алыпты, оны ақшаға сатып алғысы келіпті», - деген сөздер жылт-жылт еткен. Сол оқиға­лардың анық-қанығын білу мақса­тында даңқты балуанды іздегенбіз. Әңгіме­лесудің де сәті түсті.     
Күллі қазақ жұрты оң жамбасымызға келетін еркін күрестен жүлдесіз қаламыз ба деп қамыға бастаған сәтте Ақжүрек Таңатаров алмас қылыштай жарқ етіп, жүлдені жұлып алды. Ұлт намысын жеке мүддеден анағұрлым биік қоятын батыр ұлдың мысын басып, жауырынын жер иіскету екінің бірінің қолынан келе бер­мейді, әрине. Қолынан келмеген соң бо­лар, қоныштан басудың да оңтайлы қи-сы­нын іздеу керек. Сондай спорт «сау­да­­герлері» мұның да алдын ораған. Армян­дар екен. Ойлары Таңатаровты на­рық­тың тауарындай сатып алмақ екен.
- Лондон кілеміндегі алғашқы кез­десуімде украин балуаны Андрей Квят­ковскийді жеңгеннен кейін келесі жекпе-жекте армян Сафарьянмен белде­сетінім айқындалды. Қарсыласым белгілі бола салысымен Армения күресінің ұршы­ғын иіріп тұрған мамандар бапкерім екеумізді жағалай бастады. Армяндар жай келмепті, менімен алдағы кезде­суді саудалауға келіпті. Бастапқыда олар менің мысымды баспақ ниетпен пси­хологиялық шабуыл жасаған болар деп топшыладым. Сөйтіп белдесуімді қан­шаға бағалайтындарын сұрап көріп едім, 50 мың АҚШ долларын санап беруге дайын екендіктерін айтты. Мен өздеріне қарсы психологиялық шабуыл жасап, «50 мың доллар аздық ететінін, егер оны ұтып жартылай финалға шығар болсам, финалға берілер жолдаманы 100-150 мың долларға сатып жібере алатынымды» сөз еттім. Сөзімнен сес алған болуы керек, олар қайта айналып келіп, менің жеңілісім үшін 100 мың доллар санап беретіндерін жеткізді. Осыдан кейін олардың мені жеңе алмайтынына көзім жетті. Сол сәтте намыстан күйіп кете жаздадым. Сәл үнсіз тұрдым да әлгілерге: «Мен мемлекеттің намысы, елдің елдігі сыналатын сәтте миллион доллар ұсынсаңдар да жеңісті қолдан бермеймін. Ақшаға сатылатын легионер емеспін. Қазақ елінің азаматымын. Мықты болсаңдар бозкілемде жығыңдар», - деп жауап бердім.
Ақшадан бас тартқан екенмін, енді әділ белдесуде қалайда жеңуім керек деп өз-өзімді қамшыладым. Нәтижесінде жеңіс менің пайдама шешілгені белгілі. Одан кейінгі жартылай финалдағы үнді балуаны Сушил Кумармен болған кездесудегі әділетсіздікке төрешілердің көз жұма қарағанын білесіздер, - дейді  Ақжүрек мәсе­ленің мәнісін түсіндіріп.
Олимпиададан кейін аз-маз демалыс алған даңқты ұл осылайша ұлт намысы таразы басына түскенде өзінің кім екенін байқатты. Өр рухты Құланның құлжасы қарсыласына кеткен есені келесі Олимпиадада еселеп қайтарарына сенімді. Бұдан былай 66 емес, 74 келі салмақ дәрежесінде сынға түскелі отырған Таңатаровтың таңы да арайлы болмақ. Оған өзі де сендірді. «Кез келген қарсыласымнан қаймықпаймын. Жеңісті қолдан беру менің табиғатыма тән емес. Бозкілемде барымды салам. Арманым - Рио Олимпиадасында алтыннан алқа тағыну», - дейді күллі қазақ халқының мақтанына айналып үлгерген Ақжүрек ұл.
Рио-де-Жанейроға дейін қай­да?!! «Қайда-а-а-а!!!», - дейміз. Кейде сол төрт жылың төрт күндей болып өте шығатыны тағы бар. Алайда Атланта Олимпиадасындағы Мәулен Мамыровтың ерлігін араға 12 жыл салып барып қайталаған қазақтың намысты да қайсар ұлы А.Таңатаров өз сөзінен мүлт кетпейді деп сенейік. Ол сол Бразилияда өтетін дүбірлі додада еркін күрестен бүкіл алаш елі өмір бойы күткен алтын жүлдені қанжығаға байлап қайтар деген сенім бар екенін қалай жасырамыз.
«№7 күрес мектебі еркін күрес спорты үшін қолайсыз. Қуықтай ғана. Мұндай залда шынығу тым қиын. Халықаралық талап бойынша залдың биіктігі 15 метр болуы керек. Ал күрес мектебі ондай стандартқа сай емес. Сондықтан жағдай жасалмаса да төбесі биік қазіргі спорт залға көшіп келдік. Жалпы мені еркін күреске жағдайдың аз жасалатынын қынжылтады. Бізде бокс сарайы бар. Күреске арналған кешен жоқ», - деп қалды Олимпиада жүлдегері қайбір күні. Асықтай ұлдардың абыройы артып, ел намысын қиындықсыз қорғауы үшін сол жағдай жасалса, нұр үстіне нұр-ау. Жай кешенді былай қойып, қазір бір облыс қана емес, ел мақтанына айналған азаматына арнап А.Таңатаров атындағы күрес кешенін салып, ел игілігіне арнаса, қаншама болашақ Олимпиада жүлдегерлері тәр­бие­леніп шығар еді деген арман біздегі. Орындалмайтын арман болушы ма еді...
Табиғат АБАИЛДАЕВ
Жамбыл облысы

"Халық сөзі" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349