Жексенбі, 24 Қараша 2024
Ел іші... 3103 27 пікір 18 Наурыз, 2022 сағат 14:54

Жаңа партиялар құрыла ма?..

Президент Тоқаев 16 наурызда халыққа саяси реформаларын таныстырды. Реформада ендігі таңда партия құрудың оңай болатыны айтылды. Нақтылап айтқанда енді партия құру үшін 20 мың қол емес, 5 мың қол жеткілікті. Бұл өзгеріс саяси сахнаға көптеген жаңа партиялардың шығуына ықпал етуі мүмкін. Қоғамда партия құрғысы келетін жандар жетерлік. 

2020 жылы кәсіпкер Ахметбек Нұрсила «Сен» атты партия құратынын жариялаған болатын. Ол бұл туралы өзінің Фейсбук парақшасында жазған.

«Мен саясаткер емеспін. Бірақ, өзімді оқығаным, тоқығаным, өмірден, экономикадан тәжірибесі бар адаммын деп санаймын. Оқығаным, білгенімді халықтың игілігіне жарату үшін депутаттыққа барсам деген ойым бар. Мен партия құрсам мені қанша адам қолдайды деп ойлайсыздар? Сіз қолдайсыз ба? Егер де шынымен халық қолдаса, онда мен бел шешіп кірісемін», – деп жазған болатын.

Артынша бірнеше сұхбатта партияны қолдауға дайын 100 мың адам барын да айтты. Дегенмен кейін бұл тақырып жайлы қозғамады.

Ахметбек Нұрсила партия құра ала ма?

Азаматхан Әміртай да партия құруды мақсат тұтып жүрген жандардың бірі. Ол экология бағытындағы партия құрылу керек деп санайды. Жақында ол «Байтақ» халықтық экологиялық партиясын құруға талпынып, Әділет министрлігіне құжаттары өткізілгенін мәлімдеді.

«Бастамашыл топ болып барлық құжатты жақсылап қарап, тапсырдық. Елімізге экология бағытындағы партия керек», – деді ол.

Амиртаев Азаматхан Сайлауович биография - ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Партиясын тіркете алмай жүргендердің бірі – Тоғжан Қожалы. Ол «ХАҚ» атты партия құруды мақсат етуде.

«Біз «ХАҚ» партиясын құрғалы жатырмыз. Қазір соған дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ, біз оны әлі партия деп жарияламаймыз. Біздегі саясаткерлердің көбі қателік жібереді. Партия құрамыз деп жұртты жинап, пресс-конференция өткізеді. Бірақ, құрамыз деген сөзден басқа ештеңе жоқ. Не бағдарламасы жоқ, не жарғысы жоқ, не алдына қоятын мақсаттары мен жоспарлары жоқ. Сол қателікті қайталамас үшін біз қазір партияның бағдарламасы мен Жарғысын жасап жатырмыз. Біз партиямыз халыққа танымал болу үшін алдымен іспен дәлелдемекшіміз. Партияның ісі ел аузына іліге бастағанда партия құруға болады.

Біздің партияның артында тек қана өзіміз тұрмыз. Біз алаяқ, өзіндік көзқарасы жоқ адамдар емеспіз. Маған көп айтады, менің артымда қайынағам Бекболат Тілеуханов тұр,- деп. Өйткені келіндерімін ғой. Сатыпалды туралы бірінші рет естіп отырмын. Дариға да тұр деп те естимін. Халық саясаткер әйелге үйрене берсін деп Тоғжанға партия ашып беріпті-мыс. Мен Тимур Құлыбаевта сегіз жыл жұмыс істедім. Сондықтан, Құлыбаевтың да партиясы деп айтады. Дархан Кәлетаевпен түскен суреттеріме қарап, Тоқаевтың немесе АП-ның проектысы деп те айтады. Біз туралы аңыздар көп. Мұхамеджан Тазабеков туысқанымыз. Ол кісілердің біздің партияға қатысы жоқ. Олардың көзқарастары бөлек. Менікі бөлек.Біз ешкімнің де жобасы емеспіз! Біз – Қазақстан халқының партиясымыз. Біздің девиз – халыққа Адал Қызмет. ХАҚ!», - деген еді 2019 жылы Тоғжан Қожалы бір сұхбатында. Алайда араға үш жыл салса да, партияны тіркету жағын реттей алмауда.

Тоғжан Қожалиева: Қоғам саясаттағы жаңа есімдерді көргісі келеді

Партия құруды мақсат тұтқандардың бірі – қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан. Жер мәселесін көтеріп жүрген ол «Жер қорғаны» атты партия құрмақ. Бұл туралы ол 16 наурыз күні өзінің Фейсбук парақшасында мәлімдеді.

«Достар, ағайын! Бүгіннен бастап мен жаңа саяси партияны құруға кірісемін. Нағыз саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырту үшін бүгінгі билік - яғни бүгінгі залында отырғандардың - Мәжіліс, Сенат және үкімет 80-90% сөзсіз ауысу керек.

Ол үшін біз - ел мен ұлт жанашырлары - жаңа партия құрып келесі сайлауда Нұр Отан-Аманат партиясын адал жарыста жеңіп - билікке келуіміз қажет!

Біздің жаңа саяси партиямыздың атауы ЖЕР ҚОРҒАНЫ болсын. Жер деген ұғым әр қазақ үшін қасиетті деп білем. Жерімізді қорғай алсақ ұрпақ үшін болашаққа жол ашамыз деген сөз.

Менің жанжақты ұстанымдарымды, пікірлерімді жақсы білесіздер деп ойлаймын. Егер менің саяси және экономикалық көзқарасымды қолдайтын болсаңыздар - бұл сілтемеге кіріп тіркеліңіздер!

Келесі сайлаудың нәтижесінде (бәлкім биыл) біздің партиямыздың белсенділеріміз парламент пен мүлдем жаңа үкіметте табылып Елімізге нағыз, өтірік емес, шынайы реформаны енгізетін боламыз», - деп жазды ол.

Мұхтар Тайжан: Ұлттық кеңес жұмысына атсалысуға дайынмын

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы да партия құруда ойлап отыр.

«Ақжүніс» әйелдер партиясын құрамын! Барлық қазақ әйелдері, бірігіңдер! Кім жаңа партия заңгері болғысы келеді, өз-өзіңізге, біліктілігіңізге сенімді болсаңыз, хабарласыңыз! 2-3 жыл бұрын қоғамдық бірлестігімді тіркейтін мекенжай таппай, қырық туыс, жүз досқа жалынып, «зияның тиеді, билік менің соңыма түсіп алады, қорқамын» деп, ешкім өз үйіне тіркегісі келмей, ақырында қолымды бір сілтеп қойған едім. Әйелдер партиясын пропискаға қоятын адам табыла ма екен?», - деп жазды ол өз парақшасына.

Сауле Абединова оказалась мошенницей? - QazWeek

Утильалым мәселесін көтеріп жүрген Санжар Боқаев «Намыс» атты партия құрды. Ол партиясын арнайы таныстырып, енді тіркеу жұмыстарымен жүр. 17 ақпанда өткен баспасөз мәслихатында Боқаев журналистерге партиясының бағытын таныстырып, негізгі міндеттерін атап көрсеткен болатын.

Санжар Бокаев объявил о создании партии Namys - Аналитический интернет-журнал Vласть

Abai.kz

27 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5615