Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 3602 3 пікір 28 Наурыз, 2022 сағат 14:55

Сіздерде бәрі орысша...

Кеше америкалық мұғаліммен әңгімелесіп отырып, бір сөзі жүрегіме қадалды... Бұл кісі бірнеше тіл біледі. Қалай үйренгенін бөлісіп, айтып беріп жатыр. Африка елдерінде ұстаздық қызметте істегенде, тек аудиторияда ағылшынша сөйлесеміз, сыртқа шықсам бәрі француз тілінде сөйлейді. Адамдармен араласу керек, қажет болған соң үйреніп алдым дейді. Қытайда бірнеше жыл жұмыс істедім. Ол жақта да тек сабақта ғана ағылшынша сөйлеймін, сыртта бәрі қытай тілінде сөйлеседі, қытай тілін үйреніп алдым дейді. Испанияда да тұрған, испан тілін біледі.

Қазақстанда жүргеніме 2 жылдан асты. Кафе-ресторанға, қыдыруға шыққанда бәрі орысша сөйлеседі. Орысша біраз сөздерді үйреніп алдым дейді. Бәсе, басында бұйымдардың бағасын "сколько" деп сұрады... Кейін, тек ағылшынша сөйлестік. Қазақша ештеңе білмейді. "Рақмет" деген сөзді үйретіп жібердік... Секен Тұрысбектің "Көңіл толқыны", Төлеген атамыздың "Салтанат" күйлерінің тарихын айтып, орындап бердім...

Жалпы, ұлттың күші - тілі мен жері. Әлсіздігіміз осы, өзге тұрмақ, өз арамызда басқаның тілін қолданамыз. Құстар сайрайды, бірақ, үрген немесе мияулаған құсты ешкім көрмеген шығар.

Абзал Молдабек

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1434
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3199
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5142